Ашық сабақ "Талбесік"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Талбесік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Талбесік"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Тәрбие басы тал бесік.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі:Оқушыларға тәрбие бесіктен бастау алатынын,яғни қазақ халқының салт-дәстүрлерімен әдеп-ғұрыпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

2.Дамытушылығы:Оқушы бойындағы ізденгіштік,тапқырлық және танымдық қаблеттерін дамыту.

3.Тәрбиелілігі:Оқушыларды имандылыққа,әдептілікке,кішіпейілділікке сонымен бірге еңбекқорлықпен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:Интерактивті,сұрақ-жауап,көрнекілік.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың байланысы: дүниетану,математика,сурет,ән,үш тұғырлы тілді қолға алу.

Сабақ көрнекілігі: суреттер,бүктеме,интерактивті тақта, ұлттық бұрыш.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық даярлық:

Армысың,шапағатты күніміз,

Армысың,мейірімді жеріміз,

Армысың табиғат – анамыз,

Келді сізге өзіңіздің балаңыз

Жаңа сабақ:

Ребус: 7саны;атаның суреті

Олай болса, балалар Бауыржан Момышұлы атамыздың «Жеті атасын білмеген» деген сөзі бар.Бізде өзіміздің жеті атамызды атап,сол ауылдарға саяхат жасасақ қалай қарайсыңдар? 1Әке 2.Бала 3.Немере 4.Шөбере 5.Шөпшек 6.Немене 7.Туажат



Әке ауылы: «Ата-баба дәстүрі әдептілік негізі»

Көрніс: Үлкенге құрмет,кішіге ізет.

Би: Қара жорға

1.Туған соң адам боп

Білімсізден жаман жоқ

Ел дәстүрін білмесең

Жұрт айтады надан деп.

2.Ата бабаң ардақты

Жамандыққа бармапты

Ардақ тұтып үлкенді

Ата жолын жалғапты.

3.Бауырласқан тәніміз

Бұзылмаған антымыз

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз

Өзге ұлттай біздіңде

Бар дәстүрмен салтымыз.

Бала ауылы «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты»

-Ұлдар қандай болу керек?

Қыздар қандай болу керек?

1.Көңіліңді,бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.

2.Тәрбиесіз бала білім ұғама?

Олай болса уысыңнан шығарма?

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде

Өнерімен қуантады түбінде.

3 Ұл-қызы ізеттібоп тұрса егер-

Әке-шеше жүзі жайнап нұр себер.



Ән; Болайықшы осындай



Немере ауылы;Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен

Көрініс;Не деу керек?

1.Ісіңежұрт сүйінер,

Бала болсаң әдепті.

Дос жараның күйінер

Таста жаман әдетті.

2.Әдептілік-бұлақтай

Тазалығы арыңның.

Өлшемі-ол сынаптай

Бойыңдағы барыңның

3.Қанағат,рағым,терең ой,

Талап,еңбек-өркенді,

Барі саған керек қой,

Ұлы өмірің-ертеңгі.

4.Бес жаманнан қашық бол

Армандайық алысты.

Бес асылға асық боп,

Қамшылайық намысты.

5.Ақ көңіл,досшыл боламын,

Аппағы менмін ананың.

Бейбітшіл әрбір досымның

Ісіне менде қосылдым.





Би:Киіз басу.



Немеренің баласы-

Коңілінің санасы,

Атасына немене?

Әжесіне немене?



Шөбере ауылы:«Атадан қалған сөз»

Көрініс:Ырым-тыйымдарға байланысты





Мақалды жалғастыр:

1.Атаға қарап .......(ұл өсер)

Анаға қарап.........(қыз өсер)

2.Ананың көңілі........(балада)

Баланың көңілі.......(далада)

Атаның баласы болма,

,,,,,,,,,,,, баласы бол.

4.Ата көрген ......... (оқ жонар)

Ана көрген ...........(тон пішер)





Жұмбақ



1.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама (кітап)



Ән:Дос боламыз бәріміз.

-Шөберенің баласы-

Көйлегінің жаңасы,

Атасына кім десек?

Әжесіне кім десек?

5.Шөпшек ауылы: «Ел болашағы-білімді ұрпағында»

Балалар,Елбасымыз Н.Назарбаев еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың қолында деп ,яғни ел болашағы білімді ұрпағында екендігін айта келіп, сендерге сенім артып отыр.Олай болса, біз осы күнге дейінгі алған білімдерімізді ортаға салайықшы. Қыркүйектен бері біз қандай әріптерді танып, білдік?

Алфавит сыры

1.-Алфавиттің

А тұрады басында.

Әрқашанда

Ә тұрады қасында.

Байқадың ба

Б тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде?

-Түсінші

2.А деген ол-

Аналар гой ардақты,

Ә деген ол-

Әкелер гой салмақты,

Б деген ол-

Балалар гой әдемі

Біздің елде

Үшеуі де кәделі....

Алшақ кетпей,

Сондықтан да расында,

Тұрады олар

Алфавиттің басында!...

Әке, ана, бала жазу.

Ал,қазақта жеті санын киелі дейміз.Жеті санына байланысты қандай ұғымдарды білеміз?

Жеті қазына;Жеті күн; Жеті аталарын сұрау.



Жиреншещешен



-Ал шөпшектің баласы,-

Саусағының саласы,

Атасына немене?

Әжесіне немене?

Немене ауылы:«Денсаулығым-бақытым»

Денсаулық дегеніміз адам ағзасының жан-жақты дамуы мен бүкіл дене қызметтерінің жүзеге дұрыс асыра білуі.Адамның дене шынықтыруы,үнемі денені таза ұстауы, күн тәртібін орындай білуі және адамның көңілді, қуанышты болуы да денсаулықты сақтауға көмектеседі.

1.Денсаулық ол-шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол-тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.



2.Денсаулық ол-күлуің

Көңіл-күйің жадырай,

Денсаулық ол-жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

3.Беті қандай кір еді,

Айниды адам жүрегі

Көрсе осы бір кескінің,

Күледі ау жұрт, күледі.

Сондай бала болама?

Сендер оған жолама



4Жақсы бала құлақ сал,

Айтқаныңды ұғады.

Төсегінен тұра сап,

Таза ауаға шығады.

Жақсы бала ол анық,

Істемейді шалалық,

Тап-таза боп жуынып,

Алады өзі таранып.





Барлығы: Тазалық-денсаулық кепілі



-Немененің баласы-

Алты ауылдың арасы,

Ата әжеге туғаннан жат.

Оның аты-туажат

7.Туажат:«Табиғатым-тағдырым»

Көрініс:Табиғатты аялайық



1.Жер ана тіршілікке, адамға нәр беріп тұр.

2.Су ана жер жүзіне тірек болып тұр.

3.Ауа ана-барлық тіршілік атаулыға тыныс беруші.

4.Айналаны, су қоймаларын қоқыстан таза ұстайық.

5.Ауаның ластануының бір көзі –автакөліктер. Олардың улы заттар бөлініп шығады.

6.Фабрика, зауыттан шыққан түтін ауаны ластайды.

7.Арқар,бұғы,дуадақ құндыз т.б. оңайлықпен табу қиын

8.Елімізде Алматы , Ақсу-Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжын,

Наурызым, Марқакөл сияқты қорықтар бар.



Ән:Бал балалық.



Қортынды сөз:

Құрметті қонақтар, бүгінгі сабағымыздың көздеген мақсаты,заман өзгерсе де,ұлттық дәстүріміздің көнермейтіндігін еске сала отырып,«Жақсыдан үйрену,жаманнан жирену»керек екендігін ұғындыру.Еңбек пен білімнің арқасында барлық белесті бағындыра алатындығын түсіндіру.«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін,еліне адал қызмет ететін,тілінің,Отанының, табиғатының жанашыры болатындығына сенімдіміз.































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
465
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі