Ашық сабақ Сүтқоректі жануарлар 5сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Сүтқоректі жануарлар 5сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйірме мүшелеріне сүтқоректілердің сан алуандылығын, оларлың тіргішілігі туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың мерзімі: 20.02.2025ж.

Сабақтың тақырыбы:Сүтқоректі жануарлар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үйірме мүшелеріне сүтқоректілердің сан алуандығы, олардың тіршілігі туралы түсінік беру. Көзге түскен жануарларды бақылап жүруге баулу. Жануарлар жайлы қызықты материалдар жайлы мәлімет беру.

Дамытушылық: Үйірме мүшелерін шығармашылық ізденіске баулу, өз бетінше жұмыс істей білу, танымдылық логикалық қабілеттерін дамыту. Әсемдік талғамдарын қалыптастыру. Әртүрлі қызықты мәліметтер бере отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру, білімдерін шыңдау

Тәрбиелік.Үйірме мүшелерін жануарларды  қорғауға, оларға қамқорлық жасауға, табиғатты сүюге баулу, адамгершілікке,салауатты өмір салтын ұстануға, іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру,суретті жандандыру әдісі,аниматорларды сөйлету,тест жұмыстары әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер,тақырып,интерактивті тақта,шар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тәрбие бағыты.

ІІІ. Негізгі бөлім. Жаңа сабақ.

ІҮ. Қорытынды.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасып, балалардың сабаққа дайындығын тексеру. Балаларды түгелдеу.

Үй тапсырмасын сұрау.(аниматорлардың қойған сұрақтарына жауап беру).

1.Дүние жүзінде жануарлардың неше түрі бар.1,5млндай

2.Ауа райы суық және қоңыржай аймақтарда жануарлардың қыстың қолайсыз жағдайынан сақтануы.жануарлардың қыстап шығуы.

3.Жануарлардың тіршілік мекеніне қарай қанша топқа бөлінеді.2топқа

4.Жануарлардың жеке органдарының орган жүйелерінің және организмнің бітімі мен құрылысы туралы ғылымды қалай атаймыз.жануарлар анатомиясы.

5.Жануарлардың денесінің пішіні мен құрылысы олардың жекеше және тарихи эволюциялық дамуы туралы ғылым қалай аталады.жануарлар морфологиясы.

6. Қосмекенділерге қандай жануарлар жатады?

7.Жануарлар дүниесі денесіндегі жасушасына байланысты қанша тармаққа бөлінеді.2топқа.

8.Жер ғаламшарындағы тіршілік атаулыларды жүйелеудегі негізгі өлшем бірлік.түр.

9.  Үйде қандай жануарларды ұстаймыз?        

10.Дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер.жануарлар.

ІІ. Тәрбие бағыты.

Табиғатты аялайық.

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек.

Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Табиғатты қорғау, сақтау қазіргі жастардың қолында. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені адам баласы табиғаттың тіршілігінде өсіп - өніп, жетілген. Табиғат - ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Қазіргі табиғаттың ластануы үлкен - мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда.

Табиғат - сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап, ластануда соның салдарынан адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. "Бір тал кессең, он тал ек", "Жер құтты болса, мал сүтті болады"- демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал, жасыл желек. Егер осы мәселе қаралмай қала берсе төңірек ластанып кетеді. Мен өзімнің туған өлкеме қарағай, шырша, терек т. б. ағаш түрлерін ексе екен, - деймін. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты ластамай қорғауымыз керек.

ІІІ. Негізгі бөлім. Жаңа сабақ.

Сергіту сәті. Лобиринт.Әр топ тақтаға шығып лабиринтті жолдардан шариктерін алып өту керек.

Сүтқоректілер (лат. Mammalia) – жануарлардың хордалылар типіне жататын, құрылысы жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар класы. Сүтқоректілерге ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5000-ға жуық түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олар түрлі табиғи орта жағдайларында (суда, аспанда ұшып жүріп, жер астында, құрлықта, ағаш басында) тіршілік етеді. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласын «маммалогия» (лат. «маммалис» - емшек+гр. «логос» - ғылым), кейде «териология» (грекше «терион» - аң, + «логос» - ғылым) деп те атайды. Алайда олар әр түрлі ортада – құрлықта болсын, суда болсын, ауада болсын – кез келген жағдайда, кез келген климатта өмір сүруге бейім келеді. Олардың миы (дене мүшелерінің өзгелеріне қарғанда) басқа жануарлармен салыстырғанда үлкен болады. Сүтқоректілер қатарынан құрлық пен теңіздің ең үлкен жануарлары – мұхитта киттер және құрлықта пілдер болып табылады.

Жалпы сипаттамасы

Омыртқалылар эволюциясында Сүтқоректілердің

  • бас сүйегінің құрылысы жеңілдей түскен және ол ауыз омыртқамен берік жалғасқан;

  • тістері мен аяқтары жетіле түскен;

  • дене температурасы біркелкі тұрақты;

  • жүрегі 4 камералы;

  • қан қызыл түйіршіктерінің жетілгендері ядросыз;

  • есіту аппараты ішкі, ортаңғы, сыртқы құлақтан тұрады, көбінің құлақ қалқаншасы жақсы дамыған.

  • Күрек тіс, ит тіс, азу алды және азу тістері болады, азу тістерінен басқасы бір рет (кейде бірнеше рет) алмасады.

Сүтқоректілердің пайда болуы

Сүтқоректілер Жер бетінде бұдан 200 млн. жыл бұрын пайда болған. Сүтқоректілердің арғы тегі пермде тіршілік еткен аңтісті қарапайым ұсақ бауырымен жорғалаушылар (Theriodontia). Алғашқы Сүтқоректілердің қалдықтары жоғарғы триас жыныстарынан табылған. Олар бор кезеңінің аяқ шенінде жойылып кеткен. Көпбұдыртістілер (Multituberculata) мен біртесіктілер осы кезде тіршілік еткен. Юра кезеңінде пантотерийлер пайда болып, бұлардан нағыз аңдар (Theria) шыққан, олар қалталылар мен ұрықжолдасты жануарлардың негізі болды.

Денесінің құрылысы

Олардың тұрқы 4 см, салмағы 1,2 грамдық, сондай-ақ тұрқы 33 м, салмағы 150 тонна тартатындары да бар. Денесі түкпен қапталған, алдыңғы ми сыңарларының сыртында ми қыртысы жақсы дамыған.

Тері жабыны

Сүтқоректілердің тері жабыны басқа омыртқалыларға ұқсас екі қабаттан тұрады. Теріде май, тер, сүт, иіс шығаратын бездері болады. Түк, мүйізді тырнақ, мүйіз және тұяқтар - терінің қосалқы бөлімдеріне жатады. Тері бездері мен тер бездері зат алмасуын, дене температурасын реттейді және тері бездерінің иісті затының жауынан қорғануда, үйірге түскенде бірін-бірі табуда, еліктетуде маңызы үлкен.

Экологиялық топтары

Сүтқоректілер басқа жануарлармен салыстырғанда түрлі табиғи орта жағдайларын жақсы бейімделген. Жер шарында кеңінен таралған. Олар құрлықта, ауада, ағаш басында, жер астында, түрлі су айдындарында тіршілік етеді. Әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуіне байланысты сүтқоректілерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:

  • Құрлықты мекендейтін сүтқоректілер - Антарктидадан басқа құрлықтарда кеңінен таралған және көптеген түрлерді қамтиды. Олар ашық жерлерде, бұта мен ағаш арасында, кейде ағаш басында кездеседі. Ашық жерлерде саршұнақтар, суырлар, қосаяқтар мекендейді, Тұяқты сүтқоректілер: құлан, жолат, ақбө, қарақұйрық, арқарлар да құрлық аңдары. Бұта мен ағаш арасынан бұғы, бұлан, аю, сілеусін, бұлғындарды кездестіруге болады.

  • Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер - көртышқандар, соқыр-тышқандар, қалталы көртышқандар жатады. Олар тіршілігінің көп бөлігін жер астындағы індерінде өткізеді. Алдыңғы аяқтары мен күрек тістері жақсы жетілген. Топырақ арасындағы жәндіктермен қоректенеді.

  • Суда тіршілік ететін сүтқоректілердің тіршілігі тікелей сулы ортаға байланысты. Оған құндыздар, жұпартышқандар, ондатрлар, кәмшаттар, түлендер, киттер, дельфиндер жатады. Түлендер көбею, төлдеу кезінде ғана құрлыққа (су бетіндегі қатқан мұзға) шығады. Қалған уақытта суда тіршілік етеді. Киттердің барлық тіршілігі су ішінде өтеді.

  • Ұшатын сүтқоректілерге қолқанаттылар (жарқанаттар) жатады. Өте ұзын 2-5 саусақтарының арасында, денесінің екі қапталында жұқа терілі жарғағы болады. Олар жарғақты қанаттың көмегімен ауада өте жылдам ұшады.

Түрлері

Сүтқоректілер Жер шарында кең тараған. Сүтқоректілерге гоминидтер де жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілер класы 2 класс тармағынан: құрамында жұмыртқа салушылар отряды бар алғашқы аңдар класс тармағынан және құрамында қалталы жануарлар мен ұрықжолдастылар инфракласы бар нағыз аңдар класс тармағынан тұрады. Сүтқоректілердің 4,5 мыңнан астам түрі белгілі. Жылы қандылығы, ұрпағына қамқорлық жасауы, жоғарғы жүйке жүйесінің болуы сүтқоректілерге жер шарының Солтүстік полюсінен бастап, Антарктида жағалауларына дейінгі барлық жерді мекендеуге мүмкіндік берді. Қазақстанда сүтқоректілердің 8 отряды (жәндік жегіштер, қолқанаттыларкеміргіштер, қоянтәрізділер, жыртқыштаржұптұяқтылартақтұяқтылар және ескекаяқтылар), 31 тұқымдасы және 180-нен астам түрі кездеседі. Әсіресе, қосаяқаламантәрізділерқуысмүйізділержертесерлер, т.б. тұқымдастарының түрлері өте көп. Жеке жүріп (кірпіжертесерсусараю, т.б.), топталып (шақылдақ, сарышұнақ, суыр), табын, үйір болып (арқартаутекеақ бөкен) тіршілік етеді. Сүтқоректілердің кейбіреулері (суыр, үлкен құмтышқан, т.б.) қорегін күндіз, басқа түрлері (тоқалтіс, кейбір жыртқыштар, т.б.) іңірде не түнде, ал үшінші біреулері күндіз-түні аулайды. Аю, жанат, жанаттәрізді итборсық, т.б. қыста ұзақ ұйқыға кетеді. Көптеген сүтқоректілер (қарақұйрық, ақ бөкен, түлкіқасқыр, қолқанаттылар, т.б.) маусым сайын қоныс аударып отырады. Сүтқоректілердің көпшілігі жылына 1 рет, кейбір түрлері (кемірушілер, жәндікқоректілер, т.б.) 2 – 3 рет балалайды. Буаздық мерзімі де әр түрлі, мысалы, тышқантәрізділерде – 12 күн, борсық пен жылқыда – бір жылдай. Кейбіреулері 1 айда (сары тоқалтіс), ал кейбіреулері (құланмаралбұлан) жыныстық жағынан 2 жасында жетіледі. Тіршілік ету ұзақтығы 14 – 18 айдан (тоқалтіс) 20 – 30 жылға (бұлан, марал, жылқы) дейін созылады.

Сүтқоректілердің қорғау

Соңғы кездерде халық шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты қоршаған ортаға төнген экологиялық апаттар жан-жануарлар дүниесінің азаюына, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әсер етуде. Республикада сүтқоректілердің 40-тан астам түрі қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”, ал соның ішінде жұпартышқанқызыл қасқырқабыланқарақалбарысқұланМензбир суыры Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Зоология ғылымының сүтқоректілерді зерттейтін саласын териология деп атайды.

Топтық жұмыс.Әр топқа суреті бар парақ беріледі,сол берілген суретті түрлі түсті карандаштармен бояу керек,жұмысты аяқтағаннан кейін боялған суреттерді жасанды интелект арқылы жандандырамыз.

Тест тапсырмалары.

1.Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым:

А.Гистология Б.Зоология В.Батаника Д. Моммология- Е.Цитология

2.Құрлықты мекендейтін сүтқоректілер:

А. саршұнақтар,суырлар, қосаяқтар, құлан, жолат,ақбөкен,қарақұйрық, арқарлар- Б. Түлендер, киттер  В. .Қолқанаттылар (жарқанаттар)  Д.Көртышқандар, соқыртышқандар Е. Ондатрлар, кәмшаттар,

3.Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер:

А.Түлендер, киттер  Б.Қолқанаттылар (жарқанаттар)  В.Ондатрлар, кәмшаттар,

Д.Көртышқандар, соқыртышқандар, қалталы көртышқандар –

Е.Ілкіаңдар

4.Суда тіршілік ететін сүтқоректілер:

А. Көртышқандар, соқыртышқандар Б. Қолқанаттылар (жарқанаттар) 

В. құндыздар, жұпартышқандар, ондатрлар, кәмшаттар-

Д. Ілкіаңдар Е. қалталы көртышқандар


5.Ұшатын сүтқоректілер:

А. Құндыздар, жұпартышқандар Б. Қолқанаттылар (жарқанаттар) –

В.Қарлығаш Д.Тырна Е.Ілкіаңдар

6. Қолқанаттылар (жарқанаттар)сүтқоректілердің қай тобына жатады жатады.

А.Суда тіршілік ететін Б.Ұшатын сүтқоректілер- В.Құрлықта тіршілік ететін

Д.Жер астында тіршілік ететін Е.Қосмекенді

7. Көртышқандар, соқыртышқандар, қалталы көртышқандар сүтқоректілердің қай тобына жатады жатады жатады.

А.Суда тіршілік ететін Б.Ұшатын сүтқоректілер В.Құрлықта тіршілік ететін

Д.Жер астында тіршілік ететін- Е.Қосмекенді

8. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын қандай мүше пайда болған.

А.Көкет (диофрагма)- Б.өт В.бауыр Д.Бүйрек Е.жүрек

9. Қазіргі кезде сүтқоректілердің қанша түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған

А.6мың Б.7мың В.5мың- Д.4мың Е.8мың

10. Жануарлар дүниесінің жоғары сатыдағы тобын құрайды.

А.Омыртқасыз жануарлар Б.Бунақденелілер В.Бауыраяқтылар

Д.Сүтқоректілер- Е.Моллюскалар

ІҮ. Қорытынды.

Сүтқоректілер - көпшілігінің денесін түк қаптаған, дене температурасы тұрақты, ұрпағын сүтімен қоректендіретін, жоғары жаратылымды жануарлар. Миы жақсы жетілген, сондықтан қалыпты жағдай өзгергенде мінез-құлығын да өзгертіп, жаңа жағдайға оңай бейімделеді. Жылықанды және қанайналымының екі шеңбері толық ажыраған. Өкпесінде өкпе ұяшықтары болғандықтан, газ алмасу беті ұлғайған. Сондықтан зат алмасу үдерісі жоғары деңгейде өтеді. Аналық денесінде ұрпағын көтеруге мүмкіндік болғандықтан және оны сүтімен қоректендіре алатындықтан, сүтқоректілер өзге ағзалардан ерекшеленеді. Қазіргі сүтқоректілер негізгі екі класс тармағына бөлінеді. Олар ілкіаңдар (немесе жұмыртқа салатын сүтқоректілер) және қазіргі аңдар (немесе қалталылар және қағанақтылар) класс тармағы деп аталады. Жұмыртқа салатын, ұшатын, суда жүзіп өмір сүретін, құрлықта мекендейтін сүтқоректілер бар. Бұлардың көпшілігі төрт аяқпен жүреді.

Кері байланыс Бағдаршам әдісі :

Сабақ түсінікті,қызықты болды-жасыл түс

Сабақты орташа түсіндім-сары түс

Сабақты мүлде түсінбедім-қызыл түс

ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ
1.Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым:

A.Гистология B.Зоология C.Батаника D. Моммология E.Цитология


2.Құрлықты мекендейтін сүтқоректілер:

A. саршұнақтар,суырлар, қосаяқтар, құлан, жолат,ақбөкен,қарақұйрық, арқарлар B. Түлендер, киттер  C.Қолқанаттылар (жарқанаттар)  D.Көртышқандар, соқыртышқандар E. Ондатрлар, кәмшаттар,

3.Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер:

A.Түлендер, киттер  B.Қолқанаттылар (жарқанаттар) 

C.Ондатрлар, кәмшаттар,

D.Көртышқандар, соқыртышқандар, қалталы көртышқандар 

E.Ілкіаңдар


4.Суда тіршілік ететін сүтқоректілер:

A. Көртышқандар, соқыртышқандар

B. Қолқанаттылар (жарқанаттар) 

C. құндыздар, жұпартышқандар, ондатрлар, кәмшаттар

D. Ілкіаңдар E. қалталы көртышқандар


5.Ұшатын сүтқоректілер:

A. Құндыздар, жұпартышқандар B. Қолқанаттылар (жарқанаттар) 

C.Қарлығаш D.Тырна E.Ілкіаңдар


6. Қолқанаттылар (жарқанаттар)сүтқоректілердің қай тобына жатады жатады.

A.Суда тіршілік ететін B.Ұшатын сүтқоректілер C.Құрлықта тіршілік ететін D.Жер астында тіршілік ететін E.Қосмекенді


7. Көртышқандар, соқыртышқандар, қалталы көртышқандар сүтқоректілердің қай тобына жатады жатады жатады.

A.Суда тіршілік ететін B.Ұшатын сүтқоректілер

C.Құрлықта тіршілік ететін

D.Жер астында тіршілік ететін E.Қосмекенді


8. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын қандай мүше пайда болған.

A.Көкет (диофрагма) B.өт C.бауыр D.Бүйрек E.жүрек


9. Қазіргі кезде сүтқоректілердің қанша түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған

A.6мың B.7мың C.5мың D.4мың E.8мың


10. Жануарлар дүниесінің жоғары сатыдағы тобын құрайды.

A.Омыртқасыз жануарлар

B.Бунақденелілер

C.Бауыраяқтылар D.Сүтқоректілер E.Моллюскалар











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2025
214
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі