"Ақсу ауылындағы"Еркетай" бөбекжай-бақшасы КМҚК
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті.
Тақырыбы:"Тәуелсіздік тұғыры"
" Тұлпар" тобы.
Тәрбиеші:Каирканова Х.А.
2021 ЖЫЛ
"Қатынас"білім беру саласы бойынша ашық оқу іс-әрекеті
Мақсаты:ҚазақстанРеспубликасының рәміздері туралы түсініктерін кеңейту,сөздік қорларын дамыту.Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Көрнекілік:ҚР рәміздері(слайд).
Әдіс-тәсілдер:ҚР туралы әңгімелесу,сұрақ-жауап,мақал-мәтел,тақпақтар айту,"Домалақ доп"ойыны.
Кіріспе
Тәрбиеші.Балалар,бүгін бізге қонақтар келіпті,амндасайық.
Балалар.Сәлеметсіздер ме!
Тәрбиеші.Жақсы балалар,енді өз орындарыңа отыра қойындар.
-Қазір бізде жылдың қай мезгілі?(қыс)
-Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?(күн суық болады,жиі-жиі қар жауады,борандатады).
-Қазір бізде қыстың нешінші айы?(Бірінші айы).
-Бұл ай қалай аталады?(Желтоқсан айы).
-Бүгін біздін сабағымыз ерекше,өйткені біз бүгін тәуелсіздік мерекесіне арнап келген қонақтарға өз Отанымыз жайында айтып береміз.
-Біз қай мемлекетте тұрамыз?(Қазақстан мемлекетінде тұрамыз).
-Біздің мемлекетіміздің астанасы қай қала?(Астана).
-Қазақстан Республикасының Елбасы кім ?(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев).
Астана туралы слайд көрсету.Сұрақ-жауап.
Қазақстан Республикасының астанасы 1998ж.Алматы қаласынан Астанаға көшірілді.
Тәрбиеші.Балалар кім Отан жайлы тақпақтар біледі.
Отанды біз Атамекен,
Деп аялап атаймыз,
Өйткені оны мекн еткен
Бабамыз бен атамыз.
Отанды жас,кәріміз де,
Туған жер деп суйеміз,
Өйткені онда бәріміз де
Туып,өмір сүреміз.
Мақал-мәтел.
Отан оттан да ыстық.
Отан үшін отқа түс,куймейсің.
Туған елдей-ел болмас,
Туған жердей -жер болмас.
Сергіту сәті
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кен ашқан.
Тілейміз біз бейбіт күн,
Ашық болсын көк аспан
Тәрбиеші .Балалар әр мемлекеттің өз рәміздері болады.Ту,Елтаңба,Гимн біздің мемлекетіміздің рәміздері болып табылады.
Слайд көрсетіп балалардан сұрау.
-Тудағы көгілдір түс,қыран және күн нені білдіреді?
-Тудың көгілдір түсі болуы-ашық аспаның түсі
-Тудың ортасында-шұғылалы алтын күн,ол тыныштық пен байлықты бейнеледі.
-Күннің астында-шарықтаған дала бүркітінің бейнесі.
-Бүркіт -еркіндіктің,бірліктің,үлкен арманның белгісі.
-Ту-- Қазақтың ұлттық оюмен өрнеліктеген,ою қазақ халқының тарихына ,мәдениетіне және ұлттық салт-дәстурге деген құрметті білдіреді.
-Тудың авторы кім?
-Мемлекеттік тудың авторы Шакен Ниязбеков.
-Енді Елтаңбаны кім сипаттап береді?Елтаңбаның пішіні қандай?
-Елтаңба пішіні тік төртбұрыш.
-Қазақстан Республикасының Елтаңбасында не бейнеленген?Шанырақ,жұлдыз,қанатты тұлпар нені білдіреді?
-Ортада киіз үйдің жоғарғы бөлігі болып табылатын шанырақ бейнесі орналасқан.Шанырақ отбасы ошағы ретінде біздің көпұлтты мемлекетіміздің ұлкен үйіміздің белгісі болып табылады.
-Шанырақтан тараған алтын тустес уықтар-күн сәулесі сияқты Қазақстан деп аталатын ортақ,отбасы ошағынан баолық халықтар үшін бірдей тараған жылуықты білдіреді.
-Қанатты тұлпар-булболашаққа мәңгілік ұмтылысты білдіреді.
-Елтанба төбесінде бес бұрышты жұлдыз болашаққа жол көрсетеді.
-Елтанбаның авторы кім?
-Елтанбаның авторы Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
-Гимның авторлары кім?
-ҚР мемлекеттік гимннің сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев.Әнін Шамші Қалдаяқов жазған.
Тәрбиеші.Балалар рәміздер туралы тақпақтар білеміз бе?
Тақпақтар:
Мен бақытты баламын,
Қазақстан елінде,
Қазақстан жалауын
Көтеремін жоғары.
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы,
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы
Бұлт баспасын күнімді,
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды-
Қасиетті борышым.
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат,әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Құт береке шанырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда
Еркіндігім-Елтаңбам!
Слайд көрсету.
Тәрбиеші.Балалар,бізге Тәуелсіздік оңай келген жоқ,осы жолда ата-аналарымыз,аға-апаларымыз көп күресті.Олар Қайрат Рұсқұлбеков,Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаев ағаларымыз бен тәтелеріміз.Олар Тәуелсіздік жолында жандарын қиды.міне осы аға,апаларымыздың арқасында Тәуелсіз мемлекетке қол жеткіздік.Біздің жақсы өмір сүріп,білім алып отырғанымыз осыаға-апаларымыздың арқасы.1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздікке қол жеткіздік.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Тәуелсіздік тұғыры" балабақша

шағым қалдыра аласыз