Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні:
Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Шымшық.
Мақсаты: 1.Балалардың құстар туралы білімдерін тиянақтау. Дала құстары мен үй құстарының қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін түсіндіру.Құстар арасындағы шымшықпен таныстыру, ол туралы түсінік беру.
2.Шымшықтың басқа құстардан айырмашылығын әңгімелеп, балалардың құстарға деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Балаларды құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Құстардың суреттері, шымшықтың суреті, суреттер, слайд.
Әдіс-тісілдері: Шаттық шеңбері,сұрақ-жауап, әңгімелеу, сергіту, өлең тыңдау,тақпақ жаттау, ойындар.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Қозғаушы қызмет түрі |
Шаттық шеңбері: Әуен арқылы амандасу рәсімін жасау |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып амандасып, бір-біріне жылулық сыйлайды |
|
Ұйымдастырушы ізденушілік |
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар? -Қазір қай айы? -Күз мезгілінде қандай өзгерістерді байқадыңыздар? Балалар, құстардың жылы жаққа ұшпай қыстап қалатын түрі бар -Балалар, құстар әлеміне саяхат жасағыларың келе ме? -Ендеше көзімізді жұмамыз, орманда, далада, тауда ұшып жүрген құстарды елестетейік -Балалар ненің дыбысын естіп тұрмыз? 1,2,3-көзімізді ашамыз -Қане, балалар, құстармен танысайық -Мынау қандай құс? -Ал мына құс ше? -Мына құсты қалай атаймыз? -Мына кішкене құс ше? Қараңдаршы, балалар мына құс торғайға ұқсайды, бірақ бұл торғай емес -Оның қандай құс екен білгілерің келе ме? -Ол Шымшық деген құс -Балалар бұл құстарды біздің жерімізден көріп жүрсіздер ме? -Бұл құстар қандай құстар? Жаңа тақырыппен таныстыру: Балалар бұл Шымшық деген құс. Оның дене мүшесі ұсақ, түсі жасыл сарғыш болады. Ол көбіне орманда мекендейді. Ол ұясын ағаш басына салады. Ағашы жоқ жерде ұясын үйдің жарына да сала береді. Ол құрт-құмырсқалармен, дәндермен қоректенеді. Шымшық торғайға ұқсас келеді. Оның торғайдан айырмашылығы қауырсыны ұзыншалау, түсі жасыл сарғыш.Ол ақпан айында ән салса, қатты шиқылдса көктемнің жақын қалғанын білдіреді, ал күзде ұясын ерте салса қыс қатты болады деп жорамалдайды. -Балалар құстардың бірнеше түрі болады бейнетаспаға қарайық Бейнетаспа : Құстар Балалар құстар дала құсы, үй құсы және жыл құсы болып бөлінеді Құстар туралы түсінік беру,дыбысын тыңдату Бейнетаспа арқылы шымшықты бақылау Сергіту сәті: «Үйрек биі» Әуен арқылы қимыл жасау Ән тыңдау: Бота Бисенованың «Қарлығаш» әнін тыңдату Құстар туралы тақпақ айту Мнемокесте арқылы тақпақ айту: «Шымшық» Шымшық, шымшық, Ұядан шық. Шымшық,шымшық жем әкел, Көп әкел, тез әкел. Балапандар тойсын, Шырылдауын қойсын. Дид/ойын: «Өз мекенін тап?» Құстарды ажыратып, өз мекенін тауып орналастыру Әңгіме оқу: «Жаңғалақ бала» Бірде Жаңғалақ атасымен орманға барады. Атасы жол бойы құстармен таныстырады. Әр құстың қалай сайрайтынын айтып береді. Ертеңіне Жаңғалақ достарына бәрін шатастырып айтады екен. -Қане, көрейік бізде Жаңғалақ сияқты бала барма екен? Ойын арқылы балалардың есте сақтау қабілетін байқау Жаттығу ойын:«Құсты ұшырамыз» Балалар екі қатардағы құстарды дем арқылы ұшырып, салыстырады |
-Күз мезгілі -3 ай бар -Қараша айы -Күн салқындайды, жапырақтар түседі, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді Балалар көздерін жұмады Құстардың -Қарға -Сауысқан -Көгершін -Торғай Балалар құсты бақылап қарайды -Балалар жауабы -Дала құстары Балалар шымшықпен танысады Балалар құстарды атайды, дыбысын тыңдайды Бейнетаспадан шымшықты бақылайды Әуен ырғағымен қимыл жасайды, жаттығады Балалар ән қай құс туралы екен айтады, құстар туралы тақпақ айтады Тақпақ айтады: Торғаймын, торғаймын, Суықтамай тоңбаймын. Құрт-құмырсқа, шіркейден, Бау-бақшаңды қорғаймын. Құс ұясын бұзбаңдар, Балапанын алмаңдар. Құстар біздің досымыз, Обалына қалмаңдар Балалар схема бойынша өлеңді қайталайды Балалар ойынға жақсы қатыса білді Әңгімені мұқият тыңдайды Ойынға қызғушылықпен қатысады |
|
Жетекші-жөндеуші |
Қорытынды: -Балалар біз қандай құспен таныстық? -Қандай үй құстарын білесіздер? -Жыл құстары деп қай құстарды атаймыз? Балалар бүгінгі оқу қызметімізді құстарға деген алғысымыз арқылы аяқтаймыз «Жүректен-жүрекке» жылулық шеңбері Қамқоршы боп жүреміз, Табиғатқа құстарға. Аялаймыз оларды, Жақсы көріп бәріміз Мадақтау: Балалар сіздерге құстар алғысын білдіріп суреттерін беріп жіберіпті |
Балалардың жауабы Жылулық шеңберіне тұрады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Шымшық туралы білді.
Меңгерді: Оның тіршілігі туралы білімін меңгерді.
Игереді: Құстар туралы тақпақ айтуды, қамқор болуды.
«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК
«Шымшық»
(ашық оқу қызметі)
Өткізген: Куракбаева А
2016 ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: "Шымшық"

шағым қалдыра аласыз