400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Шығыс шынары" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал сынып мұғалімдеріне керек.Жаңа технологияларды пайдалана отырып,әртүрлі әдістерді қолданып,кестелер мен карточкаларды тарата отырып оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыруға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Құрманбекова Бақыт Құрманбекқызы

Амантай Дәулетбеков атындағы орта

мектептің бастауыш сынып мұғалімі








Сабақтың тақырыбы: «Шығыс шынары»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ә.Нұрмұханованың «Шығыс шынары» мәтіні бойынша

балаларды Ә.Молдағұлованың мектептегі өмірімен

таныстыру. Мәтін мазмұнын түсініп оқып, оз ойын еркін

айтуға, мәтін мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке тұлға ретінде жан – жақты дамуына

жол ашу. Көркем шығарманың тақырыбы, идеясы жайлы

білімдерін кеңейту. Тілін дамыту. Байланыстыра сөйлеу

сөздігін қалыптастыру. Дамыта оқыту әдістері арқылы

сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Балалар бойында патриоттық сезім қалыптастыру.

Шыдамдылыққа, төзімділікке, еңбексүйгіштікке,

Адамгершілікке, адамның құқықтары мен бостандықтарын

құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, кітаптар, симантикалық карта, стикер

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауап, қайталау, салыстыру,

топтастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау

Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Біз өткен сабақтарымызда Ұлы Отан Соғысының батырлары және олардың ерліктерімен танысқан болатынбыз. Жеңіс үшін шайқасқан батырлардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды.

  • Сол жеңіске жеткенімізге биыл неше жыл толып отыр?

  • Осы жеңіске жету үшін күрескен батырларымыздан кімдерді білеміз?

  • Ал үйге қандай тапсырма беріп едім?

Үй тапсырмасын сұрау .

Мен соғысты жек көрем

Оқушылар ойын толықтыру. Топтастыру.

-Әлия кім? Ол жайлы не білесіңдер?

- Батыр қыздары Әлия мен Мәншүкті халық қалай атап кеткен?

Олай болса, Әлия туралы әнге назар аударайық.

Ән. Әлия Молдағұловаға арналған.

ІІІ. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымызда Әзиза Нурмаханованың «Шығыс шынары» повесінен үзіндімен танысамыз.

Нұрмаханова Әзиза Нұрмаханқызы 1924жылы 15 желтоқсанда қазіргі Қарақалпақ АССР - інің Мойнақ ауданында туған. Қазақ Совет түркологы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол түркі тілдерінің интонациясын алғаш зерттеуші. Оның «Қыздар» (1969), «Шығыс шынары» (1973) повестерінде қазақ әйелдерінің әлеуметтік тағдыры, Совет Одағының батыры Әлия Молдағұлованың өмірі мен жанқияр ерлігі суреттелген.

Халқымыз Отан үшін от кешіп, елдік пен ерлік сынға түскен сәтте қас қақпай өмірлерін құрбан еткен батыр ұл - қыздарын қастерлеп, қадір тұтады. Тарихи деректерге қарағанда 1941 - 1945 соғыс жылдарында 1 миллион 196 мың 164 қазақстандық әскерге алынған еді. Балалар, сендер қандай батырларды білесіңдер? Біздің ауданымыздан елі үшін күрескен қандай соғыс ардагерлері бар? (Бейнеу ауданынан соғысқа қатысқан батырлар туралы тоқталып өту (суреттер көмегімен). Көптеген жауынгерлер теңдесі жоқ ерліктер жасады. 518 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Мұның елеулі бөлігі қыздар болғаны белгілі. Әскерге алынған қыздар соғыс техникаларын мен құралдарын жетік меңгерген. Ұлы Отан соғысы тарихында аттары аңызға айналған қазақтың үш батыр қыздарының - Әлия, Мәншүк, Хиуаздың орны бөлек .

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) 1925 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келген.

Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған.  Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген.

VI. Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді бөліктерге бөліп оқыту. 
А) Іштей оқу

Ә) тізбектей оқу /түртіп алу/

Мазмұнын айтып өту, бөлімдерге бөлу.

Сөздік жұмыс жүргізу.

Сергіту сәті

Сұрақтарға жауап алу.

  • Әңгіме кім туралы?

  • Әлия Молдағұлова туралы не білесің?

  • Әңгімеде Әлия Молдағұлованың қай кезі баяндалған?

  • Әлияның ұстаздары қандай шешім қабылдады?

  • Мектеп директоры Әлия жөнінде қандай ұсыныс айтты?

  • Әлия бала кезінде қандай болған?

  • Әлия өсірген гүлдердің атын мына сызбадан тап (герань, фикус, олеандр, камелия, циперус).

  • Әлияның бойындығы қандай қасиет саған ерекше ұнады?

Оқушылар білімін бекіту.

IV. Дәптермен жұмыс

3 қатарға тапсырма

1 қатар.

жүйрік, қолы шебер.Әлияның төсегі жиюлы, қағаз- кітаптары өз орнында.шашы өрулі, киімі үтіктеулі, дене мүсіні өте сұлу

2 қатар.

3 қатар.

Оқушылар жұмысын қарау, талдау, толықтыру, мадақтау.

Әлия мен Мәншүк сынды Отанын, елін, жерін жаудан қорғаған , солардың ізін жалғастырушы кімдерді білеміз?

7.Топтастыру 8.Бес жолды өлең

9.Үш топқа берілген тапрсырма


Желтоқсан оқиғасында олардың ерлігін қайталаған кімдер?

Оқушылар ойын толықтыру.

V.Сабақты қорыту.Рефлексия

Слайд арқылы симантикалық картамен жұмыс жүргізу.

Сұрақтар

Әлия

Ләззат

Қай соғысқа қатысты?

Ұлы Отан соғысы

1986 ж

Желтоқсан оқиғасы

Көздеген мақсаты не?

Елін, жерін, Отанын жаудан қорғады

Туған елінің тәуелсіздігін аңсады

Мақал-мәтелдерді толтырып жаз.

  1. ...есімі – ел есінде. Еліңді сүйсең – ... істейсің.

  2. Батыл болмай, ... болмайсың.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу.

Бағалау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
531
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі