400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Тақырыбы: Тепе – теңдікті сақтау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1. Өткенді қайталау: а) алдыға денемен аударылып түсу. ә) жауырынмен тұру (ұлдар) б) көпір жасау (қыздар) 2. Тепе – теңдікті сақтауға арналған жаттығуларды көрсетіп түсіндіру. Әртүрлі қалыпта тепе – теңдікті сақтау тәсілдерін дамыту. 3. Оқушылардың қабылдауын, шапшаңдылығын дамыту. Өзара көмектестікке үйрету. Құрал – жабдықтар: гимнастикалық маттар, гимнастикалық таяқшалар, доптар, секіртпе, гантель, ысқырық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тепе – теңдікті сақтау.
Мақсаты: 1. Өткенді қайталау:
а) алдыға денемен аударылып түсу.
ә) жауырынмен тұру (ұлдар)
б) көпір жасау (қыздар)
2. Тепе – теңдікті сақтауға арналған жаттығуларды көрсетіп түсіндіру. Әртүрлі қалыпта тепе – теңдікті сақтау тәсілдерін дамыту.
3. Оқушылардың қабылдауын, шапшаңдылығын дамыту. Өзара көмектестікке үйрету.
Құрал – жабдықтар: гимнастикалық маттар, гимнастикалық таяқшалар, доптар, секіртпе, гантель, ысқырық

1. Дайындық бөлімі 
1. Оқушыларды сапқа тұрғызу:
а) сәлемдесу;
ә) сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

2. Саптағы жаттығулар:
а) Оңға! Кері! Солға! Солға!

3. Жүру және оның т үрлері:
а) қолды жоғары тік көтеріп, аяқтың ұшымен жүру;
ә) қолды екі жаққа созып, өкшемен жүру;
б) қолды белге қойып, сыртқы қырымен жүру;
в) қолды белге қойып, ішкі қырымен жүру.

4. Арнайы жүгіру жаттығулары:
а) жылан тәріздес жүгіру;
ә) аяқты артқа бүгіп жүгіру;
б) тізені жоғары көтеріп жүгіру;
в) оң (сол) жақ қырмен тіркеле адымдап жүгіру;
г) аяқтың ұшын созып, алдыға қайшы тәріздес жүгіру.



5. Жүру, тыныс алу жаттығулары:
а) оқушыларды бір лекке тұрғызу
ә) 1, 2, 3, 4 санал!

6. Жалпы дамыту жаттығулары:
а) бастапқы қалып: қолымыз белде 1, 2, 3, 4 — мойнымыз оңға (солға) айналдыру;
ә) б. қ. қолымыз белде;
1 — басымызды алдыға түсіру;
2 — басымызды артқа қою;
3 — оңға;
4 — солға қою.
б) б. қ. гимнастикалық ағашта оң қолмен ұстау:
1 — аяқтың ұшымен көтеріліп, қолды үстіге көтеру;
2 — гимнастикалық ағашта сол қолмен ұстап б. қ. келу, 3, 4 — жаттығуды қайталау;
в) б. қ. екі қолмен гимнастикалық ағашты ұстау;
1 — сол аяқпен алға кең қадам жасап, екі қолды жоғары көтеру;
2 — б. қ. келу керек;
3 — оң аяқпен алға кең адым жасап, екі қолды жоғары көтеру;
4 — б. қ. – келу керек;
г) б. қ. негізгі тұрыс екі қолмен гимнастикалық ағашты ұстау:
1 — қолды кеуде тұстан ұстау керек;
2 — екі қолды алдыға созу;
3 — қолды үстіге көтеру;
4 — б. қ. – келу керек.
ғ) б. қ. екі қолды жоғары көтеру, аяқты алшақ ұстау
1, 2, 3 — оң жаққа иілу,
4 — б. қ.
д) б. қ. қолды алдыға тік ұстау;
1 — оң аяқтың ұшымен сол қолға тигізу;
2 — б. қ.
3 — сол аяқтың ұшымен оң қолға тигізу;
4 — б. қ.
е) б. қ. тік тұру;
1, 2, 3, 4 — екі аяқты қосып, түзу секіру, бір орында;
1, 2, 3, 4 — қолды алдыға созып, сол аяқты бүгіп, оң аяқпен секіру;
7 1, 2, 3, 4 — қолды жоғары көтеріп, оң аяқты бүгіп, сол аяқпен секіру;
8 4 қатардан 1 қатарға тұру; жатты5у жасайтын орынға бару.
Негізгі бөлім: 
Гимнастикалық жаймада жаттығу жасайтын орынға апарып дайындау

Ұлдар тобы: Қайталау сабақ.
Акробатика:
І а) алдыға аударылып түсу;
ә) жауырынға тұру; (ер балалар)
Оқушылардың өздіктерінен жасайтын жаттығулар.
гимнастика:
а) қарлығаш бейнесін жасау, бір аяқты алға созып т ұрып, екінші аяқпен отыру, гантельді көтеру.
Қыздар тобы: Қайталау сабақ.
б) көпірге тұру (қыз балалар)

ІІ гимнастика:
а) қарлығаш бейнесін жасау, бір аяқты алға созып тұрып, екінші аяқпен отыру, гантельді көтеру.
ә) гимнастикалық бөренеде екі қолды екі жаққа жаза, іші нығыздап толтырылған допты ұстап алға, артқа жылжып жүру. (ұл балалар)
б) гимнастикалық орындықта екі қолды екі жаққа жаза іші нығыздап толтырылған допты ұстап алға, артқа жылжып жүру (қыз балалар)

ІІІ Оқушыларды 2 топқа бөлу.
Қорытынды бөлім: 
— жаттығу орнын жинастыру;
— сапқа тұрғызу;
— сабақты қорытындылау.
— оқушыларды бағалау.
— Сап бойымен залдан шығу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
1219
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі