Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Тақырыбы: "Мәслихат депутаттары" 11- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1) Оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, депутат туралы түсініктерін,қалыптастыру, сөздік қорларын байыту; 2) Әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, ауызша сөйлеу және жазу мәдениетін қалыптастыру, тіл байлықтарын дамыту. 3) Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, халық алдындағы борыш туралы мәлімет беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мәслихат депутаттары

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, депутат туралы түсініктерін,қалыптастыру, сөздік қорларын байыту;

2) Әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, ауызша сөйлеу және жазу мәдениетін қалыптастыру, тіл байлықтарын дамыту.

3) Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, халық алдындағы борыш туралы мәлімет беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, мақал-мәтелдер жинағы, сөздіктер.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

1. Қайталау сұрақтары:

1. Біріккен сөз дегеніміз не?

2. Қос сөз дегеніміз не?

3. Құрмалас сөйлем туралы айт.

4 Өзгелік етіс туралы не білесің?

5 Модаль сөздер дегеніміз не?

  • Оқушылар біз соңғы кезде қандай тақырыптарды өттік, кім туралы?

Жауап:

  • Президент ,Парламент, Халық қалаулысы.

  • Біз бүгін сол тақырыптарды жалғастырамыз. Бүгінгі тақырыбымыз мәслихат депутаттары.

2. Мәтінмен танысу, сөздік жұмысы.

3. 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1 . Мәслихат депутаттары кімдердің мүдделеріне жауапкершілікпен қарайды?

2. Депутаттар кімдермен кездесулер өткізеді?

3. Депутаттар жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасай ма?

4. Депутаттар кімдердің пікірлерін ескеріп отырады?

5. Депутаттар қандай тиімді жолдар бойынша ұсыныс жасап отырады?



4. Сөздерді сәйкестендіріңдер. ( сөз тіркесін жасаңдар.)

мәслихат округі

атқарушы қоғам

азаматтық өкілі

халықтық мәселе

ауқатын жолдары

тиімді арттыру

нақты орган

табиғи беру

айқындап сипаты

сыйлау депутаты

5 Мәтінде берілген сөздердің синонимдерін табыңдар:

Айқын-

Үнемі-

Халық

Ел-

Арттыру-

Жұмыс-

Нақты-

6. Сөздердің антонимдерін табыңдар:

Жаңа-

Алға-

Үлкен-

Тығыз-

Тиімді-

Шын-

Артық-

7. 3-тапсырма

Мақал- мәтелдерді оқып, мағынасы туралы өз ойларыңды айтыңдар. Синтаксистік және морфологиялық талдау жасаңдар.

1 Отан отбасынан басталады.

2 Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды.

3 Отан –қуат,

Отбасы-шуақ.

4 Отан үшін отқа түс , күймейсің.

5 Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.

8. «Мәслихат » сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.

9. Сөздердің аудармасын сәйкестендіріңдер.

Заңнамалық отчет

Жергілікті постоянный

Есеп законодательный

Тұрақты местный

Жоба использовать

Міндет изменение

Өзгеріс задача

Пайдалану проект





10. 5-тапсырма . Сөйлемдерді толықтырып оқыңдар.

Дос екі .... болады. Біріншісі... дос, екіншісі айнымалы.... Адал досқа үнемі үлкен...... қарау керек. Одан айырылып қалмау жағын көздеген.... Адамдар бір-біріне .... жасауы қажет ..... достың сенімін ақтаған абзал. Осындай .... ащы-тұщыны бірдей татысып, нені болса да, бірге көреді.

Керекті сөздер: достар, жақсы, көмек, дұрыс, құрметпен , түрлі , дос, адал.

IV Cабақты бекіту:

1. 4-тапсырма . Төмендегі сөйлемдер бойынша сұрақ құраңдар.

және оған жауап айтыңдар.

1) Мәслихат жұмысын оның хатшысы үйлестіреді.

2) Хатшы мәслихат қарауына ұсынылатын мәселелерді дайындауға жалпы басшылық жасайды.

3) Мәслихат қызметіндегі регламенттің орындалуын қамтамасыз етеді.

4) Мәслихат регламентіндегі белгіленген басқа да міндеттерді орындайды.

V Қорытынды.

1) Елімізде мәслихаттар қандай орган ретінде қалыптасты?

2) Депутаттар кімдермен кездесулер өткізді?

3) Мәслихат депутаттары кімдердің пікірлері мен ұсыныстарын үнемі ескеріп отырады?

VI Үйге тапсырма:

1-тапсырма . Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мәслихатқа қандай сипаттама бергенін жазыңдар және ол берілген бағаны түсіндіріңдер.

VII Оқушыларды бағалау.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.01.2019
622
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12