Материалдар / Ашық сабақ Тақырыбы: Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік құрлымы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Тақырыбы: Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік құрлымы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрметті студенттер, бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік құрлымы» деп аталады. Бүгінгі сабақта біз Қазақ хандығының басқару жүйесі, әкімшілік құрлымы, ХV- ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші хан сайлау, Ханның құқықтары мен міндеттері, Ұлыстың құрамы, әлеуметтік құрамы, «Жеті жарғы» және билер кеңесі, меншік мәселесі. Салықтар мен міндеткерліктер туралы айтылады. Жаңа тақырыпты өтпес бұрын, алдымен үй тапсырмасын ауызша сұраймын. Сабақ барысында, сендер жеке және өз беттеріңмен мәтінмен жұмыс істейсіңдер. Логикалық тапсырмалар орындайсыңдар. «БББ» кестесін толтырасыңдар. Сабақ барысында жасаған жұмыстарыңа байланысты сабақ соңында баға аласыңдар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2019
1015
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы

«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны


Сабақ жоспары №12.

Пән аты: Қазақстан тарихы

Оқытушы: Ораз А.Ә.

Топ: 25 ТР-к.

Тақырыбы: Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік құрлымы.

Сабақтың мақсаты: ХV- ХVІІІ ғасырдағы қазақ хандығының саяси-әлеуметтік құрылысын тереңдете түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға қазақ хандығының басқару жүйесі, хан сайлау дәстүрі мен қазақ халқының әлеуметтік құрамы, «Жеті жарғы» заңы туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін, теориялық білімді игеру және зерттеу қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Туған халқына, Отанына, тарихи тұлғаларға, елінің тарихи даму кезеңіне құрмет етіп, саяси-тарихи көзқарасын қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, сұрақ-жауап, талқылау.

Қолданылатын көрнекіліктер: Оқулықтар, слайдтар, мәтіндер, Танымал тұлғалардың суреттері.

Қолданылатын технология: ақпараттық-коммуникативтік технологиясы, сыни тұрғыда ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері.

Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, Мәдениеттану, Саясаттану, Қоғамтану.


Сабақтың құрылымы:

Р/с

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

I.

Ұйымдастыру сәті

1 мин.

II.

Презентация

3 мин.

III.

Үй тапсырмасын тексеру

15 мин.

IV.

Жаңа тақырып меңгеру

50 мин

V.

Жаңа тақырыпты бекіту

5 мин

VI.

Қорытынды

4 мин

VII.

Үй тапсырмасын беру

2 мин


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы. Оқулық. Авторлары: Қойшекенова Н.Логикалық тапсырмалар арқылы оқушыны жүйелі ойлауға үйрету // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. 2014 ж. №6.

  2. Тұрғанбаева Б. «Сын тұрғысынан ойлаудан» акмеологияға //Дауыс пен көрініс журналы 2001 жыл. № 2. 22 – 23 беттер.

  3. Дүйсенбаев Е. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы дамыта оқыту жүйесі ретінде. //Дауыс пен көрініс журналы 2002 жыл. №2. 8 – 10 беттер.

  4. Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов Қазақстан тарихы -2007, 221-228 беттер.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Аудиторияның тазалығын және оқушылардың сырт келбетін тексеру. Журнал бойынша түгендеу. Жоқтарын белгілеу.

  2. Презентация. Бүгінгі тақырыпты хабарлау, оның өзектілігін айту. Оқушылардың алдына мақсат-міндеттер қою.

Құрметті студенттер, бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік құрлымы» деп аталады. Бүгінгі сабақта біз Қазақ хандығының басқару жүйесі, әкімшілік құрлымы, ХV- ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші хан сайлау, Ханның құқықтары мен міндеттері, Ұлыстың құрамы, әлеуметтік құрамы, «Жеті жарғы» және билер кеңесі, меншік мәселесі. Салықтар мен міндеткерліктер туралы айтылады.

Жаңа тақырыпты өтпес бұрын, алдымен үй тапсырмасын ауызша сұраймын. Сабақ барысында, сендер жеке және өз беттеріңмен мәтінмен жұмыс істейсіңдер. Логикалық тапсырмалар орындайсыңдар. «БББ» кестесін толтырасыңдар. Сабақ барысында жасаған жұмыстарыңа байланысты сабақ соңында баға аласыңдар.

Студенттер, ең алдымен үй тапсырмасын сұраудан бастаймын. Ауызша сұрақтар қоямын. Дұрыс жауапқа жетондар таратылады.

8 жетон – «5»,

7-5 жетон – «4»,

4-2 жетон – «3».

Сондай-ақ, сабақ барысында белсенді қатысқан және де алдын-ала берілген тапырмаларды орындаған студенттерге жинаған ұпай сандарына байланысты бағаланады. (3 мин.)


ІІI. Үй тапсырмасымен жұмыс.

Мынандай мазмұнда сұрақтар қойылады.


1-қатар

  1. Қазақ хандығының 1465-1466 жылдары құрылғандығы туралы орта ғасырлық қай тарихшы жазды?

А) Ж.Баласағұни В) М.Қашғари С) Х.Дулати

Д) Қ. Жалайри Е) А.Йассауи

2. Әбілқайыр хан 1468 жылы қай жерге жорыққа аттанған жолда қайтыс болды?

А) Ойраттарға В) Мәуеренахрға С) Қазақ хандығына

Д) Моғолстанға Е) Ноғай ордасына

3. ХVғ. аяғында қазақ хандығының ұзаққа созылған күресі нәтижесінде, қандай қалалар хандықтың құрамына кірді?

А) Отырар, Йасы В) Үзгент, Аркөк С) Созақ, Сауран

Д) Ташкент, Сайрам Е) Тараз, Хорезм

4.Қасым хан Қ.Жалайридың дерегі бойынша қай жерде қайтыс болған?

А) Түркістанда В) Сығанақта С) Хорасанда

Д) Сауранда Е) Сарайшықта

5. Қазақ хандығын 1523-1532 ж.ж кім басқарды?

А) Бұрындық хан В) Қасым хан С) Мамаш хан

Д) Хақназар хан Е) Таһир хан

6. Тәуекел хан Мәскеуге Құл-Мұхамед бастаған елшілікті қашан жіберді?

А) 1594 В) 1586ж С) 1595ж

Д) 1577ж Е) 1543ж

7. «Мұсылман дініндегілердің ішіндегі ең көбі және күштісі қазақтар Ташкентке шабуыл жасаған. Оған баратын керуендердің еркін жүруіне кедергі жасаған.» -деп жазған кім?

А) В.Степанов В) А.Джениксон С) С) Х.Дулати

Д) Қ. Жалайри Е) А.Йассауи

8. Өзін ханмын деп жариялап, Ташкентті билеген ханды атаңыз:

А) Тәуке хан В) Имамкули хан С) Тұрсын хан

Д) Есім хан Е) Жәңгір хан


2-ші қатар

1. Орбұлақ шайқасы қай жылы болды?

А) 1643ж В) 1650ж С) 1645ж

Д) 1661ж Е) 1640ж

2. Тәуке ханның кезіндегі қазақ хандығының астанасы:

А) Мерке В) Түркістан С) Сығанақ

Д) Тараз Е) Ташкент

3. Тәуке ханның алдына қойған мақсаты:

А) Қазақ жерін кеңейту

В) Жоңғарлармен келісімге келу

С) Қытаймен одақ құру

Д) Хан билігін нығайту

Е) Бұқарамен қатынас орнату

4. Оңтүстік Қазақстандағы Ордабасы деген жерде қай жылы жиын болып, жоңғарларға қарсы соққы беру үшін әскер құрылды?

А) 1723ж В) 1732ж С) 1720ж

Д) 1726ж Е) 1724ж

5. 1643ж Орбұлақ шайқасында Жәңгір ханның қанша сарбазы болған?

А) 100 мың сарбаз В) 50 мың сарбаз С) 600 сарбаз

Д) 973 сарбаз Е) 1 мың сарбаз

6. Тәуке хан қай жылдары Сібірге бес рет елшілік жіберді?

А) 1686-1693ж.ж В) 1670-1697ж.ж С) 1680-1684ж.ж

Д) 1686-1690 ж.ж Е) 1644-1632ж.ж

7. Тәуекел хан Өзбек заны ІІ Абдаллахпен шартын бұзып, 1586 жылы қай қаланы басып алды?

А) Түркістанды В) Меркені С) Сарайшықты

Д) Сайрамды Е) Отырарды

8. Керей хандық кезеңі:

А) 1455-1473ж ж. В) 1457-1472 ж ж. С) 1458-1470 ж ж.

Д) 1458-1473 Е) 1512-1520 ж ж.


3-ші қатар

1.1473-1480 жылдары хандық орнатқан хан:

А) Жәнібек хан В) Тәуекел хан С) Тәуке хан

Д) Есім хан Е) Абылай хан

2. Қай ғасырлары қазақ хандығы нығайып, шекарасы ұлғайған?

А) 15-16 ғғ. В) 16-17 ғғ. С) 15 ғ.

Д) 17-18 ғғ. Е) 18-19 ғғ.

3.1523-1532 жылдары кім хан болған?

А) Жәнібектің ұлы Қасым В) Жәңгірдің баласы Тәуке

С) Қасымханның немере інісі ТаҺир Д) Қасымханның баласы Хақназар

Е) Абылай хан

4. Хақназарды халық қалай атаған

А) Қырғыздар мен ноғайлардың ханы

В) Қазақтар мен қырғыздардың ханы

С) Қалмақтар мен қырғыздардың ханы

Д) Қазақтар мен ноғайлардың ханы

Е) Қазақтар мен қалмақтар ханы

5. 1563 жылдары қазақ хандығын сыртқы саясатын өзгерткен хан:

А) Жәнібек хан В) Таһир хан С) Тәуке хан Д) Хақназар хан

Е) Абылай хан

6. Халық Жәңгір ханды «Салқам Жәңгір» деп не үшін атаған?

А) Білімі үшін В) Байлығы үшін С) Ерлігі үшін Д) Мінезі үшін Е) Шешендігі үшін

7. Есімхан қай қаланы орталық еткен?

А) Сығанақ қаласы В) Аққорған қаласы С) Созақ қаласы

Д) Түркістан қаласы Е) Отырар қаласы

8. Өзін «қазақтар мен қалмақтардың ханы» деп атаған хан:

А) Жәнібек хан В) Таһир хан С) Тәуке хан Д) Хақназар хан

Е) Тәуекел хан

Қазақ хандары туралы жаңа мәліметтерді алдын-ала берілген 4 студент баяндап береді.



IV. Жаңа тақырыпты меңгеру

Тақырыптың жоспары:

  1. Хандық үкіметтің басқару жүйесі.

  2. Хан және хан сайлау.

  3. Ұлыстың әлеуметтік құрамы және «Жеті жарғы» мен билер кеңесі, меншік мәселесі.

  4. Салықтар мен міндеткерліктер.


А) Қызығушылықты ояту: оқушылармен бірге «Білемін, Білгім келеді, Білдім» кестесінің алғашқы екі бағанын толтыру.


Білемін

Білгім келеді

Білдім









Ә) Оқушыларға жаңа тақырыпты таныстыру.

1.Қазақ хандығының басқару жүйесі 7 тармақтан тұрды.


Ауыл


Ата аймақ


Хандық

Жүз

Ұлыс

Арыс

Ру













Б) ХV- ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығының басқару жүйесі туралы төмендегі кестені толтыру.


Саты-

лары

Басқа ру

дың ұлттық жүйесі

Бірігудің түрлері

Басшы-

сы

Басшының міндеттері

Басшының негізгі қасиеттері

1

Ауыл

Туыстас, қандас жақын адамдар-

дан немесе бірнеше отбасы-нан

Ауыл-

Басы

Ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көші-қон уақытын белгілеу, адам, көлік күшін дұрыс пайдалану, салықтың уақытында төленуін қадағалау

Білгір, тәжірибелі, саяси беделге ие, ауқатты

2

Ата аймақ

Жеті атадан

қосылатын бірнеше ауылдан

Ақсақал

Шаруашылықты, алым-салықты қадағалау, ақсақалдық шешімін екі айтқызбай орындап отыруы / ақсақалы бар ауыл азбайды/.

Жоғары мәртебеге ие, жасы келген

3

Ру

10 немесе 15 аймақтан

Рубасы

Рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты

Көпті көрген, мол тәжірибелі, білікті, білгір

4

Арыс

Бірнеше рудан

Би

Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті, би әділетті болуы керек /тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ/.

Әділ, шешен, ақыл- кеңес бере алатын

5

Ұлыс

Бірнеше арыстан

Сұлтан

Ұлыс ішіндегі жер, барымта, алым-салық, әскер, көші-қон мәселелерімен айналысты. Халықтың жағдайы сұлтанның қабілетті басқарумен байланысты

Ақсүйектер әулетінен

6

Жүз

Бірнеше ұлыстан

Хан

Жер мәселесі, әскер, ішкі, сыртқы тұрақтылық, сот мәселесінің барлығы ханның тікелей араласуымен жүзеге асырылып отырды

Тек қана хандар әулетінен

7

Хандық

Үш жүзден

Қаған /ұлы хан, хандар-

дың ханы/.

Үш жүздің жер, даудамай мәселелерін шешті. Хандықтың сыртқы саяси жағдайын қадағалады. Алайда үш жүз арасындағы алауыздық, сыртқы саяси жағдай қағандардың билігіне нұсқау келтірді.

Ақсүйек, шонжарлар


2-сұрақ. Хан және хан сайлау. Миға шабуыл арқылы жүзеге асыру.

А) ХV- ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші хан болды.


БDrawObject1 атыр Дана, ақылды Елді билейді

DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2

ШDrawObject5 ыңғыс ханның Ақсүйек, беделді

ҰDrawObject6 рпағы

DrawObject8 DrawObject7 Іскер

ПDrawObject10 DrawObject9 арасатты

Әскердің жоғарғы Көреген

қолбасшысы болды


Ә) Студенттер өздігінен жұмыс жасап шешімін табу.

Хан көтерудің екі жүйесі қатар қолданылды:


  1. Мұрагерлік жол 2. Сайланып қойылуы

Сұлтан, ұлыс, бектер, билер, ақсүйектер, ру басшылары

Ақ киізге отырғызып, сұлтан-билер үш рет көтеріп, «хан,хан, хан» деп жариялаған

Жиналғандар бар малын бөлісіп алған

Ханды көтерген ақ киізді, ханның киімін бір жапырақтан бөлісіп алған

Қатысушылар

Салты

«Тәбәрік»

«Ханталапай»

DrawObject15 DrawObject19 DrawObject18 DrawObject17 DrawObject16 DrawObject14 DrawObject13 DrawObject12 DrawObject11












Б) Ханның құқықтары мен міндеттері:


1.Билік жүргізу құқығы

2.Соғыс жариялауға, билік жасау құқығы

3.Шет мемлекеттермен келіссөз жүргізу құқығы

4.Өзіне бағынышты адамдарды жазалауға құқылы

5.Заң шығару, бұйрық беруге құқылы

1.Елді сыртқы жаудан қорғау

2.Әскерді басқару

3.Мемлекеттің сыртқы саяси бағытын белгілеп отыру

4.Елдің бірлігін сақтау, қылмыстың алдын алу

5.Халықтың бейбіт тұрмысын, тыныштығын қамтамасыз ету

Хан кеңесі

Ұлысбектер, сұлтандар, билер, баһадүрлер қатысқан.

Билер кеңесі

Ең ықпалды рубасылары кірген.

Жиында мемлекеттің ішкі-сыртқы саяси жағдайы, көші-қон, талас- тартыс т.б мәселелер қаралды.

  1. Әскербасылық

  2. Әкімшілік

  3. Билік

  4. Ақсүйектердің өкілдік қызметі.


3-сұрақ.

Оқытушы ауызша негізгі мәліметтерді жеткізеді


А) Ұлыстық және әлеуметтік құрамы.

Ұлыс – қазақ хандығының басты саяси- экономикалық жүйесі. Ұлыс бірнеше ру- тайпалардан тұрып, «ел» немесе «халық» деп ұлыс тұрғындарын атаған. Ұлыс жерін «жұрт» деп атаған. Ұлыстың белгілі бір аты болмаған, ұлыс иесінің атымен аталып отырған.

Студенттерге төмендегі көрсетілген сұрақтардың анықтамаларын табу керек.

Қазақ халқы, әлеуметтік құрамы екі топқа бөлінеді:

Феодал

Қарашалар

Ақсүйектер

Тайпа ақсүйектері

Қарапайым адамдар

Шыңғыс ұрпақтары,

қожалар, сұлтандар

Жергілікті ру-тайпа билері, бай-шонжарлар

Малшылар, егіншілер бас еркі бар

Құлдар, күндер еркі жоқ адамдар

Салықтан босатылды

Салық төледі

DrawObject30 DrawObject29 DrawObject28 DrawObject27 DrawObject26 DrawObject25 DrawObject24 DrawObject23 DrawObject22 DrawObject21 DrawObject20

















Ә) «Жеті жарғы» заңы, Билер кеңесі.

DrawObject31










4-сұрақ. Меншік мәселесі, салық пен міндеткерлік.


Қазақ қоғамында меншік мәселесі күрделі болған. Кейбір зерттеушілер: «Қазақта жерге меншіктің түрі болмады, тек малға меншік болған» дейді. Кейбір тарихшылар малға жеке меншікпен қатар жерге жеке меншіктің болғандығын айтады. «Жеті жарғы» мазмұнында: «Әрбір ру – тайпаның, олардың бөлімшелерінің не тармақтарының таңбасы болсын» делінген.

Студенттерге төмендегі көрсетілген сұрақтардың анықтамаларын табу керек.

Жер иелену

Меншік жер

Інжу

Вақф

Иқта

Сойырғал

Хан

Хан тұқым

Дін иелер,қарам жер

Шаруа мүліктік жер

Зекет

Харадж

DrawObject55

Баж

Тағар

Салық

Мал басының ханға салығы

Жер салығы өкімінің 3/2 бөлігі

Әскерлердің азығы

Саудаға салынады

Міндеткерлік

Хан сұлтанға сыбаға, соғым

Қоналқа

Жамылғы

Әскер бөлімдерін қабылдады

Әкім адамдарын қабылдады

DrawObject54 DrawObject53 DrawObject52 DrawObject51 DrawObject50 DrawObject49 DrawObject48 DrawObject47 DrawObject46 DrawObject45 DrawObject44 DrawObject43 DrawObject42 DrawObject41 DrawObject40 DrawObject39 DrawObject38 DrawObject37 DrawObject36 DrawObject35 DrawObject34 DrawObject33 DrawObject32






Жерді сыйға тарту




























Бейне көрніс арқылы тақырыпты қорытындылау. Қазақ елі туралы деректі фильмі 2013 ж. (үзінді)


Тарихи сынақ хат

1.Қазақ хандығының басқару жүйесі жеті тармақтан тұрды.

2.Үш жүздің билері мемлекеттік мәселелерді шешуге ханға көмектесіп, ақыл-кеңес беріп отырған жүздің билерін орда би деп атаған.

3.Қазақтың ханын сайлауға барлық рудың атақты, сыйлы шонжарлары қатысты

4.Көбінесе хандар өздерінің ұлдарын немесе туыстарын ұлыстарға сұлтан етіп тағайындайтын болған.

5.Шыңғыс ұрпақтары мен шығу тегі араб саналатын қожалар ақсүйектерге жатады.


Сәйкестік тесті

Сұрақтар

Сәйкестік жауабы

1

ТDrawObject56 DrawObject57 әуке хан заңдар жинақтары

Тәңір құты

2

АDrawObject58 DrawObject59 лтын адам табылған жыл

Үшке бөлінеді

3

Сақтар қаншаға бөлінеді

1969 ж

4

ОDrawObject60 DrawObject61 ғыз билеушісі қалай аталады

1370-1405ж

5

ХDrawObject62 анның бар малын бөліп алу қалай аталады

Жеті жарғы

6

Ғұн билеушісі қалай аталады

Ханталапай

7

Әмір Темір билік құрған жылдар

Жабғу


V. Сабақты бекіту

Иә” “Жоқ” әдісі бойынша жауап беру

1

Әр ұлттың өзіне тән тілі, мінез ерекшелігі, салт-дәтүрі, ата-мекені болды ма?

иа



2

XVІІ ғ соңында Қазақ хандығының шекарасы шығыста Тынық мұхитына жетті ма?


жоқ

3

Құрылтай 5 жылда 1 рет шақырылады ма?


жоқ

4

Арыс бірнеше ұлыстан құралады ма?

иа


5

Қарапайым  халық “қараша” деп аталады ма?

иа


6

Феодалдар, ақсүйектер салық төледі ма?


жоқ

7

Ер адамды өлтірген үшін құны 500 қой болды ма?


жоқ


Ой-толғаныс: «БББ» кестесіне қайтып оралу, кестені аяқтау. «Білдім» бағанын толтырады. Тақтаға және дәптерлеріне жазады.


Білемін

Білгім келеді

Білдім








VI.Қорытынды. Қорытынды сөз. Жетондарды санап белсенді қатысқан студенттердің бағаларын қою. (3-4 мин.)

VII. Үй тапсырмасын беру: Оқулық Қазақстан тарихы. 6-тақырып 86-111 б.

Баяндама, рефераттардың тақырыптарын студенттерге бөліп беру.

1. Тәуке хан

  1. Қасым хан

  2. Есім хан

  3. Жеті жарғы

  4. Қазақ билері



















Оқытушының қолы:_______________Ораз А.Ә.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!