ТОО «Бес – Тау ХХІ » №40
«Балдаурен» МДҰ
Ашық ұйымдастырылған оқу
қызметі
Таным
саласы
Тақырыбы:«Ұшатын
көбелектер»
Тәрбиешілер: Байчеркесова
Ж.А.
Ақтөбе
қаласы
2020-2021оқу
жылы
ҰОҚ
тақырыбы: «Ұшатын
көбелектер»
Білім беру
саласы: Таным
ҰОҚ
мақсаты:Заттардың түстері жайлы білімдерін, түстер бойынша
іріктеу ептілігін бекіту. Табиғатты аяулауға
тәрбиелеу.
Білімділік:балаларды түстермен
таныстыру қызыл,
сары, көк, жасыл түстерді
білу.
Дамытушылық: балалардың сөздік қорын
молайтып, көбелектерге деген қызығушылығын
арттыру.
Сөздік жұмыс: Қызыл, жасыл, көк,
сары.
Билингвалдық
компонент: көбелек-бабочка, гүлдер-цветок, Қызыл - красный,
көк – синий,сары - желтый, жасыл –
зеленый.
Көрнекіліктер:
түрлі
түсті гүлдер және
көбелектер.
-Сәлеметсіңдер ме,
балалар!
Шаттық шеңбері
Ақ
қанатты көбелек,
Көк
қанатты көбелек
Қызыл
қанат көбелек,
Біздің
үйге келе кет.
-Жарайсыңдар балалар орнымызға
жайғасайық.
-Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
-Көктем мезгілінде қандай
өзгерістер болады? (суретке қарап көктем мезгілін әңгімелеу,
түсіндіру).
-Көктем мезгілінде күн
жылынады, құстардың дауысы
естіледі.
-Гүлдер өседі, көбелектер
оянады.
-Сурет бойынша талданады,
гүлдер- цветок, көбелек -бабочка
-Ендеше балалар, біз бүгін осы
көктем мезгілінде пайда болатын гүлдер мен көбелектерді тамашалауға
барайықшы.
- Ол үшін балалар бақша
ауласына серуендеп келейік. Балалар қараңдаршы әдемі гүлдер өсіп
тұр екен , әдемі көбелектерде бар екен.
-Қанекей осы гүлдер мен
көбелектердің түстерін бәрімізатайықшы.
(Егер түсті атаудан қиналса
тәрбиешінің көмегімен айтылады.)
Ғажайып
сәт: Әуенмен көбелек
кіреді.
-Сәлеметсіздерме балалар!
Менің қанатым бар, Сіздерге ұшып келдім, мен әдемілікті,әдемі
гүлдерді жақсы көремін. Сіздермен бірге тамашалап, ойын ойнауға
келдім.
Сергіту
сәті.
Аяғымыз топ,
топ,
Оң қолымыз
хлоп,хлоп
Бір оңға, бір
солға
Айналамыз кел
мұнда
-енді, балалар көбелекпен ойын
ойнайық.
-Ойын «Әр көбелектің гүлін
тап!» деп аталады.
-Қанекей, бақшадағы
көбелектерді өз гүлдеріне
қондырайық.
-Ой, жарайсыңдар балалар, өте
дұрыс таптыңдар.
-Балалар ойын сіздерге
ұнадыма?
Көбелек
қоштасады.
- Жарайсындар балалар бүгін
біздер түстерді ажырата білдік, көбелектерді түстес гүлдерге
қондырдық, бізге қонаққа көбелек
келді.
-Келген қонақтармен
қоштасайық.