400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Тақырыбы: "Көңілді старт"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер мен оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көңілді старт


Сабақтың тақырыбы: Көңілді старт
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Білімділік: Ойын түрлерін, мазмұнын, ережелерін түсіндіру, ерекшеліктерін ескерту;
Дамытушылық: Спортқа қабілетті балаларды анықтап, олардың спорттық ойындарда көрсеткен икемділігін, ынтасын, дарынын байқай келе онан әрі жетіле түсуіне жағдай жасау, үлкен спорт түрлерінің сол балаға ыңғай келетін түрімен тұрақты шұғылдануына мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік: Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару. Оқушыларды ептілікке, икемділікке жылдамдыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: доптар, парта, сақина, шеңбер, секіртпе т. б.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сапқа тұрғызу; Оқушы мәліметін қабылдау. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптағы «Солға»! «Оңға»! «Кері айнал»! жаттығуларын орындау.
Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:
1. Екі қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру.
2. Қол белде өкшемен жүру. Қол белде жартылай отырып жүру. Қол тізеде отырып жүру, секіру.

Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:
1. Спорттық жүріс
2. Жеңіл жүріс
3. Тізені көтере жүгіру
4. Өкшені көтере жүгіру
5. Оң қапталмен жүгіру
6. Сол қапталмен жүгіру
7. Тыныс алу жаттығулары
Оқушыларды бір қатар етіп жүргізе отырып топқа бөлу.
I. «Алғырлар» тобы.
Топ құрамында төрт адам
II. «Тапқырлар» тобы.
Топ құрамында төрт адам

Доппен жарысу
Саптың ең алдында тұрғандардың қолында доп болады. Мұғалім белгі берісімен доп ұстаған екі ойыншы жүгіре шығып, допты баскетбол ойынының тәсілімен тездете алып жүріп, орындықты айналып келіп, допты өз командасының келесі ойыншысына береді де, өзі саптың ең соңына барып тұрады. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші келсе, сол команда жеңіске жетеді. Доп қолдан шығып кеткен жағдайда, сол жерден қайта жалғастыру қажет. Белгі берілмей тұрып алаңға жүгіріп шығуға болмайды. Допты өз әріптесіне беру мәре сызығында орындалады. Ойынның мақсаты - мәреге өзгеден бұрын жетуге тырысу арқылы жылдамдықты арттыру.

Шарды түсірме
Саптың ең алдында тұрған ойыншы шарды екі тізесінің арасына қыстырып алып орындықты айналып келу қажет. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді.

Секіртпемен секіру
Әр бір топ өз тобынан бір ойыншы шығарады. Белгі берілгенде ойыншы бір - бірінен қашықтау тұрып, секіртпемен секіре бастайды. Қайсы топтың ойыншысы бірінші болып тоқтап қалса сол топ жеңілген болып саналады. Бұл ойында ойыншының секіртпемен тоқтамастан секірген саны есептелінеді.

Сақина салмақ
Екі топ араласып отырады. Мұғалім олардың ашық қолына сақина салып шығады, балалар бірден қолын жұмады. Болған бойдан мұғалім; Тұр, сақинам тұр дейді. Қарсылас топтың баласы қасындағы қарсылас топтың баласын ұстап қалуы тиіс. Осылай үш рет сақина салынады.

Қол күрес
Екі топтан бір – бір бала шығып күш сынасады. Бір рет жыққан жаққа бір ұпай беріледі.

II. Қорытынды
1. Сапқа тұру.
2. Демалыс жаттығулары.
3. Бағалау.
4. Үйге тапсырма: 3 - 5 минут секіру жаттығулары.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
1139
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі