Материалдар / Ашық сабақ Табиғат – шабыттың қайнар көзі, 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Табиғат – шабыттың қайнар көзі, 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға табиғатпен үйлесімділік, табиғат құбылыстары арқылы шабытын ояту, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2020
578
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мерзім:

Мектеп: Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы

Мұғалім: Жаттоева С.Ш.

Сынып: 5

Оқушылар саны: 18

25

Сабақтың тақырыбы: Табиғат – шабыттың қайнар көзі

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: сезімталдық, қамқорлық, қызығушылық


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға табиғатпен үйлесімділік, табиғат құбылыстары арқылы шабытын ояту, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі шабыттың қайнар көзі екендігіне сезімталдық қасиеті арқылы жетуге болатыны туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушыларды табиғаттың әсемдігін сезінуге баулу арқылы қамқорлық қасиетін кеңейтуге ықпал ету;

Тәрбиелік: Табиғат құбылыстарына қызығушылық таныта отырып, қоршаған ортаменүндестік таба білуге үйрету;

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

1

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Топқа бөлу: оқушыларды гүлдер арқылы топқа бөлу. 3 топ: Жер-қазына, Су-алтын, Жануар-байлық.

5 «Т» ережесін еске салу: Тәртіп. Талап. Тыныштық. Тазалық. Татулық

Жағымды көңіл-күйге келу:

«Орманға ойша серуен»

Сабақ барысын талқылау:

2

Үй тапсырмасын тексеру:

Мұхтар Әуезов «Үзінді» 110 бет

  • Табиғаттың қандай көріністері Абайдың көңіліне шаттық сыйлады?

  • Табиғатқа тамсану адамды не нәрсеге шабыттандырады?

  • Табиғаттың қандай әсем құбылыстарын адамның мінезіне теңеуге болады? Неліктен?

  • Өзің табиғаттың ғажап көріністеріне куә болған кезде қандай сезімге бөленесің? Әңгімелеп бер.

Мәтіннен алған әсерлеріңді қағаз бетіне түсіру, суретін салу немесе эссе жазу.


3

Дәйексөз:

«Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар» - деген Шоқан Уәлихановтың сөзі бүгінгі сабағымызға дәйексөз болады. Дәйексөзді алдымен мұғалім өзі дауыстап оқиды. Сосын балаларға дауыстап оқуды ұсынады. Келесі кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыздар қайталап айтады. Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, мұғалім балалардың жауаптарына сүйене отырып, өзі қорытынды жасайды.


4

Әңгімелеу:

«Суретші туралы ертегі» (А. Лопатинаның ізімен)

Ертеде бір суретші болған екен. Ол ғажайып табиғат көріністерін қағаз бетіне сол күйінде түсіре білді: ормандар, жазық далалар, таулар, аспандар. Ол салған суреттерінің бәрінен тек сұлулықты көрді, сол үшін барлық адамдар оның салған суреттерін көріп сүйсініп, тамашалады. Суретші көп уақытын қыдырумен өткізді, кейде бір сағат, кейде үш сағаттан соң оралатын. Бірақ қай кезде келсе де, оның көзінде нұр, көңілі жадырап оралатын. Сондай көңіл-күймен бірден жаңа табиғат көріністерін салу үшін жұмысына кірісіп кетеді. Бір күні суретші біраз уақытқа көрінбей кетті. Уақыт өте келе оралғанында оның көзінде жайнаған жалын, жадыраған келбет көрінбеді. Және ол бұл жолы ешқандай сурет салмады. Ол бояулары менбояйтын қаламдарын лақтырып тастады. Ол ормандарды, жазық далаларды, аралапбіраз жүрді де, тағы аралауға шықты. Бірақ мазасызданып, көңіл-күйі болмай, оның жан дүниесінде тыныштық орнамады.

  • Сен не іздеп жүрсің? – деп адамдар сұрай бастады. Мен сұлулықты іздеп жүрмін, -деп жауап берді ол. Менәлемдегі сұлулықтың барлығын бірден суреттеп, қағаз бетіне түсіргім келеді.Адамдар ештеңе түсінбестен бастарын шайқап, жан-жаққа тарап кетті. Ал суретші сол бойы айтқанынан қайтпай іздеуін жалғастыра берді. Бір күні түнде суретші орман аралап жүріп адасып кетті де, қатты шаршап шөптің үстінде ұйықтап кетті. Ол түсінде жасыл киімді сиқыршы әйелді көреді. Ол «Табиғаттың» өзі болатын. Оның сөзін де анық естіді: - Сұлулытың қыр-сыры әр алуан. Онық бұл әлемде танылмаған қырлары өте көп. Бірақ, білуіміз керек, суретші сұлулықты кішкене гүлдің суретін салу арқылы да көрсете алады.Айнаның кішкене сынығын сал арқылы бүкіл әлем аспанын көрсете алады. Оны тек сезіне, көре білу және аянбай еңбек ету керек.

Осындай түстен кейін оянған суретші көңілі жадырап, көздері жайнап өзін ерекше бақытты сезініп, үйіне қайтты. Ол көңіл-күйі болмай, табиғат сұлулықтарын іздеуге шыққан кезіндегі жер-жаһанның түкпір-түкпіріндегі тамаша көріністерді көз алдына келтіріп, қағаз бетіне түсіре бастады. Адамдар ол көріністерді көре отырып:
 «Ах!  Қандай әдемі!» -  деп таң қалысты. Және әлем оны  күн өткенсайын өмірдегі сұлулықты жаңа қырынан таң қалдырып, шабыттандыра түсті.


•  Суретшінің  әлемдегі  сұлулықты  жаңа  кырынан тануына не себеп болды?

  • • Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі қандай сезім тудырады?
    •  Сұлулықты көріп, оны сезіне білуге  бола ма? Қалай?
    •  Адам  бойындағы  шабыт қандай қасиеттер арқылы көрінеді?


5

Шығармашылық жұмыс, топтық, жұптық, жеке жұмыс:

Топтық жұмыс:бейнематериал «Табиғат, үн қаталса».

Бейнематериалда «табиғат» бізге қандай сырды ашып бергісі келді деп ойлайсыңдар. «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғттың тілі жоқ»Табиғат сұлулығынан біз қандай қасиеттерді бойымызға ала аламыз, яғни үйрене аламыз. Постер қорғау.

Дәптермен жұмыс:1 – тапсырма Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты шығарған өлеңдерін мұқият оқып, алған әсерлеріңді дәптерге жазыңдар. Осы тақырыптағы Ә. Қастеевтің суреттеріне қарап көр.

Ойын"Айтуға тәуекел байла"
Мақсаты: Әр бір қатысушы өзі туралы бір нәрсе айтуына жағдай жасау және сабаққа оқушылардың түгел араласуына көмектеседі.
Қағаз қиындыларын алып, ондағы ойды аяқтауға тәуекелге баруы талап етіледі. Оқушылар тақырыпқа сай сөйлейді. Қағаз қиындыларындағы сөздер:
........ жақсы жасай аламын.
........ мені алаңдатады.
......., мен өте қуанамын.
......., мен қатты ашуланамын.
Мен көңілсіз болғанда,.............
Мен........... деп түсінемін.
Қазір мен........ сезінемін.

Оқушылар кезекпен қағазды алып, сөздерді толықтырып отырады.

БейнематериалПостермен жұмыс

6

Топпен ән айту:

«Атамекен»

Ескендір Хасағалиев

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп аунаймын көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем

 

Қайырмасы:

Қайда жүрсем атамекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі ұясына

Қимай оны батады екен

Үнтаспа

7

Үй тапсырмасы:

Сырбай Мәуленов «Мен елімді сүйемін» 114 бет.


8

Сабақтың қорытынды сәті:

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

Денемізді түзу ұстап, басымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз, айналадағы барлық тіршілік иесі аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеміз. Тұла бойымыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтыламыз. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып сақтаңдар. Аңсаған армандарларыңа жетулеріңе тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рақмет айтамын!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!