Ашық сабақ тақырыбы : Канзаши әдісімен раушан гүлін жасау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы : Канзаши әдісімен раушан гүлін жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы ашық сабақ технология пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек бере алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ









Ашық сабақ

Рисунок 1

Тақырыбы: Канзаши әдісімен раушан гүлін жасау.



«Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінің жетекшісі,

қосымша білім беру педагогі – Шүкірбекова Ж.Ж.











2024ж.



Сабақтың мерзімі: 27.11.2024 ж.

Мектебі: № А. Байтұрсынов атындағы Ж.Б.Б.М..

Үйірмесі: «Алтын оймақ» қолөнер

Тобы: І

Сабақтың тақырыбы:  Канзаши әдісімен раушан гүлін жасау.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Балаларға канзаши әдістерімен раушан гүлін жасауды үйрету. Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, қол икемдерін, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік. Балалардың қолөнерге деген қызығуын оятып, ұқыптылыққа, жұмысты өз бетімен орындауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: ашық сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілі: Сөздік әдісі - түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, машықтық әдісі -сарамандық жұмыс
Көрнекілігі: эскиздер, дайын бұйымдар суреті. Құрал-жабдықтар: ақпа тоқ клей, ине, жіп, атлас таспа түрлері, қайшы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Тәрбие бағыты ІІІ. Сергіту сәті ІV. Өткен сабаққа шолу жасау V. Негізгі бөлім. Жаңа сабақ VІ. Сарамандық жұмыс VІІ. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру VІІІ. Технологиялық картамен жұмыс жасау ІХ. Қорытынды Х. Сабақты    бекіту  бөлімі.



 І. Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың  назарын сабаққа   аудару, ой қозғау, кіріспе.

ІІ. Тәрбие бағыты

Үлкенге құрмет көрсету

Қазақтың ең орныққан, маңызды қағидасының бірі осы – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. Ұрпақтарға ең үлкен тәрбиені де осы бір ауыз сөзбен бойына сіңірген.

Үңілсек, бұл сөзде үлкен философия жатқан сияқты. Өзімізден үлкенді құрметтесек, өзімізден кішіге иіліп ізет көрсетсек, адамзатты сыйлаған, бәрімен жақсы қарым-қатынаста болмаймыз ба? Ал күллі адамзатты сыйласаң, өзің де сыйлы боласың, құрметке бөленесің.

Қазақта отбасының әр мүшесінің өз орны бар. Шектен шығып бара жатқан кісіні «Өз орныңды біл!» деген бір ғана сөзбен тоқтатқан. Балалары ата-әжесін, әке-шешесін құрметтейді, олар айтқан сөзге тоқтайды. Аға-әпкелері іні-қарындастарына қамқор болады, келіндер үлкенге тік қарамай, даусын бәсеңдетіп сөйлейді. Дастархан басында отырғанда да осы қағида сақталады. Үлкендер–төрде, олардың жанын ала бере, оң жағында қыздар, сол жағында ұлдары, одан төменірек балалар, келіндер жайғасады. Төр – құрметті орын. Сондықтан да онда құрметті кісілер отырады.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет дегенді қалай түсінесіңдер?

І: Адам баласы өзгелермен қарым - қатынас жасағанда оның таныс, таныс еместігіне, алыс - жақындығына, үлкен - кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай кішіпейіл, әдепті болуы керек бұл адамгершілік борыш.

ІІ: Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілділіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен кішілердің мінезі кішкентайынан дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасап, оларға жол көрсете білуі керек.

ІІІ. Сергіту сәті

ҚББП: «Үлкенге – құрмет, кішіге- ізет»  көрсету үшін біз саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде 4 үлкен қала бар:
1. Үлкен,       2. Құрмет,     3. Кіші,     4. Ізет

Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды?  Ұнаған қала аты жазылған  қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.
1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
– Асықпай түсіндіріп беремін.

4. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.
ҚББП: Жарайсыңдар, балалар.  Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің белгісі екенін білеміз, осындай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.

- Ата-анаңа қарсы келме.
- Үлкеннен бұрын сөйлеме.
- Әдепсіз сөзді айтпа, өтірік айтпа.
- Жаман әдетті үйренбе.
- Мақтаншақ болма, тәкәппар болма.

ІV. Өткен сабаққа шолу жасау

  • Канзаши дегеніміз не?

  • Канзаши қай елдің өнері?

  • Канзашиды жасауға қандай құралдар мен материалдар қажет?

V. Негізгі бөлім. Жаңа сабақ.


Канзаси - бұл дәстүрлі жапондық шаш ою-өрнегі, шашқа жабысып, тірек етіп, әшекейлейтін әшекейленген таяқша немесе шаш қыстырғыш.Жапонияда канзаши түрлері өте көп, олар таспалардан, тастардан, гүлдерден, маржандардан, тізбектерден жасалған, олар формада болуы мүмкін. гүлдер, көбелектер, жұлдыздар және т.б.

Канзаши - кез-келген түрдегі лентадан жасалынған ине шаншудың бір түрі. Қанзаштан гүлдер жинап, шаш түйреуіштерін, таспаларды, сырғаларды, серпімді белдеулерді безендіруге болады. Топиарий және басқаларын жасауға болады.

Раушан (роза) – әлемдегі ең әдемі гүлдердің бірі. Ол музыкаға, поэзияға және көптеген ұрпақтың махаббатына бөленген. Әлемде сыйланған раушан гүліне қарап, күлімдемейтін бірде-бір әйел жоқ шығар.  Ал енді гүлдердің патшайымымен жақынырақ танысып көрейік.

Раушан – АҚШ, Иран және Англияның ұлттық гүлі.

Табиғи раушан майы – әлемдегі ең қымбат май. Ол алтын мен платинадан да бағалы. Ал бір келі раушан майын алу үшін үш тонна раушан күлтелері керек.

Әулие Валентин күні әлемде ең көп раушан гүлі сатылады. Бұл күні 3 миллионнан аса раушан сатылады.

Раушан гүлінің хош иісін үнемі иіскеп жүретін адам ақ пейілді және сабырлы болады. Себебі, гүлдің хош иісі адамның көңіл-күйін жақсартады.

Әлемдегі ең кішкентай раушан сұрыбы «Си» деп аталады. Оның үлкендігі күріш дәніндей ғана.

Жабайы раушан тұқымы – итмұрында лимоннан да көп С витамині бар. Оның қайнатпасы денсаулықты нығайтудың тиімді құралы болып табылады.

Бұл таңғажайып гүл Ресейде алғаш рет XVI ғасырда пайда болды. I Петр патша кезінде бақшалар мен саябақтар раушан бұталарымен безендіріле бастады, ал II Екатерина билік еткен кезде раушан патша бағының патшайымы болды.

Раушаннның «Хамелеон» деген ерекше  сұрыбы Жапонияда өсірілген. Ол раушанның күлтелері таңертең ашық қызыл түсті болса, кешке – ақ болады.

VІ. Сарамандық жұмыс.

Бүгінгі сабағымызда, балалар, канзаши әдісін пайдалана отырып, атлас лентадан немесе матадан раушан гүлін жасап үйренеміз.


VІІ. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз.
1. Инені аузыңа салма
2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
3. Инені кез келген жерге қадауға болмайды.
4. Қайшыны жолдасыңа үшкіл жағымен берме.
5. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды.
6. Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.

VІІІ. Технологиялық картамен жұмыс жасау

Р/с

Жұмыс реті

Нобайы

Керекті құрал-жабдықтар

1

Жұмысқа керекті құрал жабдықтарды дайындау


Атлас таспа, ине, жіп, қайшы, сызғыш, қарындаш

2

Атлас таспаны өлшеп, бірдей бөліктерге кесіп алу

Picture 1

Атлас таспа, қайшы, сызғыш, қарындаш

3

Таспаның екі шетін қайырып, көктеу тігісімен тігіп шығамыз

Рисунок 75

Атлас таспа, ине, жіп, қайшы

4

Тігісті тартып, жиырамыз

Рисунок 78

Атлас таспа, ине, жіп, қайшы

5

Алғашқы таспа бөлігін орап, гүлдің ортаңғы бөлігін шығарамыз

Рисунок 79

Атлас таспа, ине, жіп, қайшы

6

Екінші бөлікті осы әдіспен өңдеп, сыртына орап, бекітіп тігеміз

Рисунок 80

Атлас таспа, ине, жіп, қайшы

7

Келесі бөліктерді де осы әдіспен өңдеп, сыртына тігіп бекітіп отырамыз

Рисунок 81

Атлас таспа, ине, жіп, қайшы

8

Әдісті қайталай отырып, барлық күлтешені біріктіріп шығамыз

Рисунок 82

Атлас таспа, ине, жіп, қайшы

Осы суреттерге қарап отырып, канзаши әдісімен раушан гүлін жасауды оңай үйреніп аламыз.


Ойын «Кім тез?» ою аттарын дұрыс жаз.

1. мқошүізқар (қошқармүйіз) 2. ізшытнақ (тышқаніз) 3. нысықүйімз (сынықмүйіз) 4. етш (шет) 5. сұқнақат (құсқанат) 6. ұлжзыд(жұлдыз) 7. атқан (қанат) 8. латба(балта) 9.табозөк(ботакөз) 10.бекөекл (көбелек)

ІХ. Қорытынды.

Мінеки, балалар, біз өзімізге пайдалы және әсем раушан гүлін жасауды үйрендік. Балалар, «Өнерді үйрен де жирен» деп ата- бабамыз айтқандай әрбір өнерді үйрену өзімізге пайалы бұйым жасаумен бірге біздің қолымыздың ұсақ моторикасын, эстетикалық талғамымызды, шығармашылық қабілетімізді дамытады. Әрқашан шығармашылықтарыңа табыс тілеймін.

Х. Сабақты    бекіту  бөлімі. Өзіңді тексер!    Кестені  толтыр.

Аты-  жөні: 

Не? Нені білдім?




Сипаты




Не үшін  қажет?




Қай  жерде қолданады?




Нені  үйрендім?




Нені  үйренемін?



Picture 17 Picture 19 Picture 21

Picture 23 Picture 33

Picture 25 Picture 35 Picture 37

Picture 27 Picture 29

Picture 31 Picture 39

Picture 41



















1. Үлкен,      2. Құрмет,  





   3. Кіші,  4. Ізет



4. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?


3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?


2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?


1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 





1. мқошүізқар

2. ізшытнақ



3. нысықүйімз



4. етш



5. сұқнақат



6. ұлжзыд



7. атқан



8. латба



9.табозөк



10.бекөекл



(қошқармүйіз)

(тышқаніз)

(сынықмүйіз)

(шет)

(құсқанат)

(жұлдыз) (қанат) (балта) (ботакөз) (көбелек)

Х. Сабақты    бекіту  бөлімі. Өзіңді тексер!    Кестені  толтыр.

Аты-  жөні: 

Не? Нені білдім?




Сипаты




Не үшін  қажет?




Қай  жерде қолданады?




Нені  үйрендім?




Нені  үйренемін?







Х. Сабақты    бекіту  бөлімі. Өзіңді тексер!    Кестені  толтыр.

Аты-  жөні: 

Не? Нені білдім?




Сипаты




Не үшін  қажет?




Қай  жерде қолданады?




Нені  үйрендім?




Нені  үйренемін?









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2025
115
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі