Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы Ұрықтану 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Маиериал мұғалімдерге ашық сабақтарды өткізуде септігін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ жоспары

Өткізген және құрастырған: Капышева К.Е.

Сабақтың тақырыбы: Ұрықтану. Жүктілік. Ұрықтың жатыр ішінде дамуы. Босану. Туылғаннан кейінгі жетілу. Өсу және даму динамикасы. Адам өмірінің кезеңдері. Биологиялық және күнтізбелік жасы.

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға ұрықтанудың дамуы мен кезеңдерінің белгілі бір заңдылықтары негізінде өтетіндігін түсіндіру. Ұрықтық даму, ұрықтанғаннан кейінгі даму туралы білімдерін жетілдіру.
Ұрықтық кезеңнен бастап, дүниеге келгенге дейінгі кезеңдер жайында білімдерін нығайту;      Оқушылардың білімін нақтылап, өзбетімен ізденуге жетелеу және  жан-жақты       ойлау   қабілеттерін  жетілдіру.
2. Танымдық қызығушылықтарын, организмнің дамуы туралы білік дағдыларын дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
 
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, дебат.
Көрнекілігі:интерактивті тақта, сызбанұсқа, видео.

Құрал – жабдықтар: «жыныс мүшелері» кестесі,  «ұрықтану» видео көрінісі, оқулықтағы суреттер, интерактивті тақта,  тірек-сызба, үлестірмелі қима қағаздар.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасып, 

2. Жоқ оқушыларды түгендеу, 

3. Зейіндерін сабаққа аудару.

 Пайғамбарымыз Мұхаммед білім алудың 4 жолын нұсқаған:

1.Жазып үйрену

2.Көріп үйрену

3.Оқып үйрену

4.Сұрап үйрену

Ал  біздің сабағымыз да 4 бағытта жүргізілмек

        1.Ой қозғау (нені білеміз?)

         2.Іздену ( нені білгіміз келеді?)

         3.Ой қорыту (нені білдік?)

         4.Ой дамыту

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. «Ой қозғау» (нені білеміз?)

Оқушыларға ия – жоқ карточкалары таратылады:

2 топқа бірдей беріледі, әрбір сұраққа әр топ кезекпен жауап береді, ал екінші топ жауаптарын талдап, дәлелдейді.

Ұрық жаңғырту барлық тірі ағзаларға тән қасиет (ия бұл дұрыс тұжырым өйткені тірі ағзалардың негізгі 4 белгісі бар, олар қоректену, өсу, тыныс алу және көбею болып келеді.)

ия – жоқ

Жыныс бездері аралас бездерге жатады (ия бұл тұжырым дұрыс өйткені жыныс бездері ішкі секрециялық қызметін тестостерон гормонын бөлу арқылы іске асады, ал сыртқы секреция қызметін жыныс мүшелерінен сыртқа шығатын бөлінумен іске асады.)

ия – жоқ

Аталық бездерден экстроген бөлінеді (жоқ бұл қате тұжырым өйткені аталық бездерден тестостерон гормоны бөлінеді, тестостеронның арқасында ер адамдарда екінші реттік белгілер пайда болады,олар дауыстың жуандауы, мұрттың өсуі. Ал экстроген ол әйел адамдардың жыныс гормоны)

ия – жоқ

Әрбір сперматозоид мойыннан ғана тұрады (жоқ бұл қате тұжырым, сперматозоидтың суретіне қарар болсақ оның бас, мойын және құйрық бөлімдерінен тұрады)

ия – жоқ

Ұрық бүйректің қуысында дамиды (бұл қате тұжырым өйткені мына муляжға қарасақ, бүйрек арқа бөлімінде орналасқан, ал ұрық алдыңғы жақтың жатырында орналасады.)

ия – жоқ

Ер адамдардың жыныстық мүшелерін емдейтін дәрігер гинеколог деп аталады (бұл қате тұжырым өйткені гинеколог латын тілінен аударғанда әйелдің емшісі деген мағынаны береді, ал ер адамды емдейтін дәрігер уролог деп аталыд.)

ия – жоқ


ІІІ. Жаңа сабақ: Іздену ( нені білгіміз келеді?)

Адамнан адамның пайда болу процесі мен оның болашақта дамуы әр заманда да адамдарды қызықтыратын. Бірақ біз адамның туғаннан кейінгі өмірін ғана бақылай аламыз, ал оған дейінгісі ше? Ол кезеңде қандай құбылыстар өтеді? Осы сұрақтарға біз бүгінгі сабағымызда жауап беруге тырысамыз. Сонымен балалар бүгінгі тақырыпты жазып қояйық.

Барлық топтарға ортақ сұрақ: Адам мен жануарлардың дамуы қалай өтеді? Неден басталады?

Жаңа терминдермен жұмыс: зигота , бластула, гаструла, ұрық, эмбриология, ұрықжолдас, кіндікбау, органогенез.

Терминдерді қолдану, видео оқушылар мен алдарыңа адамның іште ұрықтанып дамуын көрсетемін ал сендер анықтама жазылған терминдерді қолданып, түсіндіресіндер.

Контекст оқушыларға таратылады

Жүктілік: ұрықтанудан бастап нәресте туылғанға дейінгі кез жүктілік деп аталады. Ананың 280 тәулікке созылған физиологиялық жағдайы –жүктілік нәрестенің туылуымен аяқталады. Жүктілік кезінде аналық безден гормондардың бөлінуі артады. Осыған байланысты сүт бездері үлкейіп, жатырдың массасы мен мөлшері ұлғаяды, артериялық қысым жоғарлайды, қан құрамы өзгереді. Ұрықтың қаңқасы мен жүйке жүйесін қалыптастыруға қажет зат алмасу күшейеді, су ішудің қажетсінуі артады. 

Ұрықтың қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету ана организміне үлкен салмақ салады және егер ана ауру болса немесе дұрыс тамақтанбаса, оның денсаулығы бұзылуы мүмкін. Бұл –ана үшін өте жауапты кезең. Ол өз денсаулығын күтіп, дұрыс тамақтанып, қажетті гигиеналық талаптарды сақтап, медициналық бақылауда болуы керек. 

Жүкті әйелге спирттік ішімдік ішуге, темекі тартуға, мүлде болмайды. Өйткені спирттік ішімдік пен никотин ұрықжолдас арқылы өтіп, ұрық қанына түсіп, дене кемістігі мен психикасының бұзылуына әсер ететін өзгерістер туғызады. Жүктілік кезінде дәріні дәрігердің бақылауымен ішу керек. 7-8 сағат ұйықтау, таза ауада серуендеу, үйреншікті жеңіл жұмыстарды жасау, кең әрі жылы киім кию, т.б. жүкті әйелге қойылатын талаптарға жатады. Жүктілік –күрделі физиологиялық процесс. Сондықтан үйде, жұмыста, көшеде, қоғамдық орындар мен көлікте айналасындағылар жүкті әйелге қамқорлық көрсетуі тиіс. Қоғамдық көлікте орын беріп, ауыр жүгін көтерісіп, көмектесу қажет. 

Жүктілік мерзімі аяқталғанда, әйел босанады. Нәресте туылғаннан кейін кіндігін кесіп байлайды. Ана организімінен бөлінген бала өз бетінше тыныс алуға кіріседі.

Нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 28-күнге дейінгі уақыт аралығы осылай аталады. Нәресте анасынан нәрлі уыз сүтін емеді.Уыз сүтінде нәрестенің ағзасына қажетті тағамдық заттар өте мол.Сондықтанда «уызына жарыған ұлылыққа ұмтұлар,азамат боп өседі,ізгілікке құмты бар» деген халық нақылында терең тұжырым бар.Ана сүтін еш бір тағаммен теңестіруге болмайды.Емшектік кезеңде тамақ беру уақытын және тазалықты мұқият сақтау қажет. Емшектік кезеңде нәресте қарқынды өседі. Қозғалыс әрекеттері дамиды: мойыны бекиді, отырады, еңбектейді, жүруге талпынады. Бұл кезеңде сүт тістері шыға бастайды, жеке сөздерге тілі келеді. Омыртқа бағанында иілімдер пайда болады. Қол-аяқ бұлшық еттері де дами бастайды. Бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады.Сәби еркін жүреді,сөйлейді,ойлау қабілеті дамиды.Жаңада шартты рефлексттер қалыптасады. Сүт тістері (20) толық шығып үлгіреді.


Ал енді балалар алдарыңдағы контексті пайдаланып бүгінгі тақырыптың мазмұнын ашуға тырысайық. Адам өмірінің негізгі кезеңдерін анықтау деп аталатын сайыста ең жылдам және ең білікті топты анықтайық.

1 топ Эмбрионалдық кезеңді сипаттау.

2 топ 1 жастан 16-21 жас аралығындағы кезеңді сипаттау.

3 топ 21 жастан бастап 90 жастан ары кезеңді сипаттау. Кесте немесе кластер түрінде ауызша түсіндіру

биологиялық диктант. Интерактивті тақтада

Ұрықтанудан бастап нәресте туылғанға дейінгі кез ............(жүктілік) деп аталады. Жүкті әйелге ................ (спирттік ішімдік ішуге, темекі тартуға), мүлде болмайды. .......(7-8) сағат ұйықтау, таза ауада серуендеу, үйреншікті жеңіл жұмыстарды жасау, кең әрі жылы киім кию, т.б. жүкті әйелге қойылатын.............. (талаптарға) жатады. Нәресте туылғаннан кейін ........... кесіп байлайды. Жүктілік мерзімі аяқталғанда, әйел босанады. Жүктілік кезінде аналық безден гормондардың бөлінуі артады.



ІV. Білімді қорытындылау: Ой қорыту (нені білдік?)

  1. Жолдастарыңды салауатты өмір – салтына шақыр. Зиянды әдеттерден аулақ болу үшін жүкті әйелдерге жарнама құрастыру. Постер салу. Қорғау.

  2. Кроссворд толтыру

Сабаққа қорытынды жасау.

V. Бағалау. Қай топ көп қызыл дөңгелек жинаса  сол топ өте жақсы деген бағаға ие болады. 

VІ. Үйге §58 оқу. «Ой дамыту» 

«Жануарлар дүниесі мен адамдардың жүктілік кездеріне слайд және буклет жасап келу»



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
627
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12