жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ тақырыбы: Тербелбелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар. 9 сынып.
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Тербелістер мен толқындар |
Мектеп: Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 МГ |
|||||||||||
|
Күні: 30.01.20 ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Шамгонова Дидар Нурлановна |
|||||||||||
|
СЫНЫП: 9 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар |
|||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
9.2.5.1 еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру; 9.2.5.2 эксперименттік әдіспен амплитуда, период, жиілікті анықтау; 9.2.5.3 формулаларды қолданып, период, жиілік, циклдік жиілікті анықтау |
|||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
|||||||||||
|
- Тербелмелі қозғалыс.Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамаларды түсіну. - Формулалар жайлы мағлұмат алу |
||||||||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: |
||||||||||||
|
-Тербелістер, тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар туралы түсінік алады беру -Тербелмелі қозғалыс жайлы жан-жақты түсінік беру,қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар туралы білім қалыптастыру. |
||||||||||||
|
Кейбір оқушылар: |
||||||||||||
|
- Физикалық шамаларды ажырата алу. - Тербелмелі қозғалыстың өмірдегі маңыздуылығын түсіндіре алу |
||||||||||||
|
Ойлау дағдысы |
Білу, түсіну, қолдану |
|||||||||||
|
Бағалау критерийі |
-тербелмелі қозғалысқа мысалдар келтіре алады және анықтамасын айта алады. -тербелмелі қозғалысты сипаттайтын физикалық шамаларды айта алады,формулаларын жаза алады. |
|||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Оқушылар тербелмелі жүйені құраушы денелерді айта алады. Математикалық және серіппелі маятникте тербеліс тудыра алады. |
|||||||||||
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:механикалық тербелістер, тербеліс периоды, тербеліс жиілігі, тербеліс амплитудасы, тербеліс фазасы |
||||||||||||
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер: |
||||||||||||
|
Талқылауға арналған тармақтар: (тыңдалым) Тербелмелі қозғалысты қандай шамалар сипаттайды? Анықтау формулаларын қалай жазу қажет? Тербелісті сипаттайтын теңдеу түрін қалай жазамыз? |
||||||||||||
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? (айтылым) Период пен жиілік неліктен кері шамалар? Механикалық тербелістер теңдеуі неліктен косинус не синус функциясымен сипатталады. |
||||||||||||
|
Жазылым бойынша ұсыныстар: Механикалық тербелістер – бұл дәлме-дәл не жуықтап қайталанатын қозғалыстар. Тербелістің периоды – бұл бір тербеліс толығымен қайталанатын ең аз уақыт аралығы. Тербелістің жиілігі – бұл 1 сек уақыт ішіндегі тербелістің саны. Тербелістің амплитудасы – бұл тербелістегі шаманың ауытқуының ең үлкен мәні. Ығысу – бұл дененің тепе-теңдіктен ауытқуы. Тербелістің фазасы – тербелістегі шаманың күйін сипаттайтын физикалық шама. |
||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. |
|||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Математика, География. |
|||||||||||
|
Алдыңғы оқу |
«Сақталу заңдары» тарауын қайталау |
|||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||
|
Сабақтың басы 10мин |
2 мин 8 мин |
І. Ұйымдастыру кезеңі а) сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру б) ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Оқушылар бүгінгі көңіл күйлерініңіз қалай? Жарайсыздар, бүгін күні бойы жақсы көңіл күйде болып, бар ынтаңызбен жұмыс жасауларыңызды тілеймін. Сыныпты топқа бөлу: Оқушылар өздеріне берілген суреттер таңдап алу арқылы топқа бөлінеді. II. Алдыңғы білімдерін сұрау. Қалыптастырушы бақылау 1.Кинетикалық энергия дегеніміз не? 2. Потенциалдық энергия дегеніміз не? 3.Кинетикалық энергияға мысал келтіріңіз? 4. Формуласын түсіндіріңіздер 5.Дене импульсі дегеніміз не? 6.Күш импульсі дегеніміз не? 7.Күш импульсінің формуласы? 8.Дене импульсінің формуласы? 9.Энергияның айналу заңы? 10.Механикалық энергия дегеніміз не? Үй тапсырмасын бағалауға арналған дескриптор: - Оқушылар анықтаманы тез және нақты жауап беруге үйренеді - Имульстің сақталу заңын біледі - Имульстің сақталу заңына формулаларды талдай алады Мұғалім ауызша кері байланыс жасайды. «Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды Топқа бірігу арқылы сабақтың тақырыбын ашу. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру Галереяда ой бөлісу. Мына берілген суреттерде ортақ қандай іс-қимыл байланыстырып тұр. Сондай-ақ, қандай физикалық құбылысты байқауға, білуге болады?
|
Карточкалар Үлестірме қағаздар |
|||||||||
|
Сабақтың ортасы 25 мин |
10 мин 5 мин 10 мин |
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру. Тербеліс деген өте кең ұғым. Айталық маятник тербелісі, машиналар двигателі, поршеннің қозғалысы, кеменің шайқалысы, көпірдің теңселісі, айнымалы токтың тізбектегі тербелісі, жүрек соғысы, жел соққанда талдың тербелісі және «Тербелер даусым ауада...» деп Сәкен Сейфуллин айтқан ауаның тербелісі, «Желсіз түнде жарық ай. Сәулесі суда дірілдеп» дегендей су бетіндегі тербеліс толқындары, осының бәрі тербелістердің мысалдары бола алады. Тербеліс деп дененің бірдей уақыт аралығында
дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын
айтады. Жаңа сабақтаң негізгі ұғымдарын меңгеру мақсатында https://www.plickers.com/ программасында дайындалған сұрақтарға жауап беру. ІY. Эксперименттік тапсырмалар беру Математикалық маятниктің моделі арқылы әр топ келесі тапсырмаларды орындайды.
1.Топта бірлескен жұмыс жасауда не үйрендіңіз? 2.Топтық жұмыста кімнің идеясы ұнады? Неліктен? Жұптық жұмыс: Есеп шығару №1. Серіппеде тербеліп тұрған жүк 8с ішінде 32 тербеліс жасады. Тербелістің периодын және жиілігін анықтаңдар. 0,25с, 4Гц №2. Гармоникалық тербелістердің қозғалыс теңдеуі x=0.02 cos t. Тербелістің амплитудасы, периоды,жиілігі және меншікті жиілігі қандай? 0,02м, 2с, 0,5Гц №3. Гармоникалық тербелістің қозғалыс теңдеуі x=0.06cost(м). Тербелістің амплитудасын,жиілігін және периодын табыңдар? 0,06м, 2с, 0,5Гц №4.Серіппедегі жүк 1 мин-та 36 рет тербеледі. Тербелістердің периоды мен циклдік жиілігін табыңдар? 1,7с; 0,58Гц; 3,64 Гц; Графиктік есептерді орындау. №5.Суретте дене координатасының уақытқа тәуелділік графигі берілген. График бойынша а) тербеліс периодын, ә) тербеліс жиілігін анықтаңдар.
4с; 0,25Гц 0,05Гц №6.Сурет бойынша дененің тербеліс периодын, жиілігін, амплитудасын табыңдар.
0,02м; 1,25с; 0,8Гц |
Оқулық, 139-147 Үлестірме парақшалар
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 22.10.2020 514
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 | |||||||||









Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген