Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Тақырыбы: Тоқтар батыр мектепалды даярлық сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғарышкер. Тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің ерлігі туралы ашық сабақ.Балаларды батылдыққа,төзімділікке, еліне адал азамат болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Әрқашан күн сөнбесін
Құрметті ата-аналар, ұстаздар және біздің о «Д» сынып оқушылары

Сіздерді 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймын. Сіздерге: - зор денсаулық, отбастарыңызға бірлік, береке тілеймін. Бүгінгі «Әрқашан күн сөнбесін » атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер
Балалар, қараңдаршы өздерің құлпырып кетіпсіңдер. Барлық жер құлпырып кетіпті, өйткені бүгінгі мереке 1 мамыр көктем мерекесі.

Мамыр жастық мерекесі, мамыр достық мерекесі
Шалқыған берекесі, мамыр еңбек мерекесі.
Қаулайды жапырақтар, жайнайды ажырап бар
Көрікті кең өлкесі, мамыр көктем мерекесі.

Слайдтағы суреттерге қарау.

1.1 мамыр суреті

2.Қазақстанның бірлік пен татулық мерекесі

3.Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев

4.Әр ұлт өкілдері

5.Мың бұралған бишілер

6 Дос болайық бәріміз

7 Н.Ә.Назарбаев Украийн ұлтымен бірге

8Елбасы халықпен бірге

9 «Бірлік бар жерде бақыт бар

Ынтымақ бар жерде достық бар»

Бейбітшілік құсы

Әрқашан күн сөнбесін

Хор: Әрқашан күн сөнбесін.

Кезекті тақпақтарға берсек
Нұрбек
Гүлге толып кең дала
Жұпар шашып көктемде
Тербеледі жәй ғана
Самал өбіп өткенде

Арайлым:

Бірлікке не жетер тең

Гүлдеткен Қазақстанды

Татулығымыз сүйсінткен

Дос түгіл дос дұшпанды.

Сағыныш:
Жасыл көктем шағындай
Өмірімнің асқары
Көңілдердің асқары
Біздің ауыл аспаны.


Абдулла:

Алтын шашқан сияқты
Жер бетіне нұр таңым
Бар адамға шуақты
Осы менің Отаным!

Мөлдір:

Біз гүлдерше өсеміз
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Желге ырғалып жайқалған

Би: Қазақ биі шашау

Тақпақтарға кезек берсек

Арнұр

Көк шалғынды кешеміз
Қолымызға гүл ұстап,
Туған жерде өсеміз
Таза ауамен тыныстап.
Мейіржан:

Алақай – ау балалар,
Қандай жақсы көктемгі ай
Гүлге оранды кең дала
Келді ауылға көк торғай.
Айсара

Бірінші бүгін мамырда

Тойлайды ауыл, қалада

Айналғанын халықтар

Дос, туысқан, бауырға

Нұрай

Сәуір ептеп ығысып

Шыға келді күн ысып

Сыбырлайды жапырақ
Бір – бірімен ұғысып.
Диас

Көктеммен бір үйлесіп

Ән салып, би билесіп,

Көрсетеміз әлемге

Татулықты үлгі етіп






Ән: Ақкөгершін

Ақ көгершін көгершін

Қол қанат құс сен едің

Бар кезіп қайт ел үшін

Кең дүниенің көлемін


Әділеттің құсы деп

Көз алмастан жолыңды

Бақыт құсы болшы деп

Ұшырамын қолымнан


Ел тілегін алып ұш

Адамзаттың бағына

Қара бұлтты жарып ұш

Мұхиттың арғы жағына

Орыс биі Малинка- Калинка

Тақпақтарға кезек берсек

Ғанибет

Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір – бірден
Анамызға сыйлаймыз

Мақсат

Гүлге толы кең жазық
Күйге толы жота құм
Жан тербеген жел нәзік
Осы менің Отаным!
Думан
Көктемде көңілді

Бақта да. бау да,
Ақ гүлдер өрілді
Біз еккен ауылда.
Болатбек
Тойлауға әбден лайық

Бірлікті мақтан қылайық

Мамыражай мамырға

Сай салтанат құрайық!

Төрегелді

Алғаш рет күркіреп
Ағыл – тегіл жауса күн
Қырға шығар дүркіреп
Көктем басы жауқазын




Ән: Достық жыры

1.Әрқашан дос біргеміз

Ажырамас іргеміз

Ілгері жүріңдер

Достық жырын біліңдер

Туғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер


Қайырмасы

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты (сақтаймыз) 2рет

Атсын күліп таңымыз


2.Қайраттанып қарышта

Озып шыққан жарыста

Самға биік алысқа

Жұлдыздарға ғарышқа

Бойда күш тасыған

Мақал-мәтелдер

1Нұрбек

Ер бірлігі-ел теңдігі

2Сағыныш

Ынтымақ жүрген жерде,

Ырыс бірге жүреді.

3Арнұр

Бірлігі жоқ ел тозады

Бірлігі күшті ел озады

4Арайлым

Бірлікті ел бұзылмас

5Айсара

Жұмыла көтерген жүкжеңіл

6Мақсат

Сырттан келген жаудан да

Іштен шыққан дау жаман

7 Амандық

.Кеңесші ел азбайды.

8Кәусар

.Тенге тиыннан

Ынтымақ ұйымнан

9Ғанибет

Саусақ бірікпей,

Ине ілікпейді

10Нұрсәт

.Байлық , байлық емес

Бірлік байлық

Тақпақтарға кезек берсек

Нұрсәт

Көктемде көңілді
Құстар келіп жатқанда
Құлпыртып өңірді
Гүл ектік ауылға.

Ақмаржан
Бәйшешектен білеміз
Көктем келіп қалғанын
Мәз боламыз, күлеміз
Көрсек гүлін жарғанын.
Ғалымжан

О, Алланың әмірі!
Тағы келді мамырым
Жақсылықтан нәр алған
Мамырымның тамыры.
Кәусар
.Бірлік біздің күшіміз

Бірліктен бітер ісіміз

Жеңіске жеткен үлкеннен

Үлгі алған кішіміз.
Амандық
Қараторғай келіпті
Үйшік жасап берейін
Алғашқы гүл көрікті
Бәйшешекті терейін.

Би Өзбек биі

Осымен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған Әрқашан күн сөнбесін атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Бата беру: Ақ жаулықты әжелерден бата тілеу.Ұстаздарға сөз беру.






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.01.2019
540
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12