Ашық сабақ "Тазалық-денсаулық кепілі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Тазалық-денсаулық кепілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
тазалық бұйымдарымен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

МКҚК «Салтанат»

балабақшасының

меңгерушісі: А.А. Баймбетова__________











Ашық сабақ

«Қарлығаш» тобы

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным»

Пән: «Сөйлеуді дамыту», «Құрастыру»

Тақырыбы: «Тазалық-денсаулық кепілі»









Тәрбиеші: Ерденбаева Г.С














2019-2020 оқу жылы

«Қарлығаш» тобындағы ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің конспектісі.


Өткізу күні: 22.11.2019

Тәрбиеші: Ерденбаева Г.С

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным»

Пән: «Сөйлеуді дамыту», «Құрастыру»

Тақырыбы: «Тазалық-денсаулық кепілі»

Мақсаты: тазалық бұйымдарымен таныстыру.

Тәрбиелік: Балаларды таза жүруге уйрету.

Дамытушылық: Тазалық бұйымдарымен таныстыру.

Оқыту: Сүлгі, сабын сөздерін үйрету арқылы сөздік қорын дамыту.

Билингвалдық компоненті: сүлгі - полотенце, сабын-мыло, тарақ-расческа, тіс щеткасы, айна-зеркало.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Бүгін бізге қонақтар келіп отыр, қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбер:

Орнымыздан тұрамыз.

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Біз тәртіпті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.


Тәрбиешінің көрсетуімен қимыл-қозғалыстар жасайды


2. Негізгі бөлім:

- Балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Тазалық – денсаулық кепілі» деп аталады.

Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбымен таныстырады /слайд арқылы/.

- Балалар мынау не? ( Сабын)

- Сабын не үшін керек?

- Сабынмен жуынамыз.

- Қолдарыңды қалай жуасындар, көрсетіндерші. (Балалар көрсетеді)

- Мынау не?

-Сүлгі

-Сүлгі бізге не үшін қажет?

- Сүлгімен сүртінеміз.

- Сүлгімен қалай сүртінесіндер, көрсетейкші.

- Ал бұл не?

- Тіс щеткасы

- Тістеріміз қайда?Тіс щеткасы мен не істейміз?

- Тіс щеткасы мен тіс тазартамыз

- Мынау не?

- Тарақ

-Ол не үшін қажет?

- Тарақпен шаш тараймыз,

- Мынау не?

-Айна

- Айна не үшін керек?

- Айнаға қараймыз

- Бір сөзбен осы заттарды қалай аталады? ( тазалық заттар)

- Балалар таза болғыларын келеме?

- Дұрыс, таза болуымыз, тазалықты сүюіміз керек. Таза жүрсек ауырмаймыз.


- Ал балалар олай болса бойымызды сергітіп алайық

Сергіту сәті:

Таңертең тұрамыз,

Бетiміздi жуамыз,
Тiсiміздi тазалаймыз,

Шашымызды тараймыз,
Тап-таза боламыз.


Топтық жұмыс «Сурет жинау»

Бірінші топ сабын суретін жинайды, ал екінші топ тарақ суретін жинайды.


Дидактикалық ойын «Не жоқ?».

Шарты: тазалық заттарын қатар-қатар қойып, балалардың назарын тазалық заттарына аударады. Осыдан кейін балалар көздерін жұмып отырады. Осы кезде тәрбиеші заттардың біреуін алып қояды. Балалар көздерін ашып, қай заттың жоқ екенін табады (атын атап, не үшін қолданатынын айтады).


Сабақты қорытындылау:

- Балалар біз бүгін немен таңыстық?

- Тазалық заттарға не кіреді?

Балалар тақтаға шығып затты көрсетеді және оны атайды, тақтаға іледі.

Сол арқылы оқу қызметін қалай игергенің білеміз.


-Жарайсыңда, балалар!Сендер тазалық туралы жақсы білесіндер. Жақсы қатысқан үшін рахмет.

Қонақтар мен қоштасамыз.








МКҚК «Салтанат» балабақшасы












Ашық сабақ

«Қарлығаш» тобы

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным»

Пән: «Сөйлеуді дамыту», «Құрастыру»

Тақырыбы: «Тазалық-денсаулық кепілі»









Тәрбиеші: Ерденбаева Г.С















2019-2020 оқу жылы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
3273
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі