Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: тақырыбы: Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы дала өркениеті.

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сынып бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы дала өркениеті.

Мақсаты: Өркениет ұғымын айқындау критерийлерін пайдалана отырып, Ұлы Дала көшпелі өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіру.

Бағалау критерилері: Көшпенділер өркениетінің ерекшелігін анықтайды.

Бүгінгі сабақта:

Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы;

Ұлы Даладағы ерте көшпелілік-скифтер,сақтар және сарматтар;

Сақтардың әлеуметтік ұйымы туралы білеміз.

Бүгінгі сабағымызды Елбасы тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтің сөзімен бастағалы отырмын. Елбасы өзінің Даланың жеті қыры мақаласында былай деп жазған.

Әлемдік ғылым үшін сенсация саналатын жаңалық 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған «Алтын адам».

Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге, бұл жаңалық Ұлы Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифалогияны паш етті.

Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап, оның мәртебесін күн секілді құдірет деңгейіне көтеріп асқақтатты.

Балалар суретке назар аударыңдар.

Өркениет ұғымына қандай анықтама берер едіңдер, әрине қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Жарайсыңдар балалар.

Өркениет тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі белгілі бір ұлтқа тән материалды рухани және әлеуметтік өмірдің сапалық ерекшеліктері. Ғасырлар бойы қалыптасқан өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады.

Назар аударамыз!

Дала өркениеті әлемдік дамуға мынадай өз үлесін қосты, тәңірлік дүниетанымды берді, метал қорытудың көне ордасы болды. Төл жазуын тапты. Жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі күнтізбелік дүниетанымды қалыптастырды. Әскери құрылымның далалық типін жасап, әскери өнердің ғажайып үлгілерін көрсетті. Архитектуралық өнердің өзіндік үлгілерін жасады. Дала гомерлері бай ауыз әдебиетін жасады. Мемлекет басқарудың Дала демократиясына сүйенген жүйесін қалыптастырды. Шаруашылықтың негізі мал шаруашылығы болып, Дала мен қала менталитетін будандастырды. Көшпеліліктің пайда болуы белгілі бір климаттық жағдайлар мен табиғи ресурстарға байланысты. Б.з.б. I-мыңжылдықтың басында мал шаруашылығымен егіншіліктің едәуір дәрежеде қарқынды дамуы кен өндірісінің жолға қойылуы сол қоғамдағы өндіргіш күштің дамуын басып озды. Мал санының өсуі дәстүрлі шаруашылыққа айналды. Еуразия даласын мекендеген тұрғындардың тарихи тәжірибесін көрсеткен бұл Ұлы Далада тек көшпелі өмірмен ғана тіршілік еткуге болатындығы дәлелденген еді. Қазақстан жеріндегі көшпелі мал шаруашылығы б.з.б. 1 мыңжылдықтың басында қалыптасып, төрт түлік малды қолға үйреткен. Жылқы, түйе және қой түлігі көбейіп, жыл маусымына немесе жайылымға қарай көшу дағдыға айналды. Сиыр малы ұзақ көшке ілесе алмайды және қыста тебіндеп жайыла алмайды, сиыр малы отырықшы халықтарда ғана көптеп өсіріледі. Еуразияның Ұлы даласын еркін билеп оның географиялық орналасуын тиімді пайдалана білген тайпалар көшпенділердің ұлы өркениетін жасай біледі. Әсіресе жылқы малын көлікке де тағамға да тұрмысқа да тиімді пайдаланған көшпелі тайпалар осы түлікке қатысты ұлы жаңалықтарды ашты. Мысалы: ертоқым, үзеңгі ат әбзелдері мен жылқы малынан алынатын тағамдар кейіннен басқа өркениеттерге де таралды. Технологиялық өзгерістерге байланысты құрастырмалы киіз үйдің пайда болуы класикалық көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуына әкелді. Көшпенділер мәдениетінің әлемдік өркениеттің құрамды бір бөлігі болғандығы анықталды. Оған көптеген тарихи археологиялық ескерткіштермен еліміздің танымал тарихшылары мен дүниетанушыларының еңбектерімен дәлел болуда. Қазақстан аумағындағы көшпелілер өркениеті көршіліес тайпаларының және мемлекеттермен экономикалық және саяси қарым-қатынаста болды. Оның өзі көшпелі шарушылықтың экономикалық мүмкіндіктерін одан әрі тиімді пайдалануға егіншіліктің қол өнердің және сауда байланыстарының одан әрі дамуына алып келді.

Атақты ағылшын тарихшысы социолог Арнольд Джозеф Тойнби көшпелілер туралы былай жазған екен. Құрғақ даланы тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай жетілдіре беруге міндеті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді қалыптастырды. Көшпелі өмір, төрт-түлік мал, жер-ана байлығы жинала келе көшпелілердің материалдық игілігін дүниетанымын қалыптастырып, төл мәдениетін жасады. Көшпелі өмір тіршілігіне сай қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш, ат үстіндегі алыс сапарларды қайыспай көтеретін дала перзенттері, жан-жақты жетілген адамдар қалыптасты.

Қымбатты балалар кәзір көшпеліліктің ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.

Номадизмнің басты сипаты яғни жыл бойы малды жайылымда бағу,

белгілі бір жайылымдық аумақта мал жаю үшін көшіп-қону;

көшіп-қонуға тұтас жұрттың қатысуы;

малшылықтың –шаруашылықтың ең негізгі түрі.

маусымдық көшуді меңгерді

көшпеліледің үлкен туыстас топтарының жайылымдық аумағы қалыптасты.

Ертедегі көшпелілер сақтар, сарматтар, скифтер және Ұлы Даланың шығыс бөлігіндегі тайпалар туралы дереккөзі арқылы білуге болады. Археологиялық деректерде бар жазба декреккөздерге келетін болсақ алғашқысы

Б.з.б. VI-ғасырдың соңындағы ежелгі парсы жазбалары-сақтар заманы туралы жазылған ең алғашқы дереккөз.

Екінші жазба декрек Геродоттың еңбектері мен грек-римдік тарихнама дәстүрінде кездеседі.

Үшінші дерек. Б.з.б. I-мыңжылдық соңына жататын көне қытайлық жылнамаларда баяндалады.

Парсы патшасы I Дарийдің бехистундық жазбаларында оның Орталық Азияға сақ-тиграхаудаларға (шошақ бөрік киетін) жасаған жорығы сипатталады, сипаттай отырып ол сақ тайпаларының үш түрін атайды. Парадарайя сақтары, тиграхауда сақтары, хаомаварга сақтары яғни парадарайя сақтары Дарий өзінің Қазақстандықтардың Оңтүстік және Оңтүстік шығыс даласында сақ тиграхаудасының көшіп-қонып жүрген болуы керек, олардың қатарында Алтын адамда бар деп атаған.

Ертедегі көшпелі тайпалардың тағы бірі сармат тайпалары б.з.б. 2 ғасырдан бастап Оңтүстік Оралды, Еділ бойын Қазақстанның батыс аумағын қоныстанған көшпелі мал шаруашылығымен отырықшы өмір сүріп егіншілікпен айналысты. Сармат тайпалары Еуразияның саяси экономикалық және мәдени өмірінде елеулі рөл атқарған одақтар мен мемлекеттер құрамына кірді.

Қымбатты балалар Сармат мәдениетінен сыр шертетін бейне сюджетке назар аударамыз.

Видио материал

Келесі тапсырма:

Дереккөздерді және өз біліміңді пайдалана отырып, «Ұлы Дала көшпелілер өркениетінің әлемдік тарихқа қосқан үлесі» тақырыбында ПТМС формуласын қолдана отырып, қорыту ұсынылады.

Позиция (менің ойымшы,...)

Түсіндіру (себебі,...)

Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын,...)

Салдар (айтылған мәселе бойынша мынадай қорытынды жасаймын,...)

Қорытынды. Ерте темір дәуірінде қуаңшылыққа байланысты Ұлы Дала көшпелі малшаруашылығы пайда болды. Бұл Дала өркениетін айғақтайтын басты белгі еді. Көшпелі малшаруашылығының жартылай көшпелі және жартылай отырықшы формадан айырмашылығы малдың жыл бойы жайылымда жайылуы және көшкен малдың соңынан бүкіл халықтың белгілі бір үйреншікті бағыт бойынша ілесіп жүруі еді. Көшпелі мал шаруашылығы аумағының ұлғаюы, сонымен қатар көшпелі өркениеттің таралуы Еуразия даласында үлкен белдеу қалыптастырды. Көшпелі скиф-сақ-сармат мәдени қауымдастығы б.з.б. I-мыңжылдықта Ұлы Даланың батысы мен орталық бөлігінде басымдыққа ие болды. Ерте көшпенділердің әлеуметтік ұйымының өзіндік ерекшеліктері кейіннен көшпелі өркениеттің үлгісіне айналды.

Сабағымызды бекіте отырып, бүгінгі сабағымызды бағдаршам әдісі арқылы кері байланысқа шығамыз.

Қызыл түс: сабақты түсінбедім, сабаққа қатыса алмадым.

Сары түс: сабаққа белсенді түрде қатыстым, азда болса жұмыс жасадым.

Жасыл түс: Сабақ маған ұнады. Сабақта берілген оқу материалын жете түсіндім. Өзіме қажеттісін алдым. Тамаша балалар жауаптарыңызға рахмет.

Бүгінгі сабағымыз аяқталды Назарларыңызға көр рахмет.Сау болыңыздар.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.06.2021
3000
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12