Ашық сабақ тақырыбы: "Айлакер түлкі" драма оқу қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы: "Айлакер түлкі" драма оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ертегінің мазмұнын оқып беру ,рөлге бөліп орындауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Драма»

Тақырыбы: «Айлакер түлкі».

Мақсаты: 1. Балаларға ертегіні тыңдай білуге, мазмұнын түсіне білуге баулу. Ертегі мазмұнын сахналап беруге үйрету.

2. Ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын, іс-әрекетін,сөйлеу мәнерінің әдісін қолдануды дамыту.

3.Мейрімділікке, көмекке келу, тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдіері: Шаттық шеңбері, ертегіні оқу,сұрақ-жауап, сахналау, ойын.

Көрнекі құралдары: Ертегі кейіпкерлерінің суреті, атрибуттар.

Билингвальды компонент: Түлкі- лиса, айлакер- хитри, әтеш- петух, тауық-курица.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.


Қызығушы

лығын

ояту кезеңі

Шаттық шеңбері:

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын шашайық.

Таза ауаны жұтайық,

Жүрек жылуымызды,

Бір-бірімізге сыйлайық.


Балалар шаттық шеңберіне тұрады, амандасады.

Ұйымдас-тырушы-лық-ізденіс

кезеңі

-Балалар сіздер сыйқырлы орман әлеміне барғыларың келе ме?

-Кәне, бәріміз көзімізді жұмамыз, сыйқырлы әлемді елестетеміз.

-Балалар қараңдаршы сыйқырлы орманда аңдар, ағаштар көп екен.

-Балалар қандай аңдар бар екен?

-Бұларды қалай атаймыз, қандай жануарлар деп атаймыз?

-Жарайсыңдар, балалар сендер аңдар жайлы біледі екенсіздер.Бұлар жәй аңдар емес ертегідегі аңдар.

-Балалар осы аңдар туралы қандай ертегілер білесіздер?

-Жарайсыңдар сіздер көптеген ертегілерді білесіздер екен.

-Ертегі көргілерің келе ме?

-Олай болса сіздерді қызықты ертегімен таныстырамын.


Бүгінгі танысатын ертегіміз: «Айлакер түлкі» деп аталады.


Слайд арқылы ертегі мазмұнын айту.

Ертеде  ауыл шетінде кемпір мен шалдың үйі болыпты. Сол үйдің ауласында тауық пен әтеш мекендепті. Олардың жұмыртқаларын, балапандарын бір қу түлкі алып кетіп, маза бермепті.

Тауық: Тағыда қу түлкі келіп ақ қанат балапанымдарды алып кетіпті, енді не істейміз?

Әтеш: Жүр, онда аюға барайық. Мүмкін бір амалын тауып көмектесер. Әтеш пен тауық аюға келеді.

Аю: Кім менің мазамды алған?

Тауық: Аю, бізге сенің көмегің қажет, біздің балапандарымызды қу түлкі ұрлап кете береді.Соның сазайын тартуға көмектесші.

Аю: Олай болса көмектесейін. Сауысқан! Шақыр ана түлкіні!

Сауысқан:Құп, аю аға, қазір шақырайын.

Түлкі:Иә, аю аға, неге шақырттың?

Аю: Сен мына тауықтың балапандарын неге ұрлай бересің?

Түлкі: Аю аға, менің ойлағаным сенің қамың емес пе? Балапанның жүнінен саған жастық жасап әкелдім. Міне, ала қойыңыз.

Аю: Жарайсың, түлкі, рахмет!Ал сендер енді арыз айтып келуші болмаңдар.

Түлкі: Сендер ме, сендер!

Тауық: Енді не істейміз?

Әтеш: Жүр, онда қасқырға барайық.

Қасқыр: Кім мені мазалаған?

Тауық:Қасқыр, бізге сенің көмегің кажет, біздің балапандарымызды қу түлкі ұрлап кете береді, біздерге көмектесші.

Қасқыр:Сауысқан, сауысқан, шақыр түлкіні!

Сауысқан: Құп болады, қасқыр мырза.

Түлкі: Не болды, Қасеке?

Қасқыр: Сен тауықтарға маза бермей жүрген көрінесің ғой.

Түлкі:Қасеке-ау, менің ойлағаным сенің қамың емес пе, балапанның жүнінен сізге жастық тігіп әкелдім. Мінеки, алыңыз.

Қасқыр:Жарайсың, түлкі.

Түлкі: Сендер ме, қап бәлем!

Қасқыр: Сендер маған арыз айтушы болмаңдар.

Тауық: Енді не істейміз? Кімге барамыз?

Әтеш: Жүр, онда төбетке барайық.

Төбет: Не шаруамен келдіңдер?

Тауық: Түлкі біздің ақ қанат балапандарымызды алып кете береді, бізге көмектесіңізші.

Төбет: Сауысқан, сауысқан, шақыр қу түлкіні!

Сауысқан:Құп болады.

Түлкі: Шақырдың ба, төбетім?

Төбет: Сен неге тауықтың балапандарын ұрлай бересің?

Түлкі: Төбетім, менің ойлағаным сенің қамың емес пе?Балапанның жүнінен саған жастық тігіп әкелдім.

Төбет: Мен саған көрсетемін! Енді балапандарды ұрласаң мен сазайынды беремін.(қуа жөнеледі)

- Осылай тауық пен әтеш қу түлкіден құтылды.



Сергіту сәті.

Балпаң, балпаң басамыз,

Алтын қырдан асамыз.

Аю деген ағаңмын,

Қу түлкіні қуамын.


Биллингвальды компонент:Түлкі-лиса,айлакер-хитри,әтеш-петух.


-Жарайсыңдар балалар, енді осы ертегімізді өзіміз сахналап көрсетейікші.



Триз технологиясымен жұмыс: құм арқылы ертегі кейіпкері түлкіні

және орманды бейнелеп жасау.

Балалар көздерін жұмады.

Бейнетаспадағы орманды, аңдарды тамашалайды.

-Қасқыр, аю, қоян, тиін, түлкі.

-Жабайы аңдар.

Ертегі аттарын айтады.



Балалар ертегі мазмұнын тыңдайды.
















































Өлең сөзі арқылы қимыл жасайды.




Балалар қайталайды.


Балалар сахналайды


Тапсырманы орындайды.




Іс-әрекетті бағалау ке-зеңі.

-Ертегі ұнадыма?

-Ертегі қалай аталады?

- Балапандарды алып кетіп тұрған не?

-Не көмектсеті тауықтарға?

-Түлкінің жасаған әрекеті дұрыс па?

-Түлкі қандай аң?


-Балалар біздер ондай болмауымыз керек.Бір-бірімізге көмек беріп, сыйлауымыз керек.

Марапаттау, бағалау

Балалар сұрақтарға жауап береді



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Түлкінің жабайы,қу,айлакер аң екенін.

Қандай түсініктерді меңгерді: Көркем сөйлеу қабілетін.

Меңгерген дағдылары:Ертегі кейіпкерлерінің іс-әректтерін бағалай біледі.







































«Боранқұл» бөбекжайы МКҚК













«Айлакер түлкі» ертегісі

(ашық оқу қызметі)












Өткізген: Улыкпанова Ш.














2018 жыл.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
1569
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі