Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сыныптағы достық" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ аудандық "Жалпыадамзаттық құндылықтар мектептің біртұтас педагогикалық үдерісінің негізі" атты семинарда көрсетілген сабақ, өзім секілді әріптестеріме қажет болар деген оймен салып отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: _______________

Күні: _______________

: 19

Мұғалімі: Сапиева Л.Е.

Сыныбы: 6

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Сыныптағы достық

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық

Мақсаты: Оқушыларға сыныптағы достықтың маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға адамдарға риясыз қызмет жасаудың маңыздылығы туралы түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардағы шынайылық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға, жанашыр болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №19 – сабақ. Аптаның ақырғы күндері.


Сұрақтар:

    1. «Дос», «Достық» деген ұғымды қалай түсінеміз?

    2. Достар арасындағы ізгі қарым-қатынасқа кедергі келтірмеу үшін не істеуіміз керек?

    3. Досқа адал, қамқор болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы тиіс деп ойлайсыңдар?



3. Сабақтың дәйексөзі.

(Ұл балалар бір рет оқиды, қыз балалар бір рет оқиды, барлығы бірге қайталайды)

Айнымас досы бар адам-ең бақытты адам.

Халық мақалы

Бақытты адамның бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсыздар?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Ертегі: «Дос табу»

Ертеде бір ерке бала болыпты. Ата-анасы оның айтқанының бәрін орындайды екен. Ерке балада бәрі жеткілікті болыпты, тек оның бірге ойнайтын досы болмапты. Бала айналасындағы балалармен тіл табыса алмапты. Ол ешкімнің сөзіне құла түрмей, өзінің айтқанымен жүреді екен. Бірақ оған ешкім сенің бұл ісің дұрыс емес деп айтпапты. Бір күні ол үйіне ренжіп келіп:

«Барлық балалар менен теріс айналды. Ешкім менімен дос болғысы келмейді. Менің енді ешқашан досым болмайтын шығар»,- деп ойлайды. Бір уақытта:

- Ендеше, мен сенің досың болайын,- деген біреудің дауысы естіледі.

«Бұл кім?- деп бала бұрылып артына қарағанда кереуеттің үстінде отырған кішкентай адамды көреді. Бала аң-таң болып оған қарап қалады. Жаңағы кіп-кішкентай адам қарапайым адамға мүлде " ұқсамайтын еді. Ол сарғыш түсті, мөлдір, бірақ оның тұла бойы қайырымдылыққа толы екені сезіліп тұратын.

- Сен қай елден келдің?- деп бала одан сұрайды. Кішкентай адам өзін Мейірім деп таныстырып, өзінің басқа елден келгені туралы, ол жер де бәрі ұша алатынын және олар өте бақытты екенін айтты. Ол жердегі барлық адамдарға көмектескісі келетінін, бірақ қазір оның күші жеткіліксіз екенін, ол тек бір балаға ғана көмек бере алатынын жеткізеді.

- Айтшы, Мейірім, мүмкін сен білетін шығарсың, менің неге досым жоқ?

- Бәрі менен неге теріс айналады?

- Көмектесші маған,- дейді бала.

- Бұл өте оңай, айналаңдағыларды жүрегіңмен тыңдап үйрену керек. Қасыңдағы адамдарды жақсы көріп, олардың айтқандары саған қызықты болмаса да сөзіне құлақ асу керек. Сондықтан өзің үшін ғана емес, басқалар үшін де өмір сүре білуің қажет.

Сөйтіп, олар бірден достасып кетеді. Олар кештерін бірге өткізіп, қызықты әңгімелер айтады. Мейірім өзі кіп-кішкентай болса да, көп нәрсе білетін. Ол өзінің білгенін баламен бөлісіп отырады.

Ерке бала Мейірімнің бұл ісіне әрқашан разы еді.

- Рақмет, саған Мейірім, сенің қасымдаболғаның қандай жақсы. Сен менің нағыз досымсың!

Осылай уақыт өте береді. Бір күні бала үйіне қуанып келеді.

- Мейірім, бүгін мен үшін өмірімдегі ең қуанышты күн. Мен арманыма жеттім. Ақырында мен өзіме ДОС таптым. Бұл өте бір керемет. Қасыңда қашанда көмекке дайын тұратын, сырың мен мұңыңды тыңдайтын адамың болғаны қандай жақсы.

Бала өзінің өміріндегі бақытты күні туралы тоқталмастан айтып жатты. Бірақ оны ешкім тыңдаған жоқ. Ол Мейірім білген құпияны білген жоқ. Осы уақыт ішінде Мейірім

баланы көп жақсы істерге, дос болуға және өзіне қалай дос табуды үйретіпті.

Бала қалай өзіне дос тапқан соң, Мейірім солай өзінің ғажайып, сиқырлы еліне қайтуы керек еді. Мейірім өзінің ісін бітіріп, балаға достықтың не екенін, дос бола білуді түсінуге көмектескен соң өз еліне оралыпты.

Бала Мейірімнің жоғалғанын көріп, қапаланады. Бірақ Мейірім баланың мәңгіге жүрегінде қалды. Бала енді қашанда басына іс түскенде Мейірім мен ақылдасып, жүрегін тыңдайтын болыпты.

Сұрақтар:

1. Қиын жағдайға түскенде достар бір-біріне қандай көмек көрсетуі қажет?

2.Ерке баланың өзгеруіне не себеп болды?

3.Сіздердің өмірлеріңізде осындай жағдайлар болды ма?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

І тап: «Дос» ұғымына топтастыру жасау күн сәулесіне, адасқан әріптерді орнына орналастыру, достыққа байланысты 5-6 сөйлем жазу.


ІІ топ: «Дос» ұғымына тән қасиеттерді ағаштың жапырақтарына жазу, адасқан әріптерді орнына орналастыру, достық туралы мақал-мәтелдер жазу.

ІІІ топ: «Дос» ұғымына тән қасиеттерді шаңырақтың уықтарына жазу, адасқан әріптерді орнына орналастыру, дос, достық туралы 4 жол өлең шығару.

Әр топ өз постерларын қорғау.



Топпен ән айту.

Достарым Гүлнұр Оразымбетова.

  1. Дөңгелек шексіз ғалам бар
    Өтсе де қанша замандар 
    Достық құшағын ашады 
    Біріне бірі адамдар

Қайырмасы:
Достарым, ай- күнім 
Арайлап айдыным 
Сендерсің сарқылмас

Береке байлығым.
2. Жетсе де жылжып жыл басқа 
Достардың жөні бір басқа 
Сағынысып көргенде 
Құшағын жайып тұрмасқа 

Қайырмасы.
Достарым біргеміз 
Бөлінбес іргеміз
Арманмен қиалмен

Қол создық күнге біз



7. Үй тапсырмасы.

1. №20 – сабақ. Қоңыр күз еді (үзінді) Қалихан Ысқақ. 81 бет оқу.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
747
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12