Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы: "Не үйрендік, не білдік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыл бойы оқылған материалдарды қайталау, пысықтау, білімді бекіту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің

білім бөлімінің «Раушан» балалар бақшасы»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны











ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАҚЫРЫБЫ:

«Не білдік, не үйрендік»











Тәрбиешісі: Нурпазилова С.С.










2017-2018 оқу жылы.

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Әлеумет».

Бөлімі: сөйлеуді дамыту, сауат ашу, қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Не білдік, не үйрендік»

Мақсаты: Жыл бойы оқылған материалдарды қайталау, пысықтау, білімді бекіту.Тіл байлығын дамыту, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, баланың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Көрнекілігі: Түрлі-түсті ұяшық кестесі, түрлі тақырыптағы логикалық жұмбақтар,балалардың бағасын беретін асықтар, әр түрлі тапсырмаларға, байланысты суреттер ТСО т.б.

Полингвалді компонент: Тілші – журналист - journalist

Асық - асык – asyk

Жарыс – copeвнование - competition


-Армысыздар, құрметті қонақтар!

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше күн, себебі бізге көптеген қонақтар келіп отыр. - Олай болса шаттық шеңберін құрып қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбер:

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық!

Әлемде нұр тыныштық

Әрбір бейбіт күн ыстық,

Қайырлы таң, қонақтар!

Қайырлы таң достарым!


Ал, балалар жақсы көңіл-күймен танымдық жарысымызды бастайық!

Ғажайып сәт: Есік қағылып тілші кіреді, амандасады.Тілші: -Балалар сендердің балабақшаларыңның аты қалай аталады?Балалар: -«Раушан» балалар бақшасы. Тілші: -Тамаша дәл тауып келіппін, олай болса мен өзімді таныстырып өтейін:

- Мен Ұлттық «Хабар» арнасының тілшісі Сағила Сақышқызы боламын, сендердің жарыстарыңа қатысып, білімдерінді байқамақшымын.

Тәрбиеші: -Қош келдіңіз!

Тілші:

- І – ші топ қалай аталады?

Балалар:

  • «Тұлпар» тобы

Тілші:

- Ұрандарын қандай?

Балалар:

Біз кішкентай жұлдызбыз.

Тәрбиелі ұл-қызбыз

Жарыстан озып, самғаған,

Жүзден жүйрік тұлпармыз!


«Тұлпар» тобынан жалынды сәлем!

Тілші:

-Жарайсыңдар!

- ІI – ші топ қалай аталады?

Балалар:

  • «Бүркіт» тобы

Тілші:

- Ұрандарын қандай?


Ұшақтан да ұшқырмыз,

Желден озған жүйрікпіз

Келіп тұрған жарысқа,

«Бүркіт» тобы боламыз!

«Бүркіт» тобынан жалынды сәлем!

Тілші: Тамаша!

Тәрбиеші: - Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде алтын сақаойындар арқылы жыл бойы өткендерімізді қайталайтын боламыз. Ойын шарты: Барлық сұрақтарға толық және қатесіз жауап беретін боламыз. Ал ендеше тұрмайық Ойынымызды бастайық Не үйрендік, не білдік Соны ортаға салайық.

І кезең:

Қалаған ұяшықтағы түс пен санды таңдай отырып, сол ұяшықтағы сұраққа жауап беру.

  1. «Ойлан, тап» ойын. Жұмбақтар шешу:

Қабат – қабат қаттама, Ақылың болса аттама. (кітап)



Өшірді, сүртті, Өзгені құртты, Өзін де құртты. (өшіргіш)



Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қолға доп болып оралады. (құлпынай)



Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой – овца - sheep)


Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (түйе – верблюд - camel)


Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. (күн, солнце, sunny)


Жылт –жылт етеді, Жылғадан өтеді. (су)


Күндіз жоқ та, Түнге қонақ. (ай)


2. «Есіне түсір, жылдам айт» ойын:

- Тірі табиғатқа не жатады? (Гүлер, ағаштар, шөпер т.б. )

- Өлі табиғатқа не жатады? (тас, құм, топырақ, ауа т.б.)

- Тіл не үшін керек? (сөйлеу үшін керек)

- Адамға қол не үшін керек? (енбек ету үшін керек)


3. «Жалғастыр» ойын: Өлеңнің екі жолын оқу. Балалар жалғастыру керек.

1. Отан сенің ата-анаң, Отан-досың, бауырың.(Отан-аудан, ауылың, Отан-тіл жасаған елің, ер халқының)


2. Тоңазып атырап, Көп жеміс піседі. (Сарғайып жапырақ, Саудырап түседі)


3. Жиып-теріп болатын, Қамбаға астық толатын. (Қызыл қырман ойнайтың, Қай мезгілі деп ойлайтын)


4. Тасытқан соң күшімді,

Шынығуды бітіріп. (Тазалаймын тісімді, Жуынамын күтініп,)


4. «Өз орныңды тап» ойын: Бір жылда неше мезгіл бар?(төрт)

Төрт мезгілде атар беріңдерші? (қыс,көктем,жаз,күз) Әр мезгілде неше ай бар? (үш айы бар)

Қазір жылдың қай мезгілі? (көктем) Көктем мезгілі атап беріңдерші? (наурыз, сәуір, мамыр)



5. «Кім көп біледі» ойыны:

1. 0-ден 10-ға дейін тура санау.

2. 10-нан 0-ге дейін кері санау.

3. Ауызша есепте 3+1; 2+2; 6+2; 10-5; 6-3; 7-3.

4. Бір аптада неше күн бар? (7 күн бар)

5. Апта күндерін айтып беру. (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,


жұма, сенбі, жексенбі)


6. «Мнемо» кесте бойынша мақалды жалғастыр:

1. Әке асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ.

2. Бала тілі бал, ана сүті бал.

3. Алты жаста бала келсе 60 жастағы шал келіп сәлем береді.

4. Малды бақсан қойды бақ, май кетпейді шарадан.

5. Ит асырасан адалдан, қой кетпейді қорадан.

ІІ кезең «Жеті жұрттың тілін біл!»

7. Тәрбие, еңбек туралы мақал – мәтелер білесіңдер:

Еңбек етсен еріңбей,

Тояды қарның тіленбей.



Еңбек ердің көркі, Ер елдің көркі.



Еңбек ердің санаты, Білім ердің қанаты.


Салтын білмеген,

Сауапты түсінбейді.



Дәстүрдің озығы бар,

Дәурені өткен тозығы бар.



Тәрбиелі адам- тағалы атпен тең.


Жақсылық еккен алғыс орады.


Үлкен бастар, кіші қостар.


Мын түзілмей, мін түзілмейді.

Бабасы еккенді, баласы орады.



Әкесі қой баға білмегеннің,

Баласы қозы баға білмейді.



Айтушы ақылды болса,

Тыңдаушы дана болады.



8. Қазақтың ұлттық аспаптарын атап бер...

(домбыра, дауылпаз, жетіген, асатаяқ, сыбызғы)

9. «Кім біледі» сұрақ.

1. Қазақтың ақындарын ата?

( А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ж. Жабаев, М. Мақатаев, Ш. Уалиханов, М. Жұмабаев, С.Сейфуллин )

2. Ақындардың өлеңдерінен бір-бір шумақ айтып бер.

Сергіту сәті: «Нағыз дос болайық»

Қосыл,қосыл шеңберге,

Нағыз адал дос болып.

Қосыл,қосыл шеңберге,

Ең сенімді дос болып.



Қосыл,қосыл шеңберге,

Ең зиянды дос болып.

Қосыл,қосыл шеңберге,

Ең мейірбан дос болып.



Қосыл,қосыл шеңберге,

Нағыз сараң дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз жақсы дос болып.

Тілші:

- Мен сендерге сұрақтар қойып білімдерін байқамақшымын.

Тәрбиеші:

Ал, ендеше тұрмайық,

ІІІ кезеңді жалғастырайық,

Не үйрендік, не білдік,

Соны ортаға салайық!

ІІІ кезең : Жорға

Берілген сұрақтарға жауап беру

1.Байқамай қағып кеткенде айтылатын сөз? 2.Апаң сенің базарданАлма сатып әкелді,Ең үлкенін, жақсысын,Саған таңдап әперді,Не деп айту керек?

Тілші: - Балалардың жинаған ұпай санын санау.

Қорытынды:

Тәрбиеші

-Жеңіске жеткен топты мадақтау.

- Балалар бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?

-Ұнады, себебі оқу қызметіміз алтын сақа сайыс түрінде өтті.

- Бүгінгі сайыста не айтып жарыстыңдар?

-Бізге қонаққа кім келді?

- Тілші Сағила Сакышқызы ұпайды немен бағалады?

- Балалардың жауаптары.

-Өзінің алып келген сыйлықтарын табыс етеді. (үлкен – кіші ертегі кітаптар)


Тілші:

Құрметті қонақтар! Ересек «Балапан» тобының балалардың бір жылда «Не білдік, не үйрендік» атты алтын сақа сайысы өтті. Бұл сайыста біз келешек ұрпақтың салт-дәстүрімен сусындап өсіп келе жатқанына көзіміз жетті. Сіздермен болған тілші Сағила Сақышқызы. Келесі кездескенше сау, болыныздар!


Тәрбиеші: - Олай болса балалар қонақтармен қоштасайық.

Балалар қонақтармен қоштасады.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жарыста өздерін еркін ұстай отырып, ойларын ашық білдіруді.

Игереді: Не білдік, не үйрендік сұрақтарға толық жауап игерді.

Істей алады: Берілген тапсырмаларды орындай алады.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
606
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12