400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Тағамдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Біріккен сынып, арнаулы сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Күні

01.02.2018

Сыныбы

Біріккен сынып

Пәні

Сөйлеу ритмикасын түзету

Тақырыбы

Дүкенге анаммен барамын

«Тағамдар» с дыбысы

Мақсаты


Оқушыларға тағамдар жайлы түсінік беру. Олардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. С дыбысының артикуляциясын түсіндіру.

Оқушылардың таным аясын кеңейту. Әрекет пен байланыстырып сөйлеуін түзете-дамыту. Есте сақтау қабілетін дамыта-түзету. Шығармашылық қабілетін түзету. Сөздік қорын түзете-дамыту.

Оқушыларды сауаттты әрі таза, әдемі жазуға үйрету. Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Мұғалімді тыңдай білуге үйрету. Әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі

Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау,ой-туғызу, хабарлау.


Сабақ жабдығы

Тақта, бор, компьютер,қағаздар.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ, практикалық сабақ.

Сабақтың типі

Ашық сабақ

Көрнекіліктер

Презентация, заттық суреттер, карточкалар.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Кәне балалар шаттық шеңберіне тұрып қонақтармен амандасамыз.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік біз

Сәлеметсіздер ме ағайлар мен апайлар

Балалар біздің қолымызда не бар

КҮН

Ендеше сол күнді бір-бірімізге сыйлау арқылы жақсы жылы лебіздер сыйлайық.

Үй тапсырмасын сұрау

-Балалар үйге берілген тапсырманы алдымызға шығарайық.

-«Менің отбасым» атты тақырыпқа шығармамызды алдымызға шығарайық.

Артикуляциялық жаттығулар

«Қоршау» - төменгі, жоғарғы тістерді біріктіріп көрсету.

«Тоқаш» -ерінді тоқаш сиякты дөңгелету.

«Күрекше»- тілді астыңғы тістердің үстінде күрекше етіп қою.

«Жіп дөңгелегі»- тілдің ұшын астыңғы тіске қайырып, жіп катушкасы сияқты ету.

Жаңа сабақты түсіндіру

-Балалар бүгін біздер с дыбысының артикуляциясын өтетін боламыз. Ең бірінші С дыбысының профиліне көз жүгіртейік (талқылау).

-Енді С әрпін ауада, трафаретте, дәптерге жазып шығайық

Бүгінгі тақырыбымызға қайтадын оралайық. Анамызбен дүкенге барамыз. Бәріміз анамыздың атын алдымыздағы ақ қағазға жазайық. Енді осы аналарымызбен бірге дүкенге барамыз. Дүкендегі дүкенші апайдың атын кім екенін табайық . Дүкенші апайдың аты бүгінгі өтетін С дыбысынан басталады, және алдымызда неше сурет бар сонша әріптен тұрады екен. Алдымызда неше сурет бар?

-Дұрыс айтасыңдар, төрт сурет бар екен. Ендеше дүкенші апайдың атын бәріміз бірге табайық. (Сара)

-Дүкенші Сара апайымыздан бізге қажетті тағамдарымызды сатып алайық. Олар с дыбысы қатысы бар тағамдар.

1.Сүзбе

2.Самса

3.Салат

4. Бауырсақ

Енді бәріміз осы тағамдарды сипаттайық. Міне біздің алдымызда Сара апайдан алған тағамдарымыз бар екен.

Осы тағамдардың атауында с дыбысы қай буында кезедсетінін бәріміз бірге табайық. (қол шапалақтау арқылы табу)

Енді тағамдарымызды сипаттасақ:

-Ең бірінші бауырсаққа тоқталайық. Ол қандай қоспалардан жасалады екен? (ұн, тұз, су, ашытқы)

-Дәмі қандай? Түсі қандай? Пішіні қандай?

-Самсаға қандай қоспалар қосылады екен?

(нан, тартылған ет, тұз,бұрыш)

-Дәмі қандай? Пішіні қандай?

-Сүзбенің қоспалары қандай?

(Ашыған айранды кенеп дорбаға құяды да іліп қойып сорғытады. Содан ол өзінен-өзі сүзіліп, сұйығы ағып кетеді де, сүзбе түбінде қалады)

-Сүзбенің түсі қандай?

-Ал алдымыздағы мына салатқа қандай қоспалар қосылған екен, қарайықшы!

(қияр,қызанақ,ірімшік, болгар бұрышы, зәйтүн, салат жапырағы)

-Түсі қандай екен салатымыздың? Дәмі қандай?

-Жарайсыңдар балалар!Тапсырмаларды жақсы орындап шықтыңдар!

Сергіту сәті

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Дәптермен жұмыс

Алдымыздағы тапсырманы орындайық

Қортынды

Балалар бүгін қандай тапсырмалар орындадық?

-Дүкенші апайдың аты кім екен?

-Қандай тағамдар сатып алдық?

-Жарайсыңдар!!!

Рефлексия

-Балалар бүгінгі сабақ ұнадыма сіздерге?

Ендеше бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлерінді мына күлдіргілермен көрсете қойыңдар!

Күтілетін нәтиже

Оқушылар тағамдар жайлы түсінік алады. Олардың адам өміріндегі маңызын түсінеді. С дыбысының артикуляциясын түсінеді.

Әрекет пен байланыстырып сөйлеуі дамиды. Сөздік қоры түзеледі.

Оқушыларды сауаттты әрі таза, әдемі жазып үйренеді.

Бағалау

Орындау деңгейіне қарай бағалау.

Үйге тапсырма

Тапсырманы аяқтау















«Б.Жұмалиев атындағы орт мектеп» мемлекеттік мекемесі













Shape1

Ашық сабақ



























Тақырыбы: Дүкенге анаммен барамын. «Тағамдар» с дыбысы

Сыныбы: Біріккен сынып

Пән мұғалімі: Жайлиева С.Б.















2017-2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
450
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі