Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы : "Су өмірдегі нәрі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Су адамға, жануарларға, өсімдіктерге және құстарға өте пайдалы. Сусыз өмір жоқ. Балаларды табиғаты аялауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: «Су – өмір нәрі»

 Мақсаты:  Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету.

Білімділік: Су –тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, су, сүт, қасық, бояу түрлері, қайнатылған шайнек, стакан, айна, бу, қант, сарымсақ.

Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, тәжірибелер, суреттер.

Сабақтың барысы:

Балаларды тыныштандырып, орындарына отырғызу.

Кәне бәріміз орынымыздан тұрып шаттық шеңбер жасап алайық.

Шаттық шеңбері:

Аспанымыз ашық болсын,

Нанымыз көп болсын.

Суымыз мөлдір болсын,

Күн нұрлы болсын.

Балалар бері қараңдаршы мұнда бір дыбыс естіледі, ненің дыбысы екенің тыңдайықшы.

Балалар:Су.


Дұрыс айтасыңдар.Су бізге қажет пе?

Балалар:Иә

Су туралы тақпақ білесіңдер ме?

Амира: Білгін мұны балалар 
Сусыз құрғақ далалар
Сусыз қараң далалар Ескертеміз бар ұлға
Ескертеміз бар қызға
Суды босқа ағызба.
Айша: Су – табиғат байлығы
Өзен-көлге барғайсың
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп тұрғайсың

 Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер сол жұмбақты шешіп тақтаға жауабын жапсырасындар жарайма.
Жұмбақтар: (жауабын тапқан бала сол суреттерді тақтаға іледі)


1. Дәміде жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.  (Су)


2. Моншағым көктің,

Тестім түбін шөптін.  (Тамшы)


3. Көз жасын төгіп елжіреп,

Жүреді көкте көлбіреп,

Жел қуса кетер селдіреп.  (Бұлт)

Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар  ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын?  Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.

Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.

Бұлттар жапсыру.

-Бәрекелді балалар, ендеше сендер осы судың қасиеттеріне тәжірибе жүзінде көз жеткізгілерің келе ме?

-Ия.

-Ендеше тәжірбие жасайтын жерге барайық.

Тәжірибеге кірісбес бұрын  мұқият қарап алайық бізге қандай заттар керек екенін.

  1. Тәжірибе: «Су мөлдір»


Балалардың алдында екі шыны ыдыс тұрады, біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдыста да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды (суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық  көрінбейді)

  1. Тәжірибе: «Суда дәм жоқ»

 Балалар су ішіп көреді. Онда дәм бар ма?  Су дәмсіз. Енді осы алдарыңдағы суға қантты салып көріңдер. Суды былғап ішіп көріңдер. Қандай дәм пайда болды?

Балалар: 

Балалар су туралы мақал – мәтел білесіндерме?

Мақал айтып беріндерші.

Мирас: Судың да сұрауы бар. 

Руслан: Су анасы — бұлақ, Сөз анасы — құлақ. 

Аяна: Сумен ойнама — батарсың, Отпен ойнама — жанарсың.

Полина:

Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.
Нұрхан: Су патшасы – мұрап,
Түн патшасы – шырақ. 

ШахсанамБұлақ көрсең көзін аш 
3-    тәжірибе: «Судың иісі жоқ» Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінеді. Стакандарыңа сарымсақты салыңдар. Стакандарыңдағы суды иіскеп көріңдер иісі пайда болды ма?

3-тәжірибе: «Бу бұл да су» Судың тағы бір қасиетін көрсету үшін қайнаған суы бар шайнекті алу керек. Одан шыққан буды көру үшін  оны ашып көрсету керек. Бу да су екенін дәлелдеу үшін буға айнаны ұстап, одан су тамшылары кері аққанын балаларға көрсету керек.


Сергіту сәті. Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолың жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің, маңдайың
Тазалықтың досы Су деген осы


5- тәжірибе: «Су сұйық- сондықтан ағады».

Балаларға стақандағы суды екінші бос стақанға төкпей-шашапай құюды ұсынамыз. Су аға ма? Неліктен? Өйткені ол сұйық. Егер ол сұйық болмаса ақпайды

Су туралы тыйым сөздер.

Алихан: Суды бекер ағызба.

Нұрислам: Түнде су алуға барма 

Лейла: Суды лайлама, бұлақты бұлғама.

Әдемі: Суды сапырма, суды сатпа.

6 – тәжірибе: «Судың түсі өзгереді».

Алдарыңда бояулар тұр, сол бояудың бір түсін суға қосып көріңдер.

Судың түсі өзгерді ме?

Сабақты қорытындылау:  

Сонымен балалар, бүгіңгі сабақта туралы айтылды?

Судың түсі қандай?

Суда дәм бар ма?

Су пішін бола ма?

Сендермен бірге қандай тәжірибелер жасадық?

(балалар жауаптары)

Су-түссіз, бояу қосқанда өзгеред і.

Су-дәмсіз, бірақ қант қосқанда дәмі өзгереді.

Судың пішіні болмайды.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
1137
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12