400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Тапқыр достар"

Материал туралы қысқаша түсінік
 Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету;  Қатысушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;  Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар» Қазақ әдебиеті

Мақсаты:

  • Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету;

  • Қатысушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;

  • Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабағы

Көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта


Тәрбие сағатының барысы:Шаттық шеңбер «Күн күлімдеп нұр төкті»

Мұғалімнің алғашқы сөзі:

  • Сәләмәтсыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар, ойынға қатысушылар! Бүгінгі 5-7 сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Тапқыр достар» ойынына қош келдіңіздер! Ойын, сайыс болғаннан кейін баға беруші қазылар алқасы болуы шартты, сондықтан алдымен әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Әділқазылар алқасының құрамында 1 оқушы, 2 ұстаз болады.

Әр топта 3 оқушыдан: Эмблемасы, галстугы, топтың аты.

Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады:

І Топ көшбасшыларын анықтау (тест)

ІІ Таныстыру

ІІІ Кім тапқыр (әріптер бойынша сөйлеу)

ІҮ Ойлан тап (ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру)

Ү Коллажды қорғау

ҮІІ Қорытынды: Бес жолды өлең (жеңімпаздарды анықтау)


І кезең- Топ көшбасшыларын анықтау (тест)

  1. Балалы үй .....

А) қызық Б) базар В)шулы

  1. Ақылы көпті ....... .............. .

А) дау алмайды Б) жау алмайды В)сөз алмайды

  1. Баланың алғашқы ұстазы - .............. .

А) мектебі Б) ата-ана В)өзі

  1. Ананың көңілі балада, баланың көңілі ............

А) анада Б) оқуда В)далада

  1. Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке - ............. .

А) Отаны Б) өз үйі В)туған жері

  1. Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлыңша қина, он

  2. төрттен кейін ............................... .

А) досыңдай ойна Б) әкеңдей сыйла В)құрдасыңдай сыйла

  1. Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.

Кіші сені сыйласа, ........................................ .

А) кісі сені сыйлайды Б) бәрі сені сыйлайды В)кіші сені сыйлайды.



ІІ кезең- Таныстыру

Әр топ өздерін , эмблемаларын таныстырады.

(әділқазылар алқасы бағалау парағы бойынша бағалайды)


ІІІ кезең – Кім тапқыр.

Әр қатысушы әріп таңдайды. Қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен

жауап береді.


Сұрақтары: (әр топқа)

  1. Ол қандай күн деп ойлайсындар?

  2. Туған күнде не сыйлайды?

  3. Қуанған кезде не істейсіз?

  4. Қонақтарды қалай қарсы аласыз?

  5. Сыйлық дегеніміз не?

  6. Көршіңізбен татусыз ба?

  7. Сыйлықты қай уақытта беру керек?

  8. Мерекеде жақындарыңызға не сыйлайсыз?

  9. Бақыт деген не?

  10. Қуанышыңызды кіммен бөлісесіз?

  11. Киноға кіммен барасыз?

  12. Ақылды адам қандай болады?

  13. Қандай сыйлық алғанды ұнатасыз?

  14. Қазақ неге ет жегенді жақсы көреді?

  15. Күлкіңізді тыя алмағанда не істейсіз?

  16. Сүйікті тағамыңыз қандай?

  17. Адам көркі не?

  18. Ырымдарға сенесіз бе?

  19. Мектеп сізге ұнай ма?

  20. Ойыншыларға не тілейсіз?


Сергіту сәті «Ән шырқайық бәріміз»


ІҮ кезең –« Ойлан тап».

Ойыншылар ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді.


10


20


30



10


20


30



10


20


30







“Қобыланды батыр” жыры мен “Алпамыс батыр” жырының

ұқсастығы неде?

Picture 9


“Біржан сал Абай аулында” әңгімесінің авторы кім?


“Менің атым- Қожа” әңгімесіндегі жантасқа мінездеме бер.



Picture 8

“Жауынгердің тұлғасы” әңгімесінде Б.Момышұлы қандай ерлік көрсетті?



Абайдың бір қара сөзін жатқа айт




М.Мақатаевтың бір өлеңін жатқа айт



Ү кезең –Коллаж

Сендер аналарына,әкелеріне, достарына қандай сыйлық сыйлар едіңдер?

Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, ойыншылар дипломармен марапатталады.


ҮІ кезең - Қорытынды:

Бес жолды өлең 1. Не? 2.Қандай? 3.Не істейді? 4.Сөйлем 5. Синоним 









Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Надежка орта мектебі









Тақырыбы:

апқыр достар

Қазақ әдебиеті





5-7-сыныптар арасында





Өткізген: Сураганова К.Ж.









2018-2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі