Куттумурадова Гулсынай
Куралкановна
Сабақтың
барысы: Шығармашылық
Оқу қызметінің
түрі: жапсыру
Сабақтың
тақырыбы: ашық
хат
Оқу қызметінің
мақсаты:
Гүл пішінін жасауға қатысты
тәсілдерді меңгерту; бүктеу, қию әдістерімен жұмыс жасату. Ашық
хатты гүлмен әшекейлеп, безендіруді үйрету; әдемілікті сезіне
білулерін, көркемдік талғамдарын дамыту.
Көрнекі құралдар мен
материалдар:
Қатырмақағаз, ашық хаттың
дайын үлгісі. Түрлі- түсті қағаздар, желім, қайшы,себеттегі гүлдер
суреті, қолорамал;
Шаттық
шеңбер
Амансың ба, Алтын
Күн?
Амансың ба, Көк Аспан?
Амансың ба, достарым?
Сендерді көрсем
қуанам.
Оқу қызметін
ұйымдастыру:
Балалар қазір қай мезгіл?
Көтем
Осы көктем мезгілінде қандай айлар
бар?
-Наурыз, Сәуір,
Мамыр.
Табиғат несімен
ерекшеленеді?
-Күн жылынады, гүлдер шығады, қар ериді,
т.б.
Бастапқы Наурыз айында қандай
мерекелер бар?
-Алғыс айту күні, аналар
мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, күн мен түннің теңесуі
т.б
-Жарайсыңдар
балалар.
Гүлдер туралы өлең жолдарын
оқып, балалардың назарын гүлдердің әдемі де, әсерлі ашық түсіне
аудару. Содан соң бұл гүлдердің адамға қандай көңіл күй сыйлайтынын
сұрау. Балалар гүлдердің қуаныш, мейірім, күлкі сыйлайтынын айтады.
Бірақ гүлдер үзіп алғаннан кейін өте ұзақ тұрмайды. Осы сұлулықты
сақтауға, жақындары мен достарына сыйлауға болатындығын
айту.
Ол үшін гүлді қағаздан жасап,
онымен ашық хатты безендіруге болады.
Есік қағылып сырттан бір адам
апайына мерекесіне орай гүл береді. Гүлді алып балаларға көрсетіп,
осы гүлдің сұлулығын қалай сақтау керектігін естеріне
салады.
Қысқаша мереке жайлы таныстыру
арқылы балаларға өз ата-аналарына да мерекелік гүл силау керектігі
айтылады. Балалар келіседі.
Бірақ гүл нәзік болғандықтан,
ол гүл ұзаққа шыдамайтындықтан, балаларға қолдан ашық хат жасатып
оны ата-аналарына сыйлауды ұсыну.
Ары қарай жұмыстың орындалу
барысын, ретін түсіндіру.
Түстер жайлы
қайталату.
Дидактикалық ойын:
«Түстер»
Балаларға тақтада ілінген
гүлдердің күлтешелерін тауып, оны орнына
ілдіру.
-Ал ендеше балалар барлығымыз
аналарымызға қолымыздан не келетінін көрсетеміз бе? Жарайсыңдар
балалар, ендеше шеберханамызба барайық.
Мына жерде балалар бізге
арналған киімдер бар екен. Осы киімдерді киіп өзімізді шебер,
қолымыздан бәрі келетінін көрсетейік
балалар.
Қандай керемет болдыңдар.
Бір-бірлеріңе қараңдаршы кімге ұқсап қалдыңдар? Ия нағыз қол
шебершісі болдық.
Ал ендеше балалар киімімізге
қарай екі топтқа бөлінейік, бірінші топ
«Карандаштар» тобы болайық , екінші
топ «Бояулар» тобы болайық қазір балалар біз
жарыспаймыз жай екі топ болып ұстаздарымызға сыйлық
жасаймыз.
Орындарымызға жайғасайық
балалар. Екеуі де себеттегі гүлдер болады, қалағанымыз ша гүлдер
қиып сәндеу арқылы себетімізді толтырамыз. Бітірген себетімізді
ұстазымызға сыйлаймыз. Келістікпе балалар.
Тақтаға қараңдаршы балалар не
көріп тұрмыз? Ия себеттегі гүлдердің түрін көріп тұрмыз жарайсыздар
балалар.
Ал енді алдымызда нелер бар
екен? Түрлі түсті қағаздар бүгулі дайын түр екен, сол бүгілген
қағазды гүлдің күлтешесі етіп жиямыз.
Келесі дайын қиылған
жапырақтар бар екен. Гүл жапырақсыз болмайды солайма? Жарайсыздар
ендеше осы жапырақпен де себетті
сәндейміз.
Себетке тағы не салынады? Ия
жеміс-жидектер салынады. Көкөністер салынады
т.б.
Жұмыс
барысы:
-
Таңдалған қағазды
бүктеу.
-
Гүлдің қағазың таңдатып,
күлтешелерін бастыру әдісімен қидыру.
-
Жапырағын салдыру,
қидыру.
-
Қиылған күлтешелерді дөңгелек
пініннің айналасына (жиектеріне) желіммен
жапсырту.
-
Дайын гүлдерді себеттің ішіне
саламыз (жапсырту).
Сергіту
сәті:
2.
Орнымыздан
тұрамыз (мәтінге сәйкес
іс-қимылдар жасату)
Қолды белге
қоямыз
Иілеміз оңға
бір
Иілеміз солға
бір
Жоғары қолды
созамыз
Аяқтың ұшында тұрамыз
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып аламыз
Ал ендеше балалар гүлді жақсы
танып алу үшін онымен ойын ойнайық.
Ойын:«Сипатта»
Бір сөйлем немесе сөз тіркесі
арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс.
Мысалы: «Гүлдер» тақырыбында - Гүл өсімдік- Гүл әдемі - Гүлді
жұлуға болмайды - Анамызға сыйлаймыз - Достарымызға сыйлаймыз т.
б.
Бөліктерді ашық хаттың бетіне
ұқыптап орнатамыз.
Бөліктерді ретімен
жапсырамыз.
Балалардың жұмыстарын
қадағалап бақылау, жұмыста қиналап, жасай алмай отырған балаларға
көмектесу.
Балалардан ашық хатты кім үшін дайындағысы
келетінін, оны кімге сыйлайтынын сұрап,
әңгімелету.
Оқу қызметін қорыту:
Дайын жұмыстарды балалармен бірге талдау,
бағалау.
Жасайды: ашық хатты қолдан
жасауды
Түсінеді: гүлдің нәзік
болатынын
Қолданады: қағаз бүгу, қию
әдісін