400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: «Шынығу – денсаулықты нығайту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды дәлдікке, ептілікке баули отырып, физиологиялық дамуына қолайлы әсер ету. Жүгіру, секіру, жылжу сияқты негізгі қимылдарды жетілдіру. Ертегі желісі арқылы балаларды халқымыздың әдеп-ғұрып, салт-дәстүрінен мәліметттер бере отырып, ұлттық ойындардың ойнау жолдарын үйрету, епті, шымыр болып өсуге тәрбиелеу. Әуен арқылы жаттығу жасауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбиеші: Медресова.А.М

Білім беру саласы: «Денсаулық», Коммуникация

Бөлімі: Дене шынықтыру, Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Шынығу – денсаулықты нығайту»

Мақсаты: Балаларды дәлдікке, ептілікке баули отырып, физиологиялық дамуына қолайлы әсер ету. Жүгіру, секіру, жылжу сияқты негізгі қимылдарды жетілдіру. Ертегі желісі арқылы балаларды халқымыздың әдеп-ғұрып, салт-дәстүрінен мәліметттер бере отырып, ұлттық ойындардың ойнау жолдарын үйрету, епті, шымыр болып өсуге тәрбиелеу. Әуен арқылы жаттығу жасауға үйрету.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: жаттығулар жасау

Әдіс – тәсілдері: шаттық шеңбері, ұлттық ойын : «Асық ату»

Қажетті көрнекі құралдар: слайд, гимнастикалық үстел, үңгір, тастар, жаттығулар мен ойындарға музыка.

Билингвальді компонент: денсаулық-здоровье

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Сәлеметсіздер ме, балалар! Көріп-тұрмын көңіл-күйлерің жақсы екен! Демек бәріміздің деніміз сау және ұйымдастырылған оқу қызметіне дайынбыз. Өйткені жақсы көңіл күй ауырмайтын және күш-жігері көп балаларда болады, онда ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастаймыз.

Балалар бізге көптеген қонақтар келіпті, қонақтармен амандасайық.
Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз!
Туған елдің көгінде
Шамшырақ боп жанамыз!

 Сәлеметсіздер ме апайлар






Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз!
Туған елдің көгінде
Шамшырақ боп жанамыз!

 Сәлеметсіздер ме апайлар

Ұйымдастыру-шылық ізденіс кезеңі


Ертегілер еліне саяхатқа барғыларың келе ме?
Жарайсыңдар! Алдымен жұмбақ жасырайын, сол жұмбақтың жауабы біздің бүгінгі көлігіміз болады.
Сартылдайды табаны,
Көрдім жүйрік арбаны. Ол не?
(Пойыз)

Дұрыс, ендеше саяхатқа пойызбен шығамыз. Осы кезде радиодан тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! №2 жүрдек пойыз жүргелі тұр, пойызға отырғызылу басталды! – деп хабарлайды. Балалар бірінің артынан бірі белдерінен ұстап тізбектеле тұрып, «паравоз» әнін шырқап жолға шығады. Балалар ағаштар арасымен ирелеңдеп жүріп, жалғыз киіз үйдің алдына келіп тоқтайды. Үйдің алдында ата мұңайып отырады. Балалар амандасып жөн сұрайды.
Ата: — Жалғыз балам алтын сақасын жоғалтып алып, соны іздеп кетіп келмей жатыр. Оны мыстан ұстап алған шығар деп ойлап отырмын. Енді оған қалай көмектесерімді де білмей отырмын!?
Жаттықтырушы: Ендеше біз сізге көмектесейік!
Балалар Бай баласына көмектесу үшін сапарға аттанады.
Жаттықтырушы: Балалар Бай баласын табуымыз үшін жолда көптеген кедергілер кездеседі. Содан сүрінбей өтсек қана Бай баласына тез жетеміз. Міне өзен. Осы өзеннен тастардың үстімен жүріп, таудағы үңгірден еңкейіп өтіп
әрі қарай жүреміз.


Негізгі қимылдар:
1. Тепе-теңдікті сақтап, тастардың үстімен жүріп, судан өту.
2. Еңбектеп таудағы үңгірден өту
Жаттықтырушы: — жазық алаңға да келдік, табиғатты қызықтап дем алайық. (тыныс
алу жаттығуы) жәй әуен орындалады.
Сұрақ-жауап жұмысы:
1. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер? (
«Асық ату», «көкпар сайыс», «қыз қуу», «арқан тарту», «алтыбақан», «ақсүйек» т.б.)
2. Ат үстінде ойналатын қандай ойынды білесіңдер? («көкпар», «аударыспақ», «теңге алу»)

Жаттықтырушы: — Балалар, ары қарай сапарымызды жалғастырайық.
Балалардың алдынан бай баласы шығады. Ол балалармен амандасып, жөн сұрасады
Бай баласы:
Алтын сақа деп елім ертегі ғып шертеді,
Мәңгі жасап келемін.
Мен қазақтың өрені
Алтын сақаны іздеп келемін!
Жаттықтырушы: — Балалар, бай баласына көмектесемізбе?
Жаттықтырушы: — Олай болса Бай баласымен бірге жолға аттанайық!
Балалардың алдынан мыстан әжей шығады.
Бай баласы: — Әжей менің алтын сақамды бересіз бе? Мыстан әжей: Ай, жүгірмектер алтын сақаны оп-оңай ала қойғыларың келді. Олай болса маған қызықты бір ойын ойнап берсеңдер. Ойымнан шығып жатырсаңдар алтын сақаны беремін.
Ұ.о: «Асық ату»
Мыстан әжей: — Менің көңілімнен шықты, алтын сақаларыңды алыңдар – деп балалардың алтын сақасын береді.
Балалар Бай баласымен бірге пойызға отырып балабақша келеді. Балалар Бай баласын атайға тапсырады, ал атай балаларға өзінің сыйлығын береді.

-Иә,барғымыз келеді.




-Пойыз




Балалар бірінің артынан бірі белдерінен ұстап тізбектеле тұрып, «паравоз» әнін шырқап жолға шығады.



















Тыныс алу жаттығуын орындайды


«Асық ату», «көкпар сайыс», «қыз қуу», «арқан тарту», «алтыбақан», «ақсүйек», «теңге алу».

Іс –әрекетті бағалау кезеңі

Қорытынды

Сұрақ-жауап

Мадақтау


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: еңбектеп таудағы үңгірден өтуді, тепе-теңдікті сақтап, тастардың үстімен жүріп, судан өтуді

Түсінеді: шынығу арқылы денсаулықты нығайтуды түсінді.

Қолданады: ұлттық ойындарды.












43 «Өркен» бөбекжайы МКҚК

















Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Шынығу – денсаулықты нығайту»













Өткізген: Медресова.А.М









2017 жыл

«Шынығу – денсаулықты нығайту»

Picture 2

Picture 3

Picture 4

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
940
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі