Ашық сабақ тақырыбы: Бала Абайдан дана Абайға дейін 6-сынып қазақ тілі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы: Бала Абайдан дана Абайға дейін 6-сынып қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға ашық сабақ өтуіне пайдасы тиеді деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

3-сабақ.


Бөлім:

5-бөлім. Тарихи тұлғалар. Лексика.

Педагогтің аты-жөні:

Дүйсеқұлова М

Күні:

05.12.2023

Сыныбы: 6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бала Абайдан дана Абайға дейін

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.5.1 -тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру;

6.4.3.1 -көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу;

Сабақтың мақсаты:



Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады;

Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздердің қолданыс аясын түсінеді және ажырата біледі.

Құндылықтарға баулу:

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуларымен танысып «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың басы

Қызығушы-

лықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


«Айнадағы бейне» әдісі


Оқушылар 3 топқа бөлінеді: 1. «Ибраһим» тобы 2. «Абай» тобы 3. «Телғара» тобы

Оқушылар төмендегі критерийлер бойынша сабақ барысында өздерін бағалап отырады.

«Жетістік мұнарасы»

Критерийлер

Дескрипторлар

Ұпайы

Өтілген тақырыпты меңгерген

Көнерген сөздерді ажырата алады

Мақал-мәтел, өлең жолдарын жатқа айта алады

1

1

Тақырыпты ашады

Өлеңді мұқият тыңдайды

Негізгі ойды болжап, басқа атау береді

1

1

Жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді

Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап бере алады

Абай туралы мәлімет жаза алады

1

1

Көнерген сөздерді табады

Көнерген сөздерді табады

Қолданысқа қайта енген сөздерді ажыратады

Қатесіз,сауатты жазады

1

1

1

Суреттегі зат атауларын табады

Көнерген зат атауларын атай алады

Жылдам жауап береді

1

1

3.Үй тапсырмасын сұрау

«Дәліз» әдісі арқылы оқушылар құрамында көнерген сөзі бар мақал-мәтелдер мен өлең жолдарын айтады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері






Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Ой қозғау. АКТ-дан аудиожазба көрсету арқылы бүгінгі тақырыптың не туралы екенін болжам жасайды.

«Абайға айтарым»

Асқар тау, биік шыңсың қол жетпеген.

Білік пен зейініңе сөз жетпеген.

Бұтағың көк тіреген сен бәйтерек

Мәуеңе қараса жұрт көз жетпеген.

Зейінің артық асқан көңілің кеңіс

Ақылың, ақындығың бәрі тегіс

Үлгіңнен Абай ақын нұсқау көріп

Ақындар күннен-күнге тапты өріс

Сабақ мақсатын айтады

Тыңдалым, айтылым

1-тапсырма

Аудиожазбадан (04.mp3) халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің «Абайға айтарым» өлеңінің алғашқы екі шумағын тыңдап, негізгі ойды болжайды. Өлеңге басқа атау береді. Өлеңдегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады


Дескрип-тор

-Өлеңді мұқият тыңдайды

-Негігі ойды болжап, басқа атау береді

Оқулық, жұмыс дәптерлері

АКТ









2-тапсырма: Оқылым мәтіні бойынша оқушылардың әр аялдамаға Абай туралы мәлімет жазуын қадағалайды

1. « Бала Абай»

Ибраһим тобына 2. «Дана Абай» Абай тобына 3. «Дара Абай» Телғара тобына


2-тапсырма. Оқылым мәтіні

Әр топ парақшаларға Абай туралы мәліметтерді жазып шығады. Бала Абай Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау болысы) дүниеге келеді. Ауыл молдасынан оқып жүрген оқып жүрген кезінде-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін Семей қаласындағы 3 жылдық медреседен білім алады.Медресенің үшінші жылында «Приходская школаға» түсіп, орысша сауатын ашады.


Дескрип-тор

-Өлеңді мұқият тыңдайды

-Негігі ойды болжап, басқа атау береді




















Абай көпті көрген әжесі мен Зеренің тәрбиесінде болды.Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы балаларының ішінде Абайдан көп үміт күтеді.Билікке баулу мақсатында оны оқудан ерте шығарып алады. Ел ісіне, ел билігіне жастай араласқан Абай тез есейеді. Әке тапсырмасымен ел аралап, ел ішіндегі әңгімелер мен билердің шешендік сөздеріне құлақ салып, жадына тоқып өседі.

Абай араб,парсы, шағатай, тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары-Низами,Қожа Хафиз,Науаи, Физули,т.б. ақындардың өлеңдерін жаттап өседі. Кейін ол орыс тілін өздігінен үйреніп,орыстың ұлы ойшылдары Пушкин,Гоголь, Лермонтов, Салтыков –Шедрин, Некрасов т.б шығармаларымен танысады.

Cоның арқасында дүниетанымын кеңітіп,



Оқулық, жазба

дәптер





шыңдайды. Оқи жүріп, білімін толықтыра жүріп, қырықтан асқан шағында ақындыққа біржола бет бұрды. Ұлы ақын 1904 жылы қайтыс болды.Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды Қазір сол Жидебайға ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар.

(«Абай Құнанбаев»библиографиялық көрсеткішінен)


3-тапсырма. Жазылым.Оқылым мәтінінен көнерген және қолданысқа қайта енген сөздерді тауып, кестеге жазады.

Көнерген сөздер

Қолданысқа қайта енген сөздер










Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.












Дескриптор

-Көнерген( сөздерді табады

-Қолданысқа қайта енген сөздерді ажыратады



4-тапсырма. Берілген тапсырманы орында.

«Суреттер сөйлейді» әдісі. Суреттерде көрсетілген зат атауларын атайды, қандай сөз екенін анықтайды

Критерийлер бойынша бағалау








Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Өтілген сабақ бойынша кері байланыс жасаңдар.

Кері байланыс. Білім термометрі

Picture 36 Мен бәрін түсіндім

Іздену керек

Үйренгім келеді

Талпынам

Қиналдым

Мүлде түсінбедім

Үйге: 5-тапсырма




Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

Критерийлер бойынша бағалау


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.


Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2024
395
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі