Ашық сабақ. Тақырыбы: "Тәуелсіздік"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Тақырыбы: "Тәуелсіздік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып,елжандылыққа тәрбиелеу,Отан туралы түсініктерін кеңейту,патриоттық сезімдерін ояту.Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»

Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып,елжандылыққа тәрбиелеу,Отан туралы түсініктерін кеңейту,патриоттық сезімдерін ояту.Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.

Тәрбиеші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім  менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан елім менің!

Құрметті тәрбиешілер мен кішкентай бүлдіршіндер! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»  атты оқу іс-әрекетін бастаймыз

ҚР гимні орындалады.



Бағым :

Мерекеге шығады,

Бүкіл халық біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік – ұлы той.

Азиз:  

Көтерілсе шаттығым,

Ынтымақты ел іші.

Желбіресе көк туым,

Тәуелсіздік жемісі.

Хансұлтан:         

Тәуелсіздік еліміз,

Мәңгі жасар жеріміз.

Тәуелсіздік жасаған,

Аға, әпкелеріміз.

Тәрбиеші:

Балалар біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

ҚР президенті кім? (Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев)

ҚР рәміздеріне не жатады? (Ту,елтаңба, гимн)

Тәрбиеші:

-Рәміздер туралы тақпақтарымен балаларымызды ортаға шақырамыз:

Әлинұр:     

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің Қазақстан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің,Қазақстан!

Алима:        

Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанаты,

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

Зере:     

Елтаңбасы елімнің,

Ортасында шаңырақ.

Төбесінде жұлдызы,

Тұр ғой әне жарқырап.

Ерали:       

  Аялап ару  ананы,

Өсірген еркін баланы.

Бесігім болып тербеткен,

Отаным – Қазақстан.

Ернұр:    

Әнұраны елімнің,

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте.

Тәрбиеші:

Ән  « »

Тәрбиеші:

Желтоқсан  құрбандарын есек алып, бір сәт үнсіздік жариялайық.

-Жарайсыңдар балалар,Қазақстан Республикасының еркіндік алып Тәуелсіздікке жеткен күні ол 16-желтоқсан. Бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16-желтоқсанда үлкен көтеріліс болды, оған қазақтың жас ұлдары мен қыздары шықты.Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев,Сабира Мұхамеджанова, Ляззат Асановалар болды.Олар Отан үшін,сендердің болашақтарың үшін үлкен ерлікпен қаза тапты.Осы аға — апаларымыздың арқасында ешкімге бағынбай, тәуелсіз мемлекет болдық.

Тәрбиеші:   -Ал енді балалар 16-шы желтоқсан туралы тақпақтарымызды айтып берейік.

Әбілқайыр:       

Желтоқсанның ызғары-ай,

Кірпікке қатқан мұздар-ай.

Елім-ай деп есілген,

Қаһарман ұлдар, қыздар-ай.

Аружан:       

 Жасай берші ұлы күн,

Үміті боп елімнің.

Ақ күні боп баланың,

Шаттығы боп ананың.

Аяла:            

Отан-Тарих,Отан-тіл,

Жасаған елің ер халқын.

Отан-өлкең,Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Назым:     

Он алтыншы желтоқсан,

Ел мерекесі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.

Тәрбиеші:

-Келесі кезекті мерекелік биімізге береміз.

Би:«Қазақша биі»

Тәрбиеші:

-Тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіз?

Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?

Біздің бас қаламыз қай қала?

Ал балалар сендер Астана қаласы туралы тақпақтар білесіңдер ма? (Ия)

Көркем:       

Гүл жайнаған Астана

Қазақстан жүрегі.

Бірін-бірі сыйлаған

Туысқандар отаны.

Айзере:   

Жас Астана, жас қалам,

Тарихың бар ашпаған

Ордасы боп ойшылдың,

Ей, бас қалам, Астанам.

Диляра:          

Әсем қалам – Астанам,

Әлемдегі жас қалам.

Әр күн сайын өзгеріп,

Бой көтерді бас қалам.

Тәрбиеші: -Балалар сендер Отан, туған жер туралы мақал-мәтел білесіңдер ме? (Ия)

Байжігіт:         

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Ақыл:     

Отан –елдің анасы,

Ел – ердің анасы.

Марғұлан:        

Тәуелді елдің сұлтаны болғанша,

Тәуелсіз елдің ұлтаны бол.

Ақберен:    

Отанды сүю – отбасынан басталады.

Ән: « » 

Тәрбиеші:

-Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын! Осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз,келесі кездескенше сау болыңыздар!





































 

















«Күншуақ» жекеменшік бөбекжай балабақшасы











Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:

«Елімнің еркіндігі- Тәуелсіздік»

''Құлыншақ'' орта тобы











Тәрбиешілер: Кесикпаева А.К.

Кеңесова Н.А.







Зайсан қаласы,2022жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2023
279
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі