№7 «Еркетай»
бөбекжай-балабақшасы
«Тәуелсіз
елім-тірегім!»
(
II
кіші «Қарлығаш» тобы
)
Орындаған:Дүйсенбина.Б
2018-2019 оқу
жылы
Білім саласы:
Коммуникация
Білім бөлімі:Көркем
әдебиет
Тақырыбы: «Тәуелсіз
елім-тірегім!»
Мақсаты:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздерімен таныстыру. Н.Мұқатовтың өлеңімен таныстыра отырыып,
рәміздер туралы білімдерін кеңейту.Балалардың сөздік қорын байыту,
қазақ елін мақтан тұтуға мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,
Отанын, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу, есте сақтау қабілеттерін
қалыптастыру.
Көрнекілігі:
ҚР рәміздерінің суреттері, дидактикалық
құралдар,ҚР рәміздерінің
суреттері
Билингвальды
компонент: Ту, Елтаңба,
Әнұран.
Шаттық
шеңбері
Білер қазақ
баласы
Сәлем сөздің
анасы
Топқа келген
қонаққа
Әрдайым
әдеппен
Ақкөңілмен
ізетпен
Біздер сәлем
береміз
Балалар бүгін біз еліміздің рәміздері мен
Отанымыз туралы
айтамыз.
Қане балалар баршамыз әнұранды хормен
айтайық.
«Әнұран»
-Біздің республикамыз қалай
аталады?
-Біз қайда
тұрамыз?
-Елбасымыз
кім?
-Қазақстан республикасының астанасы қалай
аталады?
Қазақстан - тәуелсіз мемлекет.
Тәуелсіз болу деген - ешкімге бағынышты емес, өз еркімен өмір сүру
деген сөз. Қазақстан - көпұлтты мемлекет.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы
тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың
Президенті етіп сайланды.
Балалар енді Қазақстан Республикасының
рәміздерімен танысамыз.
Балалар енді Қаз-н
Рес-ның рәміздерімен танысамыз Суреттер арқылы түсінік
беру.
Қазақстан Республикасының
туының авторы Ш.Ниязбеков. Түсі аспан түстес
көк,тазалықты,адалдықты белгілейді.Тудың ортасында күннің суреті
бейнеленген,жылулықты және барша тіршіліктің белгісі.Ал қыран құс
–еркіндіктің, тәуелсіздіктің,болашақтың
белгісі.
-Тудың түсі
қандай?
-Күннің түсі
қандай?
Ту туралы тақпақ
айту.
Али:
Айнымайтын
аспаннан
Біздің тудың
бояуы
Халық оны
қашанда
Бикке іліп
қояды
Мемлекеттік
елтаңба геометриялық пішін-дөңгелекке
ұқсас.Елтаңбаның ортасында шаңырақ бұл әрбір отбасының
бірлігі,тыныштық тәріздес киіз үйге жарық сәуле шашып
тұрғандай.Көкпеңбек көгілдір аспан жарқыра
тұр.Бейбітшілік шаңырағын көтерген уықтар, төгілген күн
сәулесі,ал қанатты
тұлпар елдің болашағын қорғап достықты ұстап
тұр.
Елтаңба туралы тақпақ
айту.
Қобланды:
Қатар шапқан қос
тұлпар
Күн астында қазақ
үй
Қалықтаған жас
сұңқар
Шарықтаған таза
күй
Бұл таңбасы
елімнің
Елдігімнің
белгісі
Әнұран
дегеніміз-Отан әні.Әнұран тураы тақпақ
айтамыз.
Айжан:
Барша халық
таныған
Біздің
үміт,тілекті
Шырқағанда
әнұран
Шаттық кернер
жүректі
Балалар сендер осы еліміздің нышандарын
құрметтеңдер.
Біз ендерге осы белгілерді жебіретіп мықты
ұстайды деп сенеміз.
Дауыс және вонетикалық
жаттығу:
Таныс болам
дыбыспен
А(ааааааааааааа)
Міне осы
АЛМА
О(ооооооооооооо)
Міне мынау
орындық
Ы(ыыыыыыыы)
Ыдыс деген
ұғымды
Естиміз
күнде
И(иииииииииии)
Аулада тұрған
дыбыстап
Ол кім десем ИТ
екен.
«Ұшақ»
Ұшарда
ұшағым
Бар күшін
жинайды.
Моторы р-р-р
деп
Қанатын
созады.
Ауада
ұшады.
У-у-у
Қайтадан
қонады
У-у-у
Моторы
сөнгенде
Тағы да
р-р-р
Н. Мұқатовтың «Тәуелсіздік
көкбайрағы» өлеңімен таныстыру.
Орта ылғи от
жайнайды,
Тірлік ырғақ тоқтай ма
әлі.
Тас төбемде
желбіреші,
Тәуелсіздік
көкбайрағы.
Сергіту
сәті:
Көтеріліп
шаңырақ
Керегелер
керіліп,
Өрімдей боп
өріліп,
Уықтар болып
иіліп,
Шаңыраққа
киіліп,
Бәріміз жүрсек
айналып.
Билингвальды
компонент: Ту, Елтаңба,
Әнұран.
Дидактикалық ойын: Артығын
тап
«Күннің шуағы» тілек
айту.
-
-Балалар мына тұрған Күн.
Қараңдаршы, күнге не жетіспей тұр? Күннің шуағы ол сендердің
қолдарында. Қане, елімізге арнап тілегімізді, мақал – мәтел айтып
күннің сәнін келтіріп, шуағын жарқыратайық.
-
1.Еліміз аман
болсын!
-
2. Әр қашан күн күлім деп
тұрсын!
-
3. Көк туымыз биік
болсын!
-
4. Аспанымыз ашық
болсын!
-
5.
Тәуелсіздігіміз мәңгі
болсын!
-
6. Күніміз жарқырай
берсін!
-
7. Елбасымыз жасай
берсін!
-
8. Табиғатымыз сұлу
болсын!
-
9. Суларымыз-мөлдір таза
болсын!
-
10. Балабақшамыздың шаңырағы биік
болсын!
-
11. Болашағымыз жарқын
болсын!
-
12. Астанамыз көркейе
берсін!
Қорытындылау.
-Балалар, бүгін біз оқу
қызметінде не туралы айттық?
- Еліміздің қандай рәміздері
бар?
-