Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ашық сабақ Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл 8 - сыныптың әдебиет пәні бойынша Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесін талдауға арналған сабақ .Сабақ барысында оқушылар шығармадағы кейіпкерлерді сомдаудағы тура және жанама мінездеулерді жіктеп, автордың кейіпкерлерге берген сипаттамаларын талдайды. Сонымен қатар кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынастың тілдік көрінісіне назар аударып, автор бейнесін анықтау бағытында жұмыс жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы Наурызбай ауданы

174 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ж.М.Меңдіғалиевтің қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бөлім


4-бөлім: Қиял мен шындық

Педагогтің аты-жөні


Ж.М.Меңдіғалиев

Күні

15.04.2025

Сынып

8 «В» сынып

Сабақтың тақырыбы

Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;

8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(7 мин)

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Сынып реттілігін қадағалау.

3.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

-Сәлеметсіңдер ме,оқушылар?! Биыл ұлы Жеңіске 80 жыл болса, өздеріңізге белгілі 1923жылы 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылында туып, соғыс басталған уақытта Абай атындағы институттың екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанған Қазақстанның Халық жазушысы Тахауи Ахтановтың  өнер тақырыбындағы басылым бетіндегі алғашқы жарияланған Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесін талдап, ашайын деп отырмыз. Ең алдымен

үй тапсырмасын сұрап алайық. Үйге берілген тапсырма өнер туралы жазылған соның ішінде күй туралы қамтыған ақын-жазушылар шығармашылығына шолу.



Ал енді оқушылар Сіздерді өздеріңіз алып келген тың мәлімет бойынша



















4. Сыныпты топқа бөлу











5. Бағалауды түсіндіру









6. Ой қозғау сұрақтары арқылы тақырыпты ашу, зейіндерін аудару

1.Әңгімеде оқиға қалай басталады?

2.Шығарманың қандай кейіпкерлері бар?

3.Ботасы өлген аруана Естеміс күйшіге қалай әсер етті?

4.Оразымбетке қандай мінездеме берген болар едіңіз?

5.Күйшінің өтінішіне келіскен Жаңылдың әкесінің іс-әрекетін қалай бағалар едіңіз?

6.Естеміс қарт неге өз өмірін өзгертуден бас тартты?

7.Жаңылдың іс-әрекетіне көзқарасыңыз?





7.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту, жазу.

Оқушы сөйлейді:

-Бізге берілген тапсырма өнер оның ішінде күй туралы шығармаларды іздеу,

Ілияс Жансүгіров «Күй мен күйші» 1934 

Әбіш Кекілбай «Күй» повесі

Жұмекен Нәжімеданов «Күй кітабы»1967

Т.Ахтанов «Күй аңызы» 1956

Оқушылар күй, күйші туралы шығармаларға хронология жасап және сабақтың жаңалығына негіз болар домбыра туралы тың мәлімет іздеп айтады.

Оқушы:

--Үш мың екі жүз қырық үш астаналық домбырашы күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының шоқтығы биік «Балбырауынын» бір мезгілде күмбірлетіп Гиннестің рекордтар кітабына енді. Алтынмен апталып, гауһармен әрленген домбыраның құны - 50 мың евроны құрайды. Бұл - кәдесый жасайтын Швецариялық компанияның өнімі. Оған барлығы 24 каратты гауһар тасы бар таза алтын пайдаланылған. Ұзындығы - 100 см, ені 25 см. Домбыра күнделікті қолдануға арналмаған, оның әуен ойнап беретін арнайы механизимі бар. Онда “Үшқоңыр” (Н.Назарбаев, А.Қоразбаев), ” Желсіз түнде жарық ай” (Абай) мен “Аққу” (Сүгір) әндері ойнатылады. 

Болатбек Кәрімханұлы жасаған ең кішкентай домбыра Гиннес рекордтар кітабына енген. Оның ұзындығы – 4 см, 5 мм, ал ені – 1 см, 4 мм.



www.flippity.net сайты бойынша оқушылар «Естеміс», «Оразымбет», «Жаңыл» тобы боп үш топқа бөлінеді.



Сабақта оқушыларды бағалау ерекшеліктерімен таныстыру





Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.

8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;

8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;




Оқушыларды

домбыраның түрлі суреті, қима қағаздары бойынша бағалаймын.























































Оқушы

дескриптор арқылы бағаланады және сабақ барысында «Жарайсың!» деген мадақтау сөздермен ынталандырыл-ып отырады.

Әр сұраққа 1 балл қойылады.


Домбыра,кесте, презентация, қима қағаздар т.б.





























https://flippity.net/







AutoShape 1




Сабақтың ортасы

(28 мин)











































Ал оқушылар!

-Бүгінгі сабағымызда біз Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайтын боламыз.

Үш топқа үш тапсырма беріледі.

1-тапсырма. А) Автордың кейіпкерлер арқылы не айтқысы келді? Соны анықтаңыз.


Ә) Әңгімедегі негізгі кейіпкерлерге өзіндік баға бере отырып, төмендегі «Концептуалды» кестені толтырыңыз.



«Қадамдар» кестесі арқылы оқушылар жеңілден күрделіге қарай тапсырманы орындап, түйінді ойын білдіреді. Шығарманың көркемдік – идеялық құндылығын бүгінгі күнмен салыстырады.











2-тапсырма.

Балалар әдебиетімізде мінездеу деген бар. Мінездеу деген не? Мінездеудің неше түрі бар еді.






Олай болса, мәтіннің ішіннен мінездеуді табалық?



Жас жігіттің дауысы аңсағанын көргендей қуанышты шықты. Оның астында – жалын өрген қылаң бесті. Үстінде – өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған, басында – төбесін көк  мақпалмен тыстаған құндыз бөрік. Тек ер-тұрманы ғана жұпынылау. Бір кезде көк сауырлап жез шегені тізілте қаққан ері басқа біреудің астынан ауысқан сияқты, әбден тозып, бояуы оңып, жарғақтанып кеткен. Ердің артындағы ұзын қызыл қоржыннан шекпен қап кигізген домбыраның мойны шығып тұр. Оның қасындағы күрең атты – жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған, қағылез кісі. Бұл осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді. 

Сергіту сәті

Ортаға өзіміздің арамыздағы өнерлі жігіт, күйші жігіт Азаматты шақырып, «Нар идірген» күйін тындап алайық! «Нар идірген» күйін Бағдатұлы Азаматтың орындауында тыңдайық!


«Домбыра және моншақ құрылысы» бойынша шығарма талдау

1-топ «Естеміс»


1. Тақырыбы мен идеясы

2. Сюжеті мен композициясы

3. Кейіпкерлер бейнесі


2-топ «Оразымбет»,


1. Көркемдік құралдар

2. Пейзаж және оның рөлі

3. Күй және оның маңызы


3-топ «Жаңыл»



1. Кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас

8. Философиялық астары

9. Шығарманың тәрбиелік мәні


10.түйін немесе менің ойым





















































Жазушы кейіпкердің сыртқы портретімен қатар ішкі портретін, яғни мінез-құлқын, наным-сенімін, дүниеге көзқарасын суреттейді. Әдебиетте мұны мінездеу дейді. Тек мінездеу жағына ғана назар аударатын болсақ, осының өзін жазушы әртүрлі тәсілмен жасайды. Бірі-тура мінездеу,тағы бір тәсіл-жанама мінездеу.



Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндайды.

Жанама мінездеу оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаhарман бейнесін ашып көрсетеді.

Сюжеті мен композициясы

Басталуы: Екі салт аттының жолға шығуы. Күйшілердің әңгімесі

Байланыс: Жапанда жалғыз нардың кезігуі.Жолаушылардың жалғыз үйге келуі

Дамуы: Қыздың әкесіне қолқа салуы

Шарықтау шегі: Естемістің Жолын жас жігітке беруі «

Шешімі: Наридірген» күйінің дүниеге келуі.

Дескриптор

3 балл.

Ұсынылған материал бойынша екпін түрлерін ажыратып жазады.










Дескриптор:

Оқушылар автор бейнесі арқылы әңгіме кейіпкерлерін табады.

Автордың кейіпкерлер бейнесі арқылы не айтқысы келгенін анықтайды.

Автор бейнесін, кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды



Дескриптор:

Жалпы – 3 балл

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

































Әр сұрақ бір баллмен бағаланады.

Жалпы – 5 балл.



















































































































Сабақтың соңы

(10 мин)

Рефлексия.

learningApps қосымшасы арқылы беріледі.



Бағалау





Үй тапсырмасы

«Күй аңызы» әңгімесіне байланысты тест сұрақтарын құрастыру. «Наридірген» аңызына байланысты мәлімет жинау, іздену.



Сабақ түйіндеу


















.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12