жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ тақырыбы: "Допты жасырамыз"
Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация», «Шығармашылық», «Денсаулық».
Бөлімі: Сенсорика, Сөйлеуді дамыту, Сурет салу, Дене шынықтыру.
Тақырыбы: «Допты жасырамыз».
Мақсаты:
Түстерді атай білуге үйрету. Геометриялық пішінде, туралы алған білімдерін үлкен, кіші, ұғымдарын бекіту. Ұсақ қол моторикасын дамыту, тілдерін жетілдіру. Балалардың көңіл күйлерін көтеру, бір-біріне көмек көрсете білуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі: «Ғажайып сәт», сұрақ-жауап, ойын технология, көмек беру, мадақтау. Керекті-құралдар: Түрлі түсті доптар, түрлі – түсті қорапшалар, түрлі түсті бояу, ақ қағаз, қол сүрткіштер, доптың суреті, мақта оралған таяқша, стакандағы су. Сөздік жұмыс: доп, дөңгелек, үлкен,кіші. Билингвальды компонент: дөңгелек-круглый, үлкен-большой, кіші-маленький. Жеке жұмыс: Кәусарға, Қайсарға түстерді дұрыс ажыратып, допты салуға көмектесемін. Оқу қызметінің барысы. Мотивациялық – қозғаушылық:
- Балалар, бүгінгі ерекше күн, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, кәне амандасайықшы. Сәлематсыздар ма?
Шаттық шенбері: Бала, бала, балақан, Кәне, қайсы алақан. Саусақтарын әйбәт, Былай-былай ойнат.
Ұйымдастыру – іздестіру: - Қазір жылдың қай мезгілі? – Қыста не жауады? – Қардың түсі қандай? -Балалар үстелдің үстінде не көріп тұрсыңдар? -Доппен не үшін керек? - Ойнау үшін. – Қалай ойнаймыз? -Дұрыс балалар ойнаймыз, домалатамыз. –Доп ол тек ойыншық ғана емес, доп спорттық құралға да жатады. - Доптардың неше түрлері болады. –Мынау қандай доп? -Дұрыс үлкен-большой. -Түсі қандай? -Қызыл - Ал, мынау қандай доп? -Дұрыс кіші-маленький. -Түсі қандай? - Жасыл –Доптың пішіні қандай? - Домалақ-круглый. «Ғажайып сәт»: Осы кезде есіқ қағылып, сайқымазақ келеді. Тәрбиеші:- Сайқымазақ сенің неге көңіл күйін жоқ. Сайқымазақ: -Менің көңіл күйім болмай тұр, менің достарым жоқ. - Мен кіммен ойнаймын. Тәрбиеші:- Балалар сайқымазақпен дос боламыз ба? Сайқымазақ: -Алақай, алақай. Менің достарым бар. Менің ойнағым келеді және түстерді ажыратып үйренгім келеді, достар сендер маған осының бәрін үйретесіңдер ме? Тәрбиеші: -Балалар олай болса сайқымазақа ойын көрсетейік және ол түстерді ажыратып үйренсін. Үстел үстінде 3 түрлі түсті доптар тұрады. Тәрбиеші: -Балалар сендер мұқият тыңдандар. Үстел үстінде қызыл, сары,көк доптар тұр. Мен біреуін жасырамын, ал сендер қай доп жоқ екенін табасыңдар. Ал енді бәріміз көзімізді жұмамыз. Тәрбиеші: -Ал, енді көзімізді ашамыз. Қай доп жоқ ? -Дұрыс қызыл. Балалар ойынды тағы жалғастырайық. Ойын жалғасады. Сайқымазақ: - Балалар мен сендердің арқаларыңда түстерді ажыратып үйрендім. Балалар кім доп туралы тақпақ біледі?
З
ейнеп: Добым
менің, добым менің, Өзің неткен қөңілді едің. Зымырайсың,
қутыңдайсың, Бірақ менен құтылмайсың.
Аяұлым: Доп, добым, домалақ, Қайда кеттің домалап. Добым, добым, домалақ, Тоқтамайсың домалап.
Қайсар: Қызыл, жасыл, көк ала доп, Қызыл,жасыл және көк. Ала шықтым аулаға, Ойнап тұрған бала көп.
Сайқымазақ: -Балалар мен сендерге құр келген жоқпын. Ойын ала келдім. Ойын аты: «Кім жылдам». Ойын шарты: Корапшаларға түстеріне қарай доптарды жинайды. Сайқымазақ: - Балалар мен сендердің білімдеріңді көріп көп нәрсе үйрендім. Доптардың түсін ажырата білдім. Қош сау болыңыздар.
Сергіту сәті:
Қолды оңға созамыз, Қолды солға созамыз, Бір орында секіріп, Біз демалып аламыз
Тәрбиеші: - Балалар өнер орталығына барып түрлі түсті доптардың суретін саламыз. -Балалар ойнайтын доптар қандай түсті болады? Қызыл, көк, сары. Жұмыс ретімен таныстыру: - Бірінші доптың суретін ауада салу. – Мақта оралған таяқша суға малып аламыз, қызыл түске бояуды саламыз ақ қағаз бетінде доптың контурын бірден мақта оралған таяқшамен нүктелерді қойып жүргіземін және ішін нүктелерді қойып бояп шығамыз. Дәстүрден тыс пуантилизм деп аталады.
Саусақ жаттығуы: Оң саусағым шаршады, Сол саусағым шаршады. Саусақтарым бірігіп, Билеп – билеп алады. Қиналған балалармен жеке жұмыс жүргіземін.
Рефлексивті – түзетушілік: Сұрақ-жауап арқылы балаларды пысықтау. - Балалар бүгін бізге қоңаққа кім келді? - Сайқымазақ не әкелді? - Қандай сурет салдық? Жақсы қатысқан балаларды мадақтау. Күтілетін нәтиже: Біледі: Түстер мен көлемдерді. Игереді: Дәстүрден тыс сурет салу әдісін пайдалану арқылы. Меңгереді: Дұрыс сурет салу білуі.
Жамбыл облысы, Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Раушан» бөбекжай балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Бекітілді
«Раушан» балалар бақшасы»
КМҚК- ның меңгерушісі:
_________Абдикалыкова И.Т.
Ұыймдастырылған оқу қызметі
«Балапан» І –кіші топ
Тақырыбы: «Допты жасырамыз».
Тәрбиеші: Нурпазилова С.С.
с. Төле би ауылы-2019 оқу жылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген