Материалдар / Ашық сабақ Тәуелсіздік бәрінен қымбат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Тәуелсіздік бәрінен қымбат атты ашық сабақ өтілді. Ашық сабақта оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетті. Көрініс болды, сонымен қатар оқушылар мәнерлеп өлеңдерін оқыды. Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Сіздерді Тәуелсіздіктің 30 жыл мерекесімен құттықтай отырып,бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Сымбат: Қазақстан Республикасының гимні.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2022
2474
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»


Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Сіздерді Тәуелсіздіктің 30 жыл мерекесімен құттықтай отырып,бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.


Сымбат: Қазақстан Республикасының гимні.


Іңкәр Қазақстан Республикасының Гимні - бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.


Диана: Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар.

Саян Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай - ақ аңызға айналған қос пырақ. Қазақстан деген жазуы бар. Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді.


Рамазан:

«Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев» суреті.

Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — Қазақстанның мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Қазақстан қауіпсіздігі кеңесінің төрағасы. 1989 жылдың 22 маусымы мен 2019 жылдың 19 наурызы аралығында Қазақстан көшбасшысы болды. 2010 жылдан бері Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы ресми мәртебесіне ие болды.

Оралай: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, 2019 жылдың 20-шы наурызынан бастап Қазақстан Республикасының президенті.

Ерғали:

Жаралдық молшылықтан толы ағыстан

Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан

Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,

Көркейген елім менің – Қазақстан!


Бекзат: Халқымның мақтанышы — алып тұлға.        «Бәйтерек» суреті

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

Гүлсезім: Көз қуанып күн сайын көркеміне,

Көңіліміз сенеді ертеңіне    «Астана» суреті

Қазақстан – алып ел, төрі Астана,

Таңым ғана лайық ел төріне.


«Ой ашар» сұрақ - жауап әдісі

- Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
- Біздің Отанымыз -....
- Біз қай ұлтпыз?
- Қандай Республикамыз?
- Біздің ана тіліміз қандай тіл?
- Елбасымыз кім?
- Балалар, біз қандай елміз?
- Қай жылы тәуелсіздік алдық?
- Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
- Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?
Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.
( әнұран, көк байрақ, елтаңба)


Сымбат:

Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым –Ата заңым қабылданып.

Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 30 жыл толып отыр

Нұрмұхаммед:

Тәуелсіздік-қасиетің,құнарың,

Тәуелсіздік-жарқыраған шынарың

Тәуелсіздік-бар бақыттың бастауы

Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның

Сымбат:

Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Бес жыл өтсе де,бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Соның бірі әйгілі желтоқсан оқиғасы.

Сымбат:

1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға щықты. Желтоқсан желі дауылға айналды.1986 жыл 16 желтоқсан жергілікті уақыт сағат 1000 шамасында Қазақстанның жаңа тарихының бастауымен болашағының жолайырығы болған Республиканың Орталық Комитетінің 5-пленумі өтті. Осы пленумда Дінмұхаммед Қонаевтің орнына, көріп білмеген Колбинді бір ауыздан сайлады.

Нұрмұхаммед:

17-желтоқсан жергілікті уақыт шамамен 7-8 шамасында Брежнев атындағы алаңға жастардың алғашқы тобы шоғырлана бастады. Барлығы 200-300 адамдай, қолдарында айқара көтерген ұрандары бар «Ұлт саясатының Лениндік принциптерін сыйлауды талап етеміз!», «Әр Республикаға-өзінің басшысы!», «Қазақстан Жасасын!»деген сияқты қазақ-орыс тілдеріндегі жазбаларын ұстап,өткінші жұрттың назарын еріксіз аударғандай еді.


Сымбат: Көрініс «Абақтыдағы Қайрат»

Тергеуші:
— Сен 13 — желтоқсан күні, сағат 10 — да қайда болдың?
Қайрат
— Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде
Тергеуші
— Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.
Қайрат
— Мен оны көргенім жоқ
Тергеуші
— Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.
Қайрат
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген затым бар.
Қазақ деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді).
Оралай:

Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22 — ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.


Нұрмұхаммед:

-Иә,желтоқсан оқиғасын еске алғанда әуелі, сөз жоқ, желкілдеп өсіп келе жатқан ағаларымыз бен апаларымыздың тағдырын жасұрпақтай жапырып, өктемдік пен үстемдіктің табанының астына тастаған қайғылы да қаралы күн еріксіз еске түседі.

Сымбат:

Желтоқсан оқиғасы... Осы бір ауыз сөзден әлі күнге дейін ызғар есіп тұрғандай. Оны еске алған сайын арқамызды аяз, маңдайымызды мұз, табанымызды сыз қарығандай күй кешетініміз рас. Өйткені ол күллі әлемді дүр сілкіндірген күндер еді.

Нұрмұхаммед:

1986 жылдың желтоқсаны қазақ үшін қасіреттің соңы, бақыттың басы еді. Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаммеджанова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып,оларға тағзым ету парызымыз.

Сымбат:

Мәресі мұңлы ма ғасырдан

ғасырға кетер ісінің,

Атақты Желтоқсан көтерілісінің,

Ең басты күресі тіл үшін болғанын.

Бақ тілеп тілге иліккендерге,

Бұл жолы да біз билікпен бірге,

Желтоқсанды еске алып бір минут үнсіз тұралық....


Ерғали: 5Г сынып оқушыларының тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған өлеңдерін қабыл алыңыздар

Іңкәр, Рамазан, Нұржан. Аружан Нұрдаулет. Диана Аружан Ерғали Нұрбақыт, Айда Асима Оралай


Сымбат: Көркемсөз оқу « Желтоқсан алаңы » Тынышбек Бекзат және Тулеген Аяулым

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер…
Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер…
Алаң шетiн қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдiршiн, сезiмiңдi жанар етiп қарап өт.
Сол арадан сатқындық та елестейдi қара бет,
Қара беттiң көбi бүгiн дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдiршiн, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңiсi мен жеңiлiсiн санап өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал бiреулер намысы жоқ, жiгер, қауқар, қары жоқ
Кемсiтпекшi «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп.
Жоқ!!! Кешегi сын сағатта көкiрегiнде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттiң ары боп,
Дәуiрiнiң тауығына шашылмаған тары боп.
Тiрлiктегi әр iсiңнiң жаңғырығы болады,
Бұл табиғи жасырын заң өзгерiссiз қалады,
Сол заңға сай сенi бақыт не сор iздеп табады.
…Дүниенi дүр сiлкiнткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкiм, ешкiм бүркей алмас.
Оны да еске салады,
Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.



Нұрмұхаммед: Тәуелсіздік! Қасиетті де, құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып,ой жіберейік.

Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығына ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы,азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалған аманаты жатыр.Ұлы даланың жас перзенті-қалың қазақтың азаттық мұратындағы қасиетті күрестері,тағдыр алға тартқан талай тар жол,тайғақ кешулер жатыр.Жаңа ғасырмен бірге келген ел тәуелсіздігі азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы.


Сымбат:

-Иә,Қазақстан-Тәуелсіз ел!Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып жапырағы жайқала бастады.Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды,өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп,керегеміз кеңейді. «Тіл ұлт байлығы»дегендей,өзіміздің ең қымбат қазынамыз-ана тіліміздің де қанаты қатаып келеді.Ежелден аңсаған ата-заңымыз қабылданып, күшіне енгеніне,бүгінде 30 жыл толып отыр. Қолымызда тәуелсіздігіміздің көк туы,елтаңбамыз,төл теңгеміз,

дініміз,халықтың басын біріктірген киелі шаңырағымыз да бар.Мұның барлығы ата-бабаларымыздың ат үстінде алты малтаны ас етіп,мың өліп ,мың тірілген,қылышын қанша ғасыр қанға малып жеткен мұраты-Тәуелсіздік!


Сымбат: Біздің алға қойған мақсатымыз алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті 50-елдің қатарына ену.Сондықтан халықтың ,ойы,көңілі,тілегі мына бізде,яғни жастарда!

Құттықтау сөз! Сынып жетекшісі Жаниева Салтанатқа беріледі.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары ____________________________________апайға береміз.


1-жүргізуші: 2-жүргізуші 

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Тойланып мың мереке,ұлыс күні

Мұны бізге ешкім алып бермеді.

Құйылған шаңырақтың ырыс нұры

Тәуелсіздік Қайрат,Ләззат,Ерболдың,

Халқымның бақыты үшін аз байлық па?

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

Тәуелсіз еліміздің тыныштығы


Барлық қатысушылардың орындауында

Хор: «Елім менің»



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!