Ашық сабақ "Таза мінсіз асыл сөз" бөлімі, "Қобыланды батыр" жыры 5-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Таза мінсіз асыл сөз" бөлімі, "Қобыланды батыр" жыры 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес әдебиет пәнінен өткізілген сабақ. Оқушы шығарманы жете меңгеруі үшін түрлі тапсырмалар орындай отырып, мақсатқа жетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді жоспар

5-сынып

Пән:

Қазақ әдебиеті

Күні:09.10.2017ж.

Мұғалімі: Оразбаева Бигуль Казтаевна

Сынып: 5

Қатысқандар: 22 Қатыспағандар:0

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

Таза, мінсіз асыл сөз

Сабақ тақырыбы:

«Қобыланды батыр» жыры

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.А/И1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.

Барлық оқушылар: Шығармадағы қарама – қарсы екі нәрсені, суреттеулерді таба алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Шығармадағы қарама – қарсы екі нәрсені, суреттеулерді салыстыра алады.

Кейбір оқушылар: Шығармадағы қарама – қарсы екі нәрсені, суреттеулерді анықтайды, дәлелдейді, қорытындылайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау

Бағалау критерийі

Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады.

Тілдік мақсаттар:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сауыт, сүңгі, айбалта, жебе, қамал, т.б.

Құндылықтарға баулу

  • шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

  • денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, өзін – өзі тану, информатика (АКТ қолданылады)

7 модульдің қолданылуы

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу».

Алдыңғы білім

Оқушылар бұған дейін 1 – сабақта («Қобыланды батыр» жыры) Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту тақырыбын өткен болатын.


Сабақ барысы

Сабақта жоспарланған әдіс – тәсілдер:


  1. Психологиялық ахуал: «Жер, су, ауа».

  2. Топқа бөлу: «Жыл мезгілдері»

  3. «Сандар сөйлейді» әдісі

  4. «Венн диаграммасы».

  5. «Константинополь әдісі».

  6. «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы

  7. «Сөйлемді аяқта» әдісі


Реурстар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері.



Сабақтың басы 3 мин



2 мин



7 мин




Сабақтың ортасы

11 мин







3 мин




3 мин




4 мин












2 мин


Сабақтың соңы





3 мин






2 мин



ҰЖ.Оқушылармен амандасамын, «Жер, су, ауа» ойыны арқылы ой сергітіп, жақсы көңіл-күй сыйлайды.

«Жыл мезгілдері» арқылы топқа бөлу. Жыл мезгілдері бейнеленген суреттерді таңдау арқылы оқушылар топқа бөлінеді.

«Сандар сөйлейді» әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу жасап, жаңа тақырыпқа шығады. (Әр топ екі сұрақтан дайындайды, сандар ретімен бір-бірлеріне сұрақ қояды. Мысалы, 24 десе – 2-топ 4-топқа сұрақ қояды) Сол арқылы сабақтың тақырыбына шығады.

1-тапсырма Т.Ж: «Венн диаграммасы». Оқушылар аталған екі кейіпкердің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырып жазады, әр топтың спикері өз жұмыстарын қорғайды.

Қобыланды мен Қараман, Қобыланды мен Алшағыр, Алшағыр мен Қараман, Қобыланды пен Құртқа.

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Бұл бағалау әдісі әрбір топтағы оқушылардың бір-бірінің артық, осал тұстарын көруге, басқа топтардың жұмыстарына баға беріп, ұсыныс айтуға мүмкіндік туғызады.

Сергіту сәті. https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8

2-тапсырма «Константинополь әдісі».Осы жырды оқи отырып сен өзіңе қандай тәрбие алдың? Бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып батыр деген негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыр. (Оқушы өзі жеке, одан кейін жұппен толықтырып, топта талқылайды)

Ықтимал жауаптар:

Батыр деген — қорғаушы,
Батыр деген — сүйеніш,
Батыр деген — ақылшы,
Батыр деген — нағыз азамат,
Батыр деген — ержүрек
Батыр деген — отаншыл т.б.


Бағалау. «Константинополь әдісі»

3 – тапсырма.

Кері байланыс: «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы. 1-қадам: Бірінші оқушыдан "Бүгін сабақ қалай өтті?" деп сұрайды.

2-қадам: Бірінші оқушының айтқан сипаттамасын екінші оқушы жалғастыруы тиіс. Ескерту: әр оқушының сөзі алдында айтылған сөздің соңғы әрпінен басталуы тиіс. Мысалы: керемет- тамаша - алғысым мол...


Үйге тапсырма: «Сөйлемді аяқта» әдісі арқылы «Егер де мен Қобыланды болсам,.. «немесе «Егер де мен

Құртқа болсам,..» деген сөйлемдерді өз қиялымен аяқтап, эссе жазу.




А.С.Ақтанова, А.Қ.Жүндібаева

Қазақ әдебиеті, 5 сынып, Алматы, Атамұра, 2017.


Суреттер



Көңіл – күй смайликтері










«Константинополь әдісі» - ҚБ

Сіздің нәтижеңіз қандай?

өте жақсы: 9 және одан да көп сөз

жақсы: 7 және одан да көп сөз

жаман емес: 3 және одан да көп сөз


Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыс - Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ – мен байланыс. Құндылықтар

мен байланыс (тәрбие элементі)

Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру үшін «Жер, су, ауа» ойынын ойнатып, жақсы көңіл-күй сыйлауды жөн көрдім. «Жыл мезгілдері» арқылы оқушыларды топқа бөлдім. Жыл мезгілдері бейнеленген суреттерді таңдау арқылы оқушылар топқа бөлінеді.

Өткен тақырыпқа шолу жасап, жаңа тақырыпқа шығу үшін сабақ басында «Сандар сөйлейді» әдісі қолданылады. Мақсатқа жету үшін «Венн диаграммасы» стратегиясы арқылы оқушылар жырдағы кейіпкерлерді сипаттап, салыстырады. Әр топтың спикері өз жұмыстарын қорғайды.

Жинақтау кезеңінде оқушының өз пікірі мен көзқарасын анықтау үшін «Константинополь әдісін»қолданамын. Осы жырды оқи отырып оқушы өзіне қандай тәрбие алды, бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып батыр деген негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыру арқылы тапқырлыққа, ой ұшқырлығына жетелейді. «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі арқылы керібайланыс жасап, сабақты қорытындылайды.Сыныптағы әр деңгейлі оқушылардың топтық жұмысқа қатысу кезінде оларға басқа сыныптастарының қолдау көрсетіп отыруы жиі айтылады, мұғалім тарапынан әр оқушының әрекетін ерекше бақылауға алып, қиналған тұстарына жетекшілік етеді.

«Сөйлемді аяқта» әдісі арқылы үйге эссе жазуға тапсырма беремін.

Көңіл – күй смайликтері, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Константинополь әдісі» әдісі арқылы бағаланады.Оқушылардың түрлі жұмыс формалары ауызша мадақтау үлгісінде жүргізіледі, мақсатқа жету-жетпеудегі әрекеттері бағалау критерийлері мен дескрипторға сүйеніп сараланады.





Сабақта 3 түрлі жұмыс формасы қамтылады: топтық, жұптық, жеке.Пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.

Оқу бағдарламасындағы құндылықтардан басқа тақырыпқа сай отбасылық құндылықтар қарастырылады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
5647
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі