Ашық сабақ тақырыбы: "Қысқы көрініс:Қысқы ағаш" аппликация оқу қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы: "Қысқы көрініс:Қысқы ағаш" аппликация оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру, қысқы ағаш бейнесін материалдарды пайдаланып аппликация жасауға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің технологиялық картасы


Күні:___________

Білім саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация

Тақырыбы: Қызқы көрініс: Қысқы ағаш.

Мақсаты:1.Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.

2.Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Қағаз бетінде бейнелерді жапсырмалауды, одан кейін оларды желімдеу дағдыларын қалыптастыру,ұсақ саусақ маторикасын дамыту.

3.Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, өлең оқу, слайд көрсету, ойын, сергіту сәті,зерттеу жасау, сұрақ-жауап, қорытынды.

Көрнекілігі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерінің суреттері,қатқан мұз,қар,слайд.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың іс-әркеті

Қозғаушы қызмет түрі

Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.

Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Келген біздің қонақтарға,

Жүрек жылуын сыйлайық.

Күн жылуын шашайық,

Бір жадырап қалайық.

Ұйымдастырушы-ізденушілік

Өлең оқу:

Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?

-Балалар қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?

-Балалар тәжірибе жасау үшін мұз әкелдім біз бұл мұзды оқу қызметінің соңында мұз неге айналатынын бақылайтын боламыз.


-Ендеше,балалар бейне көрніске назар аударайық.

Слайд: «Қыс көрністері»

-Бұл көрністе қай мезгілді көріп отырсыздар?

-Қыс мезгілінде не жауады?

-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?

-Ендеше қыс мезгілі туралы ойын ойнаймыз ба?

Д/ойын: «Дыбысқа сәйкес бейнені тап?»

Ойын шарты: Дыбысты тыңдай отырып сәйкес бейнені көрсету.

-Балалар, біздер серуенге шыққанда ағаштардан нені байқадық?

Алдымыздағы қарды ұстап көрейікші, түсі қандай?

-Жұмсақпа, қатты ма?

-Жылы ма, мұздай ма?

-Ендеше балалар, біз бүгін балабақша ауласындағы қысқы ағаштардағы қарды қалдық табиғи материал мақтамен жасап үйренміз.

-Қалай жасаймыз, мұқият маған қараңыздар.

Аппликация жұмысы: ағаштың бейнесіне мақта арқылы қар жапсырмалауды үйрету.

Сергіту сәті:

Боран соғар оң жақтан

Боран соғар сол жақтан

Қар лақтырып ойнасақ

Суық өтер қолғаптан

Д/ойын: «Жыл мезгіліне сәйкес суретті тап»

Шарты: Тірек сызба арқылы жыл мезгіліне сәйкес суретті тауып қосу.

Мұзды бақылау:

-Балалар мұз неге айналды?

-Міне, балалар қыс мезгілінде сулар,өзен,көлдер мұзға айналады екен.

-Қыс мезгілінің ғажайып ерекшеліктері осындай болады.


-Қыс мезгілі




-Қар жауады, боран соғады,аяз болады, жерде мұздар болады.


Балалар тамашалайды.







-Қыс мезгілін.


-Қар жауады.

-Шанамен, шаңғы, коньки тебеміз, аққала жасаймыз, қар лақтырып ойнаймыз.





Балалар тапсырманы орындайды.



-Қарлар


-Ақ түсті.

-Жұмсақ.


-Мұздай.




Балалар жұмыс барысын қарайды.


-Балалар тапсырманы орындайды.


Өлең сөзіне қарай қимыл жасайды.





Сәйкес суретті таба білді.






-Суға айналды.

Жетекші-жөндеуші

Қорытындылау:

-Қай мезгіл туралы әңгемелестік?

-Балалар біз бүгін оқу қызметінде қарды немен жасап үйрендік?

-Қандай зерттеу жұмысын жасадық?

Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысып, тапсырманы орындадыңыздар.Сіздерді мұз тәттілермен марапаттаймын.


-Қыс мезгілі туралы.


-Мақтамен.

-Мұзға зерттеу жасадық.




Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелеп беруді.

Нені меңгерді: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы,мұздың қасиеті туралы меңгерді.
Нені жасай алды: Қалдық материалды пайдаланып берілген бейнені жапсырмалап үйренді.









«Боранқұл» бөбекжайы МКҚК














«Қысқы көрініс: Қысқы ағаш»

(ашық оқу қызметі)

















Өткізген: Куракбаева А.









2019 жыл.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
8668
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі