Ашық сабақ Тақырыбы:«Санап үйренемін. 1-10ға дейінгі сандар»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Тақырыбы:«Санап үйренемін. 1-10ға дейінгі сандар»

Материал туралы қысқаша түсінік
1-10 көлеміндегі сандарды санауға, тура және кері санауға үйрету. Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмерін атау.ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Курмамбаева Жадыра Оразалыевна

«Жауқазын» балабақшасының

ІІ- санатты тәрбиешісі

М аңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы


Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Санап үйренемін. 1-10ға дейінгі сандар»

Мақсаты: 1-10 көлеміндегі сандарды санауға, тура және кері санауға үйрету. Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмерін атау. ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд, суреттер, лэпбук, үлестірмелі материалдар



Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, жақсы тілек тілейді:

Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал ,кәнекей, бәріміз

Сәлем дейік үлкенге!

Сәлеметсіздерме қонақтар!

Өткен оқу қызметін қайталау

Лэпбукпен жұмыс

1-тапсырмасы: «Санды тап»

Заттардың санын табу.

2-тапсырмасы: «Таныс сандарды қорша»

Өздеріңе таныс сандарды қоршап сызу.


1ден -10ға дейінгі сандар туралы бейнеролик көрсету. Бейнероликте көргеніміздей балалар бүгін біз 1ден -10ға дейінгі сандармен танысамыз.

1ден -10ға дейінгі сандарды тәрбиешімен бірге қосылып санау. (тура және кері санау).

Сандардың көрші сандары туралы мағлұмат беріп өту.

Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суретін іліп қою. Ертегі қалай басталатынын және де бұл ертегіде қандай кейіпкерлер барын атау.

 Бауырсақ ертегісінің басы қалай басталушы еді? Канеки кім айтады?

 -  Балалардың жауабы. Дұрыс айтасыңдар.
Бүгінгі біздің бауырсақ ертегіміздің ерекшелігі бауырсаққа әр кездескен аңдар «мен сені жеймін» деген сөздің орнына, ерекше әдемі бір өз тапсырмасын береді екен.

Бірақ тапсырма бауырсаққа қиын болмас үшін, біз оған көмектессек қайтеді балалар?

1.Қоянның тапсырмасы. «Сәйкес сандарды қос» ойыны.

Бұл тапсырмада сурет сандарын реттік сандармен сәйкестендіру.

2. Қасқырдың тапсырмасы.«Көршісін тап»ойыны.

Бұл тапсырмада сандардың көрші сандарын табу.


Жеке жұмыс: Қояндардың сандар паровозын реттік сандар арқылы тізіп беру.

Сергіту сәті:

Бейне таспа: «Алма санау»


3. Аюдың тапсырмасы. «Жоғалған сандарды тап»

Бұл тапсырмада жоғалған сандарды жазу.

4. Түлкінің тапсырмасы.
«Ауызша есеп»

1)Екі балапан тұр,
Екі балапан отыр.
Шатаспай тез ойлансаң,
Барлығы қанша балапан?
(төрт)
2)- Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алды.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалды? (2)

3)- Тал бойында тізіліп
алты жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті үшеуі.
Ілініп тұр әлі
Жапырақтың нешеуі? (3)

4)- Алма ағашта жеті алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуін жеп қойсам,
Қалады сонда неше алма? (2)

Қорытынды.
- Балалар бүгін біз қандай сандармен таныстық?
- 1ден-10ға дейінгі сандарды тура және кері санату.

«Бұлттан жауған сандар» ойыны арқылы балалардың білімін бекіту.
Балаларды мақтау, мадақтау.

Сыйлықтарын табыстау

Күтілетін нәтиже:

Біледі: сандардың көрші сандарын біледі

Игереді: заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атайды.

Меңгереді : 10 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санайды.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.00.2020
1070
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі