жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесінің құндылығы 8-сынып
Бөлім: Қиял мен шындық Мектеп: Зеленобор мектеп-гиназиясы Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Акатова. А.А Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесінің құндылығы Нәтиже сабақ |
Оқу мақсаты |
Б/С1. Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихилығын және құндылығын бағалау |
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: Шығарманың тақырыбы мен идеясын шығармада көтерілген мәселе арқылы табады Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығарманы өзі тектес басқа шығармалармен салыстырады, сыни ойлау деңгейінде пікір білдіреді Кейбір оқушылар орындай алады: Шығарманың тарихилығына және құндылығына баға береді |
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Бағалау және салыстыру |
Бағалау критерийі |
Шығарманы тақырыбы мен идеясы ұқсас шығармалармен салыстырып, тарихилығын және құндылығын бағалай алады. |
Тілдік мақсат |
Оқушылар қолдана алады: Шығармадағы тарихи және көркемдік құндылықтарды түсінеді; Шығарманы тақырыбы мен идеясы ұқсас шығармалармен салыстырады; Жазылым жұмысында шығармаға баға беріп, өз көзқарастарын нақты жеткізеді. Пәндік лексика мен терминология: тарихи құндылық, жүрек қылын, майда әуен, нәзік күй,майда ырғақ, болмашы үміт.
|
Құндылықтарды дарыту |
Өнер құдіретін түсіну, халықтық өнерді бағалау |
Пәнаралық байланыс |
Өнер, музыка, тарих пәнімен байланыс болады. |
Бастапқы білім
|
Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|||||||||||||||||||||||||||
Психологиялық ахуал 1 минут |
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Күй ойнайды қазағымның жанында, Күй ойнайды қазағымның қанында Жүрегінің , жүрегінің дүрсілі Күмбірлеген домбырасы барында,- дегендей қазақтың күй өнеріне арналған сабағымызға қош келдіңіздер. Сәлемдесу. Көңіл-күйді «Бас бармақ» әдісімен анықтау. Сабаққа сәттілік тілеу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып, жұмыс барысымен таныстыру. |
|
|||||||||||||||||||||||||||
Үй жұмысы 3 минут |
Тест QR код Plikcers қосымшасын қолдану арқылы тексеріледі. 1.Екі күйшіге кездескен жалаңаш тау қалай аталады? А) Алатау В) Ипан С) Қараша D) Шұбар 2. Түйе малының жалпы атауын көрсет. А) Қамбарата В) Зеңгі баба С)Сексек ата D)Ойсылқара 3. Тақырыптың идеясын ашатын тірек сөзді көрсет. А) күйші, құдірет В) махаббат,шәкірт С) нар, бота D) Естемес,Оразымбет 4. Естеместің жасы нешеде? А) 60 В) 70 С) 40 D )50 Дескриптор. Білім алушы
Қ.Б «Ноталар»
|
QR код парақшалары, ұялы телефон
|
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут
|
І. Қызығушылықты ояту «Миға шабуыл» С «Нар идірген» күйі ойналады. Айгүл Дүкенбаеваның орындауында. Балаларға сұрақ : 1.Балалар, тыңдалған күйден қандай әсер алдыңыздар? 2. Күйдің құдіретін сезіндіңіздер ме? (Ықтимал жауаптар қабылданады) |
http://yandex.kz/
|
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 4 минут
1 минут |
ІІ.Мағынаны тану «Салыстыру кестесі» 1-тапсырма Ж.Ж Оқушылар әңгімені өздері оқыған басқа шығармамен салыстырады.
Дескриптор. Білім алушы
Қ.Б Өзін - өзі бағалау 4 –і дұрыс- кереметсің! 3-і дұрыс- жап-жақсы! 2-і дұрыс- талпын! 1-і дұрыс- өкінішті! Оқу керек! Сергіту сәті
Менің
эмоцияларым тренингі Естемес құсап күй тартамыз, ботасынана айрылған нар құсап ыңыранамыз, Жамал құсап түйе сауамыз, алыстағы Ипан тауын қараймыз, ботасынанан айрылған нарды көріп шошимыз.
|
|
|||||||||||||||||||||||||||
4 минут |
ІІІ. Ойтолғау Рефлексия «Еркін жазу» әдісі «Алғыс хат» Авторға немесе кейіпкерге алғыс білдіріп хат жазу.
|
|
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут
|
Кері байланыс
|
|
|||||||||||||||||||||||||||
1 минут |
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Балалар, біз сіздермен бүгінгі сабағымызда күйдің құдіреттілігіне,оның рухани дүниемізде қандай орын алатындығына, құндылығына баға бердік. Ендеше күй өнері де Ұлы даламыздың жеті қыры секілді қазақ халқын әлемге танытар бренд болатынына сеніміміз мол. |
|
|||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы 1 минут |
«Күйдің құдіреті осы» тақырыбында ойтолғау жазу |
|
|||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген