жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Судың қасиеті 2 сынып
Подгорное орта мектебі
Тақырыбы:
«Су. Судың қасиеті»
2 «А» сыныбы
Мұғалім: Усембаева Амина Болатаевна
2016-2017 о/ж
Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндауын, түсініп оқу,
ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, жарты шарлар картасы, тәжірибеге қажетті заттар.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, сызба, топпен жұмыс, практикалық жұмыс, тест.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Психологиялық дайындық
Күндей күлімдеп,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен
Біз сабақты бастаймыз!
Су туралы видео фильм көрсету.
ІІ. Негізгі бөлім.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Топпен жұмыс.
-
Тест:
-
Адам ауасыз қанша уақыт шыдай алады ?
а) 1 күн ә) 1 ай б) 1 минут
-
Ауаның дәмі қандай ?
а) ащы ә) дәмсіз б) тәтті
-
Ауаның иісі бар ма ?
а) иә, иісі бар ә) жоқ, иіссіз б) кейде иіссіз, кейде иісі бар
-
Ауа ...
а) жылуды сақтайды ә) отты сөндіреді б) сығылмайды
-
Мақалды жалғастыр: Таза ауа - ...
а) наны тәтті ә) дертке дауа б) жер болмас
Өздерін өздері тексеру. (Дұрыс жауапты тақтаға ілу)
-
Оқушыларға қойылатын сұрақтар: (ауызша тексеру)
Алия 1. Ауаның қандай қасиеттері бар ?
(мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, пішіні, иісі жоқ, сығылады, серпіледі, ауасыз от жанбайды)
Ақжан 2. Ауаның маңызы туралы не білеміз ?
(Ауасыз адам да, өсімдік те, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Ауасыз адам бірнеше минут қана өмір сүре алады. Ауа жерді күн сәулесінің өте қатты күйдіріп жіберуінен сақтайды. Сондықтан біз ауаны ластамауымыз керек.
Мадияр 3. Ауаның ластану себептерін атау:
( түрлі қалдықтар, улы газдар, түтіндер, радиация, орман-тоғайлардың өртенуі т. б)
(сұрақтарды тақтаға жазып ілу)
3. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту. Проблемалық кезең. Мұз кесегін көрсету. Сұрақ қою: Балалар бұл не? Мұз
Мұздан қалай су алуға болады? (Мұзды қыздырып еріту арқылы)
«Су- өмір нәрі» деп халық бекер айтпаған. Неге су өмірдің нәрі дейміз? (Су адамға, жан жануарға, өсімдікке, барлық табиғатқа керек.) Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Су және судың қасиеті. (Тақтада тұрады көрсетемін) Бүгін біз судың қасиеттерін зерттейтін ғалымдар боламыз. Бастарына тақияларын кигізу. Әртүрлі тәжірибелер жасап, судың қасиеттерін зерттейміз.
№1 тәжірибе Мұз кесегінін ерігенін көрсету. Мұз ерігенде суға айналады. Су сұйық зат екен. Ол ағады. Суды беті тегіс нәрсеге құйып, жан жағына аққанын көрсету. (Сұйық, аққыш)
№2 тәжірибе Екі стақанға біреуіне су , екіншісіне сүт құю. Екеуін салыстыру. Сүт ақ су түссіз. (Су түссіз)
№3 тәжірибе стақандардағы сүт пен суға қасық салу. Қайсысында қасық анық көрінеді? (Су мөлдір)
№4 Балалар судың дәмін көреді. (Су дәмсіз).
№5 Суды иіскеп көреді. (Иіссіз)
№6 Стақандағы суды кесеге тәрелкеге құю. Суда пішін жоқ. Қандай ыдысқа құйылса соның пішінін алады.
№7 Суға қарындаш батыру. Су жабысқақ.
Тәжірибелер барысында балалар жасаған қорытындыларын тақтаға стикерга жазып бекітіп отырады.
Мұғалімнін сөзі: соныменен сусыз өмір жоқ екен, біздің жер бетінде құрлыққа қарағанда
Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су – тіршілік көзі. Ол – сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Картада су көк түспен белгіленген.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс
Күннің жадын, сабақ тақырыбын жазу.
Судың қасиетіне жататындарды теріп жазу.
Мөлдір, түссіз, иісі бар, иіссіз, жасыл, дөңгелек, дәмсіз, тәтті.
Топтық жұмыс
Сәйкестендіру тесті
Дұрыс пікірді бағыттауыш сызықпен қосу
Ерігенде су мұзға айналады.
Қатқанда су буға айналады.
Буланғанда мұз суға айналады.
Судың қасиеттеріне тапсырма,
-
Үш сурет көрсету. (Сарқырама, тау басындағы мұз, тұман.)
-
Стақандағы суға бояу бөлшектерін салу. (Су еріткіш)
Миға шабуыл, ойлан тап.
1 1
A Р А Л
Арал теңізі туралы әңгімелеу.
Судың емдік қасиеттері туралы әңгімелеу:
Су – адам ағзасына өте қажет. Ғалымдардың зерттеуі бойынша судың біз білмейтін 20-дан астам емдік қасиеттері бар. Су жүрек, асқазан, жүйке, ұйқысыздық, қан сұйылту, салмақ қосу, тері ауруларының сауығуына әсер етеді. Сонымен қатар жер астынан шығатын минералды суларға шомылу арқылы да түрлі аурулардан айығуға болады. (Сарыағаш, Құрық, фонтан)
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Су мөлдір емес жоқ
Судың түсі ақ жоқ
Су мөлдір ия
Су аққыш ия
Мұз қатты ия
Бу жұмсақ жоқ
Су иіссіз ия
Үйге тапсырма: 41-43 беттерді оқу, мазмұнын айтуға дайындалу.
15. Сабақты қорыту.
Рефлексия Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
Қорыта келгенде, табиғат-ана бізді аялап, қастерлеп, еш планетада жоқ суды бізге сыйлаған. Ата-бабамыздан қалған табиғи мұралардың ең бастысы су көзі болып табылатынын біле білген жөн. Қазақ халқы «судың да сұрауы бар деген». Сусыз тіршілік көзінің жойылатыны айдан анық. Құрметті оқушылар, суды аялап, оны қастерлеп күту керек екенін естен шығармаңыздар!
16. Оқушыларды бағалау.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген