жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Табиғат асыл қазына"
ҚМКҚ ОББО
Жетекші: Ахметова Іңкәр Ерланқызы
Күні:
Үйірме: Бау-бақша
Сабақтың тақырыбы: Табиғат асыл қазына
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың өткен тарауы бойынша алған білімдерін тереңдету;
Дамытушылық: оқушылардың биология сабағына деген қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен ізденуге үйрету, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: бүкіл тіршілік атаулыны, қоршаған ортаны, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жарыс сабағы
Өту әдісі: топтық жарыс
Көрнекілігі: өсімдік суреттері, нақыл сөздер, плакаттар.
Өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың зейінін сабақ мақсаты мен талаптарына аудару. Оқушыларды 2 топқа бөлу.
1-топ. Капитаны:
2-топ. Капитаны:
Біз «Дәрілік өсімдіктер», «Бау-бақша», «Табиғаттағы күз мезгілі» тарауларын аяқтадық. Қазір жер бетінде 500 мыңдай, Қазақстанда 5600-дей өсімдік түрлері бар. Біз тыныс алатын оттегіні өсімдік фотосинтез прцесі арқылы шығаратынын барлығымыз білеміз. Демек, өсімдік болмаса тіршілік те жоқ.
Өсімдік – өмір кілті талас бар ма?!
Тіршілік өсімдіксіз жарасқан ба?
Нәрленіп, негіз алған тірі дүние,
Өсімдіктер таралған жер, аспанға.
Табиғатта өсімдіксіз өмір жоқ?
Өсімдіктен алынатын өнім көп.
Ұн мен май да өсімдіктің өнімі,
Ет пен сүтті ұнатамыз тағам деп.
Білімді тексеру кезеңдері:
-
Таныстыру
-
Иә, жоқ
-
Сандар сыры
-
Кім тапқыр?
-
Ойлан, тап
-
Топ басшылар сайысы
-
Таныстыру кезеңі. Әр топ өздерін таныстырады. (атын, капитанын, мүшелерін, ұранын)
-
«Иә, жоқ» кезеңінде әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Сол сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап береді.
-
«Қызықты биология әлемі» ойыны
1-топ сұрақтары:
-
Бактерия латынша «У» деген сөз. (жоқ)
-
Әкелі-балалы Янсендер жасушаны ашты.(жоқ)
-
Вирустар өздігінен көбейе алады. (жоқ)
-
Жасуша тірі ағзалардың ең кіші бөлігі. (иә)
-
Ботаника жануарларды зерттейді. (жоқ)
-
Микробиология көзге көрінбейтін ұсақ ағзаларды зерттейтін ғылым. (иә)
-
Жапырақтың кеңейген жері сағақ деп аталады. (жоқ)
-
Сабақтың ең сыртқы қабаты өзек. (жоқ)
-
Лейкопласт өсімдіктерге жасыл түс береді. (жоқ)
-
Гүл табанының жоғары жағындағы кеңейген жері гүлтабан деп аталады. (иә)
2-топ сұрақтары:
-
Аталық тозаңның аналытың аузына түсуін тозаңдану деп атаймыз. (иә)
-
Жемістер 2 топқа бөлінеді. (иә)
-
Өсімдекте жасуша болмайды. (жоқ)
-
Бидай жемісі- дәнек. (иә)
-
Саңырауқұлақ өсімдіктер тобына жатады. (жоқ)
-
Дәрі-дәрмек алынатын зең саңырауқұлағы пенцилл деп аталады. (ия)
-
Жасуша ішінде тіршілік ететін паразит вирус. (ия)
-
Жасуша ішінде тіршілік ететін паразит бактерия. (жоқ)
-
Француз ханшасы картоп гүлі өсімдігімен өзін әшекейлеген. (ия)
-
Көзге көрінбейтін ұсақ ағза ол вирус. (жоқ)
«Сандар сыры». Бұл кезеңде әр топқа әр түрлі сандар беріледі. Сол сандарға тиісті жауап беруі керек. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
1-топ: 1665, 6, 3, 100-2000
2-топ: 250мың, 5, 1590-1610, 3
Жауаптары: 1665 жылы Р.Гук жасушаны ашты.
Өсімдіктерде 6 түрлі ұлпа бар.
Тамыр шығу тегіне байланысты 3 топқа бөлінеді.
Гүлді өсімдіктердің 250 мың түрі бар.
Жер бетіндегі тірі ағзалар 5 топқа бөлінеді.
1590-1610 ж.ж әкелі-балалы Янсендер микроскопты ойлап тапты.
Гүлдің аналығы 3-ке бөлінеді.
Микроскоп өте ұсақ заттарды 100-2000 есе үлкейтіп көрсетеді.
-
«Кім тапқыр?» Сөзжұмбақ шешу.
Отыз көйлек киінген,
Бір түйме жоқ ілінген. (орамжапырақ)
-
Денесін жерге тығатын.
Шашы жерден шығатын.
Қызғылт-сары қазықты.
Кім кәне, ұғатын? (сәбіз)
3.Бір бесікте бес бауыр (бұршақ)
4.Тасқа шығар көк,
Бірақ тамыр жоқ. (қына)
5.Жүздеген қозы көргенде
салбырап жазда төбенде.(жүзім)
-
Әр бұтақтан он шақты.
Көрдім қызыл моншақты. (шие)
-
«Ойлан, тап!» Бұл бөлімде берілген әріптерден өсімдіктерге қатысты сөздерді құрап жазу керек. Бұл жерде әр топтың шапшаңдығы бағаланады.
-
1-топ: жапырақ, гүл, вирус
-
2-топ: бактерия, сабақ, жеміс
Тірек сызбаны аяқта.
1-топ:
Өсімдік мүшелері
2-топ:
Өсімдік ұлпалары
-
Топ басшылар сайысы. «Қанша гүл атын білесің?» (2 топтың капитандары әр гүл атаған сайын бір адым аттап, алға жылжиды. )
-
«Қызықты биология әлемі» викториналық сайыс
Қорытынды. Әр топтың алған бағаларын жинақтап, жеңген топты марапаттаймыз.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген