жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. Тақырыбы: "Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады". Өзін-өзі тану. 3 сынып
Түркістан облысы. Мақтаарал ауданы.
О.Бапышев жалпы орта мектебі Саниязова Жамиля Сайлаубаевна
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: О.Бапышев жом Күні:07.12.18 № 15сабақ
Тақырып: Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады.
Құндылық:Сүйіспеншілік.
Қасиеттер:адамгершілік , мейірімділік, жанашырлық.
Мұғалiм:Саниязова Ж.С. Сынып:3 «ә» Оқушылар саны:14
|
Мақсаты: Оқушыларды жақсы көру,шынайы қарым-қатынас мәдениетінде сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік : Оқушыларға мейірімділік туралы түсініктерін тереңдету; Дамытушылық:Оқушылардың адамгерішілік қасеттерін дамыту. Тәрбиелік:Оқушыларды мейірімді, жанашыр болуға тәрбиелеу |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу,оқушылардың көңіл-күйін сұрау,сабаққа қатысуды тексеру. 5Т ережесін еске салу. 1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» Үй тапсырмасын тексеру. Ғарифолла Есім «Ақ жауын». 1.Жолаушылардың қиналу себебі неде? 2. «Сүйіспеншілік адамға қуат береді»дегенді қалай түсінесіңдер? 3.Өздерің жақсы көретін адамдар үшін не істей алар едіңдер?
|
Сабақ барысын талқылау: 3-сынып 68-70 бет |
|
Дәйексөз. Cүйіспеншілік-жүректе. (Нақыл сөз) Осы нақыл сөзден қандай ой түйдіңдер? Ұлдар,қыздар қайталайды,хормен айтады. |
Өзін-өзі тану 3-сынып 68-70 бет |
|
Оқиға айту(әңгіме ) Адам болып қалу В.Сухомлинский Үлкен қаланың кішкентай ауруханасында Қара шашты және Ақ шашты екі ана жатты. Олар бір күнде ұлдары дүниеге келіп, өте бақытты еді. Олар балаларының болашағы туралы армандады. Ақ шашты ана өз баласының әйілі сазгер немесе жазушы, мүсінші немесе инженер болғанын армандады. Қара шашты ана өз баласының қайырымды адам болғанын, ешқашан анасын, өз үйін ұмытпағанын, Отанын, табиғатты, адамдарды сүйгенін қалайтынын айтты. Отыз жыл өтті. Қаланың шетіндегі кішкентай емханада Қара шашты және Ақ шашты ана тағы кездесті. Олардың шаштарына ақ түсіп, беттерін әжім басқан еді. Олар бір – бірін таныды. Олар бір палатаға түсіп, өз өмірлері туралы, қуанышы мен қайғысы туралы айтты. Қайғылары - екеуінің де күйеуі Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, қуаныштары – ұлдары қастарында. Қара шашты ана сұрады:
Ақ шашты ана:
Әрине, Қара шашты ана белгілі сазгерді жақсы білетін еді, үлкен табыстары жөнінде жақында ғана оқыған-ды.
Ақ шашты ана. Қара шашты ана жауап қайтармады. Бір күн өтпей жатып Қара шашты ананың баласы алыстағы ауылдан келді. Анасымен сыбырласып ұзақ сөйлесті. Қара шашты ананың көзі қуаныштан нұр шашты. Ұлы кетіп бара жатып, үстелге жүзім, бал, алма қойып, «тез жазылыңыз», - деп анасының бетінен сүйіп қоштасты. Ал Ақ шашты анаға ешкім келген жоқ.
Қара шашты ана баласы келген сайын қуаныштан жазылып келе жатқандай еді. Ақ шашты анаға ақыры ешкім келген жоқ. Бір ай өтті. Дәрігерлер Қарашашты анаға: «Сіз толықтай сап – сау адамсыз, жүрегіңізде шу жоқ, соғысы таза», - деді. Ақ шашты анаға «Сізге әлі де жату керек. Сіз де жазыласыз», - деді. Осыны айтып, дәрігер терезеге қарады (неге екені белгісіз). Қара шашты ананы алып кетуге ұлы келді. Бірнеше қызыл раушан гүлдерін барлық дәрігерлерге үлестірді. Бәрінің жүзінде күлкі пайда болды. Қара шашты анамен қоштасарда Ақ шашты ана:
1. Екі ананың арманы орындалды ма? Қалай? «Қара шашты ананы бақыт айналып өтті» деуге бола ма? Неліктен? 2.«Сүйіспеншілік адамға қуат береді» дегенді қалай түсінесің? 3.Өзің жақсы көретін адамдар үшін не істей алар едің? |
Аңыз-әңгімелер |
|
Шығармашылық жұмыс топтық жұмыс. Топқа түспен біріктіру. 1- топ. «Сүйіспеншілік» сөзіндегі әріптерге сәйкестендіріп, қажетті сөздерді орналастырыңдар. 2-топ. Өз сүйіспеншілігің туралы ой- толғау жаз. 3-топ. Тақырыптан түйгендеріңді суретін салыңдар. |
|
|
Топпен ән айту. Анашым Сөзі Ә.Асылбекі Әні Е.Хасанғалиев |
|
|
Үй тапсырмасы. Күн мен бұлт. Мәтінді оқып келу.Дәптермен жұмыс |
|
|
Қорытындылау соңғы тыныштық сәтi.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын! |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген