400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ш.Уәлихановтың адам және қоғам туралы айтқан ой-пікірлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал колледждің І курста қоғамтану пәнінің оқытушыларына керек. Ғалым Ш.Уәлихановтың өмірімен, еңбектерімен таныстыру, оның қоғамның дамуына қосқан үлесімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы







Шымкент қаласы «№4 колледж» МКҚК қоғамтану пәнінің оқытушысы Орынбаева М.Е.







Сабақ жоспары

Пән:

Қоғамтану

Модульдің атауы:

ЖБП 06

Сабақтың тақырыбы:

Ш.Уәлихановтың адам және қоғам туралы айтқан ой-пікірлері

Ұзақтығы:

45 минут

Өткізу орны:

Кабинет №4

Сабақтың мақсаттары:

-білімділік: ғалым Ш.Уәлихановтың өмірімен, еңбектерімен таныстыру, оның қоғамның дамуына қосқан үлесімен таныстыру;

-дамыту: оқушылардың есте сақтау, белсенді ойлау, негізгі ойды бөлу қабілеттерін дамыту;

-тәрбиелік: еңбекқорлыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

1.Қазақтың ғалымы Ш.Уалихановтың еңбектерімен танысады;

2. Еңбек етуге дағдыланады;

3. Өз ойын еркін білдіре алады.

Сабақтың түрі:

жаңа сабақ


Пәнаралық байланыс:

тарих, география


Студенттердің өзіндік жұмыстары:

өз ойларымен, пікірлерімен бөлісу, сызбалармен, «Ойлан, тап» ойынымен жұмыс


Оқыту әдістері, пед.технологиялары:

Баяндау, әңгіме жүргізу, сұрақ-жауап алмасу, иллюстрация.

Модульдік оқыту технологиясының ойын элементтері

Қажетті құрал-жабдықтар:

тірек-сызбалар,интербелсенді тақта, презентация


Пайдаланған әдебиет (қосымша мағлұмат):

«Адам және қоғам» оқулығы, Күнқожаев, интернет материалдары

Оқытушы туралы мәлімет:


Т.А.Ә.

Орынбаева М.Е.


Қолы:


Тел:

87013784919

Эл.пошта:





Сабақ барысы:


Сабақтың кезеңдері:

Оқытушының әрекеттері:

Студенттердің әрекеттері:

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(3 минут):

1.Студенттермен сәлемдесу.

2.Студенттердің қатысымын белгілеу.

3.Студенттердің назарын сабаққа аудару.

4.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын баяндау.


1. Оқытушымен сәлемдесу.

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен танысады.

3. Психологиялық жағынан табысты жұмыс жасауға іштей дайындалады.


Үй тапсырмасын сұрау

(6-7 минут):

Студенттердің білімін пысықтау (сұрақтар, тапсырмалар):

  1. Қоғам дегеніміз не?

  2. Қоғамның табиғаттан ерекшелігі неде?

  3. Қоғам қалай пайда болды?

  4. Қоғамның қызметі неден тұрады және оның мәні неде?

  5. Қоғамдық қатынастардың

сипаты неде?

  1. Батыс елдердегі қоғамдық ғылымда қазірге дейін көрсетілетін қоғамның үш түрін атаңыз

  2. Қоғамдық қатынастарды

атап беріңіз



Оқытушының сұрақтарына жауап береді




Оқулық, жұмыс дәптері

Жаңа тақырыпты түсіндіру

(10 минут):

Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия), 1835-1865 жылдары өмір сүрген – қазақтың ұлы ғалымы, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, Шоқан деп аталып кеткен.


Шоқан шығармаларының негізгі тақырыбы: Қазақ халқының тарихы, қоғамдық құрылымы, саяси өмірі, білімі, кәсібі, имандылық қасиеттері

Шоқан өз халқының азаттыққа жетіп, білім алуын армандады. «Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді. Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет», - деп жазды Шоқан Уалиханов.

Ш.Уалиханов қоғамда жасалатын өзгерістер адам мүддесіне сәйкес келуі қажет екендігін атап көрсетті.
Ол: «Халыққа етене жақын, ең маңызды, соның мұқтажына тікелей қатысты реформа – экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал, саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өткені әрбір жеке адам және бүкіл адамзат қауымдасып, өзінің бірегей түпкі мақсаты – материалдық әл-ауқатын жақсартуға тырысады», -деп тұжырымдады.

«Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде сол кезде қазақ даласында жүргізіліп жатқан саяси-әлеуметтік реформаларды талдады, олардың кемшіліктерін ашып, қателіктерін көрсетті.

Халықтың қамын ойлаған Шоқан өзі ханның ұрпағы болса да жергілікті сұлтандар мен байлардың кедейлерді қанап отырғанын ашу-ызамен көрсетті.

Шоқан өз тұсындағы әлеуметтік таптар мен топтар арасында келіспес қарама-қайшылықтар бар екенін түсінді.

«Бүкіл ұлттың мүддесі – қатал әділеттілікке жүгінгенде, жеке қауымның пайдасынан жоғары болуы керек» ,- деді Шоқан.

«Қазақтардың өрісі мен қонысы» мақаласында ол «Қазақтар көрер көзге ұлан-ғайыр жердің иесі болып отырса да, шын мәнінде, қазіргі кезде оның аз ғана бөлігін пайдананады, сондықтан да жерге ылғи мұқтаж болып келеді», - деп ашына жазды.

Қазақ өлкесін округтерге бөліп, басқарудың жаңа түрін енгізу іске асырылғаннан кейін де, Шоқан басқарудың ісіне өз халқының өкілдерін араластыру арқылы аз да болса, оның саяси-әлеуметтік жағдайын жеңілдетуді ойлады. 1857 жылы «Баянауыл округі туралы» мақаласында округтерді басқару үшін қазақ халқының мұң-мұқтажын өзгеден гөрі жақсы түсінетін қазақтарды қою қажеттігін дәлелдеп жазды. Бірақ оның бұл әрекетінен ештеңе шықпады.

Уалиханов қазақ округтерінің басында білімді сұлтандар тұрса, қоғамда әлеуметтік әділеттілік орнар еді деп үміттенді. Сондықтан да, 1862 жылы Атбасар округі бойынша сұлтан болып сайлауға өз кандидатурасын ұсынды.

«...Ойлағаным – оқыған билеуші сұлтанның қандай пайдасы болатынын жерлестеріме өз ісіммен көрсету еді », - деп жазады. Бірақ Шоқанның бұл ізгілікті ойы іске аспай қалды. Патша әкімшіліктері оның аға сұлтан болуына кедергі жасап, сайлатпай тастады.

Алайда Шоқан Уалихановтың қазақ қоғамында теңдік орнату, демократиялық өзгерістер енгізу, халық мүддесіне сай келетін реформаларды іске асыру, білімге, прогресске жеткізу туралы ойлары өзінен бұрынғы және сол кезеңдегі ұлы ойшылдардың көзқарастарымен ұштас, үндес болды. Сондықтан да оның ғылыми тұжырымдары мен болжамы бүкіл адамзат жасаған қоғамдық ойдың озық үлгісі болып табылады.

Ш.Уалихановтың терең ғылыми мұраларының құндылығы қазіргі кезде де маңызын жойған жоқ. Өз халқының болашағы үшін ой кешіп, аянбай еңбек етіп, аз ғұмыр жасаса да, келешек ұрпақ үшін қоғамдық ғылымда озық ой-пікір қалдырған Шоқанның ұлы тұлғасы әр уақытта жоғары тұрады.




Жаңа білімді игереді






























Сызбаларды сызады, жаңа тақырыппен танысады














Презентация,

Оқулық,

Сызбалар, интерактивті тақта



















Презентация,

Оқулық,

Сызбалар, интерактивті тақта








Жаңа тақырыпты бекіту

(15 минут):



















«Ойлан,тап» ойыны.

  1. Шоқан Уалиханов кім болған?

  2. Шоқанның ғылыми еңбектерінің түрлерін атаңыз

  3. Шоқанның еңбектері

  4. «Қазақтардың өрісі мен қонысы» туралы мақаласында Ш.Уалиханов не деп айтты?

  5. «Қазақтардың өрісі мен қонысы» туралы мақаласында Ш.Уалиханов не деп айтты?

  6. «Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде
    Шоқан Шыңғысұлы не айтты?

  7. 1867 жылы жарияланған «Баянауыл округі туралы» мақаласында Ш.Уалиханов не жазды, оның қорытындысы қандай болды?



Топпен жұмыс жасайды, жауаптарын қорғайды









Оқулықтағы сұрақтарға жазбаша жауап береді



Ойын тапсырмасы жазылған плакат

Жеке жұмыс:

Сөзжұмбақ шешу

Оқулық, дәптер

Сергіту сәті:

Шоқан Уалихановтың өмірі жайлы бейнеролик

Оқытушы сөзі

Глоссарий (жаңа терминдерді жаздыру)

Оқулық, дәптер

Рефлексия.

Сабақты қорытынды

лау.

(5 минут)


  1. Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

  2. Бүгін студенттер не үйренді?

  3. Сабақ қандай деңгейде өтті?

  4. Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

  5. Оқу уақыты тиімді пайдаланылды ма?

Сабақ өту барысы туралы өз пікірлерімен бөліседі


Студенттерді бағалау:

(3 минут)

Сабақта көрсеткен білімі мен қатысу белсенділігне қарай критериалды жүйемен бағалау және бағаларға түсінік беру

Бағалау критерийлері:

«Өте жақсы» -86-100%

«Жақсы»- 70-85%

«Қанағат»- 51-69%

«Қанағаттандырылмаған» -50% және одан төмен

Үйге тапсырма:

(2 минут)


Ш.Уалихановтың қоғам туралы айтқан ой-пікірлері туралы рефераттар дайындау, сұрақтарға жауап беру.

Интернет желісі, оқулық, жұмыс дәптерлері



Оқытушының қолы:______________




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 маусым
889
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі