ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі»
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «Сызба тіліктері»
Оқытушы: Сарыбаева Г.А.
Тобы: СЭЗ-19
Ақтау 2022 ж.
Cабақ жоспары
Сызба тіліктері
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы Инженерлік графика негіздері
Дайындаған педагог Сарыбаева Гулжан Абдыкаматовна
2022 жылғы "25" 02
1.Жалпы мәліметтер:
Курс, оқу жылы, топ: 3-курс, 2022 жыл, СЭЗ-19 тобы
Сабақ түрі: теориялық
2. Мақсаты, міндеттер:
- студенттердің тілік туралы түсінігін қалыптастыру, сызбаны оқу машықтарын жетілдіру;
- студенттердің жаңа тақырып арқылы ой-өрісін, білімін , ойлау қабілетін дамыту;
- топта жұмыс атқаруға, ұқыптылыққа, еңбекке тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі
- Нәрсенің ішкі құрылысын сызбада анық және түсінікті етіп көрсетуді үйренеді;
- Штрихтау сызықтарын біркелкі жүргізуді, нұсқамаларды орналастыруды меңгереді;
- Тетікбөлшектің құрылысына, оның пішініне байланысты әр түрлі тілікті таңдап біледі;
- Қима мен тіліктің түрлерін ажырата білуді үйренеді.
4. Қажетті ресурстар
- Тетікбөлшек моделі, сызбалар, сызу аспаптары мен құралдары, презентация, интерактивті тақта, интернет желісі;
- Инженерлік графика (сызба геометрия, машина жасау сызуы) Ж.Жаңабаев;
- Сызу Ж.Есмұханов;
- Сборник задач по инженерной графике Р.С. Миронова; Б.Г. Миронов.
5. Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)
1.1. Студенттермен сәлемдесу.
1.2. Студенттерді түгендеу және журнал толтыру.
1.3. Психологиялық ахуал туғызу: Келесі апта қазақ жеріне көктем мерекесі наурыз келіп жер беті күн шуаққа шомылып құлпырып гүлдеп адамдар бір біріне өз қуанышын білдіреді . Бүгінгі сабағымызда біз де бір-бірімізге өз қуанышымызды білдіретін сөз айтып, сабағымызды көтеріңкі көңіл күймен бастайық.
1.4. «Пазл» әдісі бойынша топқа бөліну. Студенттерге түрлі-түсті қағазға бейнеленген тетікбөлшек суретінің бөліктері таратылады . Әр студент өз тобын іздеп суретті құрастырады. Қиындыларды құрастыру арқылы, тетікбөлшектің қай жағынан қарағандағы көрініс екендігін табады және проекция атауын атайды.
Аталған проекция топ атауы болады. (Фронталь, Горизонталь, Профиль).
Әр топтан топ басшы және бір-бір студент қарсылас топты бағалап отыру үшін таңдалады. Әрбір дұрыс жауапқа кетіргіш - 1 балл ( жауап 50% болса), қарындаш – 2 балл ( жауап 75 % болса), сызғыш – 3 балл ( толық жауап үшін) беріледі.
Бағалау парақшасы
|
|
Өткен тақырыпты қайталау |
Жаңа сабақты бекіту |
Сабақ барысындағы тәртіптілігі |
Қорытынды |
|||||
|
|
I |
II |
III |
IV |
I |
II |
III |
|
|
|
Фронталь |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Горизонталь |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Профиль |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Үй тапсырмасын тексеру (5 мин.)
Өткен сабақты «Қималар туралы түсінік» тақырыбын «Plickers» бағдарламасы арқылы тексеру.
1 тапсырма: Қима дегеніміз не? (Нәрсені жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигураның кескіні)
2-тапсырма. Тетіктің екі көрінісі беріледі. Берілген нұсқалар бойынша дұрыс қиманы табу керек. Дұрыс емес жауапқа сипаттама беру. (3)

3-тапсырма. Дұрыс қиылған қиманы табу керек. (А жазықтығы)

4-тапсырма: Сызбадағы орналасуына қарай қиманы қалай ажыратамыз? (Қабаттасқан және оңашаланған)
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (13мин)

«4 сурет, 1 сөз әдісі» арқылы студенттер өз ойларын айтып жаңа сабақтың тақырыбын табады. (қарбыз, көлік, жиһаз және үйдің тілігі көрсетілген)
«Сызба тіліктері» тақырыбы бойынша презентация (слайд) нысанында көрсетіледі.
-
Тілік туралы түсінік
-
Қарапайым тіліктер
-
Күрделі тіліктер
3.1. Тілік туралы түсінік
Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған заттың (тетікбөлшектің) кескінін тілік деп айтады. Затты ойымызша қиғанымыз тек қана осы тілікке қатысты, бұл заттың басқа кескіндерін өзгертпейді. Тілікте қиюшы жазықтықтың өзінде (қима фигурасы) және оның ар жағында жатқан нәрселер кескінделіп көрсетіледі. Егер де заттың құрылымын түсінуге, қиюшы жазықтықтық ар жағында жатқан кескіндінің барлығын көрсетудің қажеті жоқ болса, оларды көрсетпеуге болады. Заттың (тетікбөлшектің) қиюшы жазықтықта жатқан бөлігі (қимасы) тілікте шартты түрде штрихталып көрсетіледі. Тіліктерде материалдардың графикалық белгіленуін әр түрлі МЕСТ 2.306-68 бойынша алады. Қиюшы жазықтықтың орны сызбада қима сызығымен белгіленеді, жуан үзік сызықпен көрсетіледі. Қиюшы жазықтықтар өзара қиылысқан жерлерін жуан үзік сызықпен көрсетеді. Нұсқалар қима сызығының сыртқы шетінен 2-3мм орналасулары тиіс.
Қима сызықтың бас жағында және аяқ жағында, ал егер керек болса – бұрылу белгілерінде, орыс алфавитінің бас әріпінің біреуін қайталап жазады. Әріптерді нұсқалардың жанынан және бұрылу белгілерінің сыртқы бұрышы жағынан жазады. Тіліктің жоғарғы жағына бұл әріптер сызықша арқылы жазылып, төменгі жағынан жіңішке сызық сызылады; мысалы А-А.
Практикада жұқа қабырғаны, қатаңдық қырын, сым шабақ және тағы сол сияқты элементтерді қамтитын тетіктерді жиі кездестіруге болады. Оларды тетіктерде кескіндеу кезінде төмендегідей ережелерді сақтау керек.
-
Егер қиюшы жазықтық жұқа қабырға немесе қатаңдық қыры бойымен өтетін болса, онда тілікте оларды қиылмағандай етіп көрсетеді.
-
Егер қиюшы жазықтық жұқа қабырғаға, қатаңдық қырына немесе сым шабаққа көлденең өтсе, онда олар қиылған болып көрсетіледі, яғни штрихтар түсіріледі.
Тіліктер жазықтықпен қию санына байланысты қарапайым және күрделі тіліктер болып бөлінеді.
3.2. Қарапайым тіліктер.
Тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті қарапайым тілік деп атайды. Қарапайым тіліктер қиюшы жазықтықтың горизонталь проекциялар жазықтығымен салыстырғандағы орнына қарай горизонталь, вертикаль және көлбеу болып үш түрге бөлінеді.
Горизонталь тілік деп горизонталь проекциялар жазықтығына параллель қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті айтады.
Горизонталь
тілік
Нәрсені горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр жазықтықпен қиғанда вертикаль тілік шығады. Вертикаль тіліктің өзі фронталь тілік және профиль тілік болып екі түрге бөлінеді.
Егер қиюшы жазықтық фронталь проекциялар жазықтығына параллель болса, онда вертикаль тілік фронталь тілік деп атайды.
Фронталь
тілік
Ал қиюшы жазықтық профиль проекциялар жазықтығына параллель болса, онда вертикаль тілік профиль тілік деп аталады.
Профиль
тілік
Егер қиюшы жазықтық горизонталь проекциялар жазықтығына қандай да болмасын (тік емес) бұрыш жасай орналасса, ондай тілік көлбеу тілік деп аталады.
Егер тетікбөлшек симметриялы фигураларға проекцияланатын болса, сызбада көріністің жартысын тіліктің жартысымен қосып, біріктіріп сызуға болады. Егер көлбеу тілік бұрып көрсетілген болса, онда тіліктің белгісінен кейін бұрылу белгісін қою керек.
Көлбеу
тілік
-
Күрделі тіліктер.
Ішкі құрылысы тек бір қиюшы жазықтықты пайдаланатын тіліктерде анықталмайтын тетікбөлшектер жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда бірнеше қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер қолданылады.
Екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер күрделі тіліктер деп аталады. Күрделі тілікте қиюшы жазықтықтың саны екеуден кем болмайды. Осы қиюшы жазықтықтардың өзара орналасуларына қарай, күрделі тілік сатылы тілік және сынық тілік болып екіге бөлінеді. Сатылы тілікте қиюшы жазықтықтар өзара параллель болады, ал сынық тілікте олар доғал бұрыш жасап қиылысады.
Сатылы тілік жүргізілген қиюшы жазықтықтардың проекциялар жазықтықтарына қарағандағы орындарына байланысты горизонталь, фронталь және профиль сатылы тіліктер болуы мүмкін.
Сынық тілікте қиюшы жазықтықтар өзара доғал бұрыш жасап қиылысады. Осындай қиюшы жазықтықтардың біреуін олардың қиылысу сызығынан айналдырып, екіншісімен беттестіреді. Егер беттескен қиюшы жазықтықтар негізгі проекциялар жазықтықтарының біреуіне параллель болса, онда сынық тілік оған сәйкес көріністің орнына салынады.
Сатылы тілік Сынық тілік

-
Жаңа тақырыпты бекіту. (15 мин)
Әр топқа А3 форматы және 3 тапсырмадан беріледі.
1-тапсырма. Әр топқа А3 формат беріледі, бір шетіне тетікбөлшектің көрінісін жабыстырып, сол көрініске қарап Фронталь тобы – профиль тілік; Горизонталь тобы – фронталь тілік; Профиль тобы – горизонталь тілікті тауып, сызбасын сызуы қажет. Тапсырманы орындаған бірінші топтан бір студент шығып сызбаны түсіндіреді.

2-тапсырма. Worldwall бағдарламасымен жаттығу жасау.

-
Көріністер мен тіліктер
1
2
3
Көрнекілік бейнелер
Б
В
А
«Текше әдісі» бойынша өтілген тақырыпты бірнеше көзқараспен қарауға шақыратын оқыту стратегиясы. Әр топқа әр жағында жазуы бар қағаз текше алдын ала дайындалады.
-
Сиппаттаңыз (Сипаттау. Объектіге мұқият қараңыз және көргеніңізді сипаттаңыз.)
-
Салыстырыңыз (ол неге ұқсайды және ол қалай ерекшеленеді?)
-
Ассоцияция жасаңыз ( бұл сөзді естігенде ойыңызға не келеді?)
-
Талдаңыз ( бұл не үшін, қалай жасалғанын айтыңыз )
-
Ұсыныңыз ( сіз оны қалай пайдалана аласыз?
-
Қолдаймын және қарсымын ұғымдарын дәлелдеңіз ( Бұл жақсы ма әлде жаман ба? Неліктен?)
-
Сабақты қорытындылау, студенттерді бағалау (5 мин)
Топ баллдарын санап, жеңімпаз топты анықтау.
Белсене қатысқан топ студенттерін жеке бағалау.
Сабақ бойынша « Кері байланыс» жаттығуы
-
Не қиын болды?

Не үйрендім?

Менің ұсынысым

-
Үй тапсырмасы: ( 2 мин)
-
графикалық жұмыс, әрбір студент өзіне берілг
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Сызба тіліктері

шағым қалдыра аласыз