400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы: "Жалаң және жайылма сөйлем" 3бсынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

А қтөбе облысы Мәртөк ауданы

Құмсай ауылы Құмсай бастауыш мектебінің

бастауыш класс мұғалімі

Аймухамбетова Ләззат Сәндібекқызы





Ана тілім – ардағым


Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрнекілігі: презентация, нақылдар жазылған плакат, кеспе әріптер, ақын-жазушылардың фотосуреттері мен кітаптары, карточкалар.
Түрі: сайыс-байқау

Барысы

  • Құрметті оқушылар, ұстаздар! «Ана тілім ардығым» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?

- Ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?

- Дұрыс-ақ. Ана тілі атаңның, анаңның тілі, туған халқыңнның тілі.

Қазақ халқы сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Тіл ұлттың жаны, тіл ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды. Құрметті оқушылар! Ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ сіздердің еншілеріңізде. Осы орайда мектебімізде «Ана - тілім ардағым» атты тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.

Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.
Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.

Сондай-ақ бұл шара қыркүйек айында атап өтілген Тіл мерекесіне орайластырып отырмыз.

Слайдтан атақты адамдардың суреттері мен тіл туралы айтқан дана сөздері шығып тұрады.

«Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді» Ғ.Мұстафин

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» Ғ.Мүсірепов

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата бабамызды, тарихымызды ұмыту» Б.Момышұлы

«Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу - мәдениетсіздік» М.Әуезов


  • Тәрбие сағатымыз оқушылардың ана тіліне деген құрметін, қазақ тілін меңгеруін байқап, тіліне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында екі топқа бөлініп, қазақ тілінің байлығын, көркемдігін байқап, сынап көрейік.


І топ «Алғырлар» тобы, ІІ топ «Тапқырлар» тобы


Сабақ төрт бөлімнен тұрады:

І. Сөз тапқанға қолқа жоқ.

ІІ. Мақал - сөздің мәйегі.

ІІІ. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу

IV. Өлең - сөздің патшасы

І «Сөз тапқанға қолқа жоқ» бөлімі, топтарға жеті сұрақ қойылады. Топ мүшелері таңдаған әріптен ғана басталатын сөздермен ғана жауап береді:


А, Ж, Т, Қ,

1. Сенің атың кім?

2. Қайдан келесің?

3. Жолда нені көрдің?

4. Не істедің?

5. Түскі асқа не жедің?

6. Қайда барасың?

7. Қандай сыйлық алдың?


ІІ. Бөлім «Мақал - сөздің мәйегі». Шарты: Мұғалім айтқан мақалды жалғастыру керек.


1. Бас кеспек болса да, ..... (тіл кеспек жоқ)
2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
3. Тілмен байланған ...
( тіспен шешілмес).
4. Тіл тас жарады,...
( тас жармаса бас жарады)
5. Жақсы сөз... (жарым ырыс)
6.Тіл - адам ойының ... (айнасы)
7. Тіл қылыштан...
(өткір)
8.Ойнап сөйлесең де...
(ойлап сөйле)
10. Тисе терекке, тимесе ...
(бұтаққа)
11. Айтылған сөз, ... (атылған оқпен тең)
12. Бал тамған тілден ... тамар (у)
13. Көп сөз - ...
(бос сөз)
14. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)
15. Жеті жұрттың тілін біл
,... (жеті түрлі ілім біл)
16.Таза сөйлеу – биік ... (мәдениеттілік)
17. Жақсы байқап сөйлер... (жаман шайқап сөйлер)
18.Көре-көре көсем боларсың...
(сөйлей-сөйлей шешен боларсың)

19. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
20. Ине көзінен сынады,
... (шешен сөзінен сынады).
22. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
23. Сөз тапқанға
... (қолқа жоқ).
24. Шебердің қолы ортақ,
... (шешеннің қолы ортақ).

25. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).


ІІІ. Бөлім «Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу»

Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш:


Қас пен көздің арасында (лезде)

Қара қылды қақ жару   ( әділ)

Төбе шашы тік тұрды   (шошыды)

Тайға таңба басқандай (анық)

Аузына құм құйылды     (үндемеу)

Көзге түртсе көргісіз   (қараңғы)

Тонның ішкі бауындай    (тату)

Бет моншағы үзілу   (ұялу)

Жарғақ құлағы жастыққа тимей    (мазасыздану)

Күн тигізбей өсірген   (мәпелеу)


IV. «Өлең - сөздің патшасы»

Оқушылар тіл туралы білетін өлеңдер мен нақыл сөздер айтады. «Ананың тілі» әні жай орындалып тұрады.


Арайлым: Туған тіл
Кімнен тудым?
Нәсілім кім?
Ұлтым кім?
Әлде мен дір аспаның сұр бұлтымын?
Бұлт емеспін.
Мен қазақпын,
Халықпын,
Көне күннен келе жатқан тарихпын!
Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар,
Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!
Туған тілде намысым мен арым дар,
Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!
Туғанда да, қонғанда да, ұшқанда,
Өз тілінде қиқулайды құстар да,
Өз тілінде кісінейді құлыншақ...
Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба?
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар. (Д. Әбілев)


Диана: Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.

Ақылбек: Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
Алмат: Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың
.

Саламат: Туған тілім- бабам тілім- өз тілім,
Туған тілім- анам тілім- өз тілім,
Туған тілім- далам тілім- өз тілім,
Туған тілім- адам тілім- өз тілім.

Сымбат: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық?

   Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

       Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

Жүргізуші:

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін. Ә. Тәжібаев.

 Слайдта мына жазу шығады, балалар хормен оқып есте сақтап алады.

Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл – арым, иманым,

Аманат, саған, аманат. М. Әлімбаев.




























DrawObject1




DrawObject2

DrawObject3
























DrawObject4




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
361
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі