Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы "Менің достарым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің ойымша материал балабақша қызметкерлеріне көмек.Өз ойым әр тәрбиешілермен ұстаздарға көмек деп ойлаймын. Басқа тәрбиеші, ұстаздардың көмегі бізге тиіп, біздің көмегіміз басқаларға тиіп жатса жақсы болат деп ойлаймыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Х.Шаяхметов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің

«Балапан» шағын орталығы















Ашық сабақ

Тақырыбы: «Менің достарым және достарым»




















Орындаған : Сеилханова Ш.Т.






















2016-17оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: Менің достарым
Сабақтың мақсаты: Баланың өзін - өзі тануына, достарын бағалауға, құрметтеуге үйрету, досының айтқанын аяғына дейін тыңдауға, кез келген уақытта көмектесе білуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы есте сақтау, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Көрнекіліктер: суреттер, шарлар, гүлдер, жұмсақ ойыншықтар, кірпіштер (сурет жапсырылған), бетперде (ит), кеспе әріптер, айна, түрі - түсті бояулар, дидактикалық, қисынды ойындар.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, әр түлі ойындар, тосын сәт, психологиялық жаттығу, сиқырлы хат, жұмбақтар, мақал - мәтелдер, тақпақтар, сергіту сәт, сахналау.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері.
Балалар: Армысың шұғылалы нұрлы күн!
Армысың мейірімді жер – ана!
Сәлеметсіздер ме қонақтар.
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз тату – тәтті болайық!

- Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы «Менің достарым» - деп аталады.
Дос, достық дегеніміз адамдар арасындығы жақсы қарым - қатынасты, бір - біріне деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезімін айтамыз.
Достар бір - бірін ренжітпейді, керісінше нағыз достар бір - бірін құрметтейді, сыйлайды, кешірімді болады.
Достық сезім тек қана адамдар арасында емес, ел мен елдің арасында да болады. Мысалы біздің Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен достық қарым - қатынаста. Балалар сендер де бір - бірлеріңді ренжітпей тату - тәтті ойнасаңдар, бір - біріңе сыйлы болыңдар, сендерде де достық сезім пайда болады.
Таңғажайып сәт: (Осы кезеңде топқа есікті қағып Дымбілмес кіріп келеді)
Мұғалім: Балалар қараңдар бізге қонақ келіпті. Бұл кім болды екен?
Балалар: Дымбілмес.
Мұғалім: Дымбілмес сен неге есікті қатты қақтың?. Сені біреу ренжітті ме?
Дымбілмес: Менімен ешкім сөйлеспейді, ойнамайды, ешкім дос болмайды. (Дымбілмес жылайды).
Мұғалім: Балалар қалай ойлайсыңдар. Дымбілмеспен неге ешкім дос болмайды?
Балалар: Ол балаларды ұрады, мазақ етеді, жаман сөздер айтады.
Мұғалім: Балалар дұрыс айтады. Осындай жаман қылықтарың үшін ешкім дос болмайды. Сен жаңа балалармен амандасқан жоқсың ғой.
Дымбілмес: Мен сәлемдесуді білмеймін. Маған оны ешкім үйреткен жоқ.
Мұғалім: Балалар достық сәлемдесуден басталады. Қанекей біз Дымбілместі сәлемдесуге үйретейік.

Ойын: «Сәлемдесу»
Балалар екі - үш жұптан бір - біріне қарап, әр түрлі елдің, адамдардың сәлемдесу рәсімін көрсетеді.
Расул: - Ассалаумағалейкум.
Айдос: - Әлекумассалам.
Әйгерім: - Здравствуйте.




Таншолпан: - Здравствуйте.
Жансая: жүрегінің тұсына қолын қойып иіледі.
Тәрбиеші: Рахмет балалар.
Өте жақсы балалар, достар бір - бірімен қалай танысады, амандасады.
Менің атым Мадияр, Сәлем!
Сәлем, менің атым Расул.
Дымбілмес: О, қандай керемет!. Мен сендерден танысуды, дос болуды үйрендім. Енді достарыма барып, осының бәрін көрсетемін. Рахмет балалар.
Тәрбиеші: Дымбілмес балалармен бірге ойынын көріңіз, сабаққа қатысыңыз.

Сергіту сәті: «Шаңырақ»
Балалар: Көтеріліп шаңырақ,
 Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Мұғалім: Балалар біз бүгін достық туралы әңгіме айтып отырмыз. Балалар үстелдің үстінде кірпіштер қойылған, кірпіштердің ішінде сиқырлы сөз жазылған сол сөзді табуымыз керек. Оны табуымыз үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер жұмбақты шешсеңдер барлық әріптер ашылады.
Сол аяқпен – оң аяқ,
Кезек оны тебеді,
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді.
(Доп)
Тәрбиеші: Доп сөзінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
Балалар: Д – дыбысы. (Д - ды дыбысы ашылады)
Әжем көрпе тігеді,
Бетіне өрнек салады.
(Ою) (О - ды дыбысы ашылады)

Сырт - сырт етеді,
Уақыт өтеді.
(Сағат) (С - дыбысы ашылады)
Ақ көйлекті көк желек,
Орманда орны бір бөлек.
(Тал) (Т - дыбысы ашылады)

Кесе, шыны, пияла,
Онсыз шәй құяма?
Қасықсыз тамақ ішпейміз,
Оның бәрін не дейміз.
(Ыдыстар) (Ы - дыбысы ашылады)

Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.




(Қарбыз) (Қ - дыбысы ашылады)

Мұғалім: Балалар қараңдаршы қандай сиқырлы сөз шықты.
Балалармен бірге оқимыз Д О С Т Ы Қ.




Мұғалім: - Достық дегеніміз не?
- Сенің досың кім?
- Сен кіммен дос болғың келеді?
Балалар жеке - жеке сұраққа жауап береді.
Мұғалім: Балалар «Адал дос» әңгімесін сендерге оқып берейін. Енді осы әңгімені өздерің сахналап көрініс көрсетесіңдерші.
«Адал дос», әңгімесін балалар сахналайды.
Мұғалім: Рахмет балалар нағыз достар осындай болады. Балалар бізге сиқырлы хат келіпті. Қане ашып оқып көрейік. Бұл хатта сұрақтар, достыққа байланысты сиқырлы сөздер жазылған.

1 - ші сұрақ:

- Балалар сендер достық туралы тақпақ білесіңдер ме?
Жансая: Дос дегенің өмірдегі тірегің,
Дос дегенің кеудедегі жүрегің.
Егер досың адал ниет жан болса,
Орындалар армандаған тілегің!.
Данияр: Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
 Сенімді боламыз.
Мадияр: Балдырған балалар,
 Досты бағалар.
Есіңде сақта,
Адал бол, шыншыл бол,
Өтірік айтпа, сөзіңнен қайтпа.

2 - ші сұрақ: Достық туралы мақал - мәтелдер айтып көрейік.
- Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
- Жақсы дос жанға – серік,
Жаман дос – малға серік.
- Жолдасы бардың олжасы бар.
- Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

Ойын: «Менің айтуым бойынша».
Ойын шарты: Балалар мен бір баланы суреттеп айтамын, сендер сол баланы табуларың қажет (ол кім?) 2 – 3 баланы суреттеп айту.




Мұғалім: Балалар енді әрі қарай ойынымызды жалғастырамыз. «Айнаға қарашы».
Айнаға қарап көңілсіз адамдарды көрсетеміз, енді күліп көңілді, қуанамыз, ойланып отырамыз. Жақсы, енді көңіл күйлеріңді алдарыңдағы шарға бейнелеңдер. Ол үшін мына суретке қараңдаршы.
Мұғалім: Мынау қандай адам
?

Балалар: Көңілді адам. (Көңілсіз адам)
Мұғалім: Балалар егер сендерге сабақ ұнаса көңілді адамды, ұнамаса көңілсіз адамды бейнелейсіңдер.
Бәрің шарларыңды сол қолдарыңа алып ұстап отырыңдар, оң қолдарыңмен маркермен суретті қатты баспай салыңдар. Енді жұмысқа кірісіңдер, әр баланың қасына барып бағыт беру.
Мұғалім: Сурет салып болсаңдар - әсем шарларыңды қолдарыңа ұстаңдар. Балалар сендер қандай адамның келбетін салдыңдар.
- Балалар кезекпен жауап береді
- күліп тұр, көңілді тұр, ашулы.
Мұғалім: Балалар шарларымызды жоғары ұстап, Күн шуағының айналасына тұрып, тілектерін айтады.
- Денің сау болсын!.
- Әрдайым күліп жүрейік!.
- Әрқашан күн сөнбесін!.
- Елімізде тыныштық болсын!.
- Досымыз көп болсын!.

Мұғалім: Балалар енді сабақтан алған жақсы көңіл күйлерімізбен қолымыздағы шарымызды қонақтарға сыйлаймыз.
Балалар ән әуенімен шарларын ата - аналарына, тәрбиешілерге сыйлайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2019
1169
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12