Материалдар / Ашық сабақ "Тазалық заттары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Тазалық заттары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тән сұлулығы – адамның сыртқы келбеті, сыртқы көрінісі.Тән саулығының тамыры – тазалықта, жан саулығының тамыры салуықта деп ойлаймын. Себебі, денсаулықтың кепілі – тән мен ардың тазалығы. Менің ойымша тән тазалығының басты қағидалары ішкі жан дүниесі сұлу болған адамның мейірімділігі, адал жан дүниесі бетінен көрініс табады, жүзінен нұр шашып тұрады. Тазалық менің ойымша, әр адамның сана сезімінен, отбасы тәрбиесінен, орта тазалығынан пайда
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2021
347
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы Төлеби ауданы Леңгер қаласы ,

7 ІТ метеп – лицейі















Шығармашылық жұмыс Тақырыбы: "Оқушыларға тарих пәнін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану "









Тарих пәнінің мұғалімі: Божбанова. Н.















2021 - 2022 оқу жылы












І. Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім.

ІІ. 1. Оқушылардың тарих сабағына деген қызығушылығын оятудағы сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі.

ІІ. 2. Тарих сабағында АКТ –ны пайдаланудың тиімділігі мен практикалық қолданысы туралы

ІІІ. 3. Критериалды бағалаудың тиімділігі

ІІІ. Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер
























  •  Кіріспе

Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары:
-    қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
-    жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-    білім мен тәрбиенің бірізділігі;
-    жалпы компьютерлік сауаттылық;
-    оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.
Нәтижелері:
-    Инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;
-    Инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;
-    Инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;
-    мультимедиялық электрондық оқулықтарды, қамтамасыз ету;
-    отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;
-    Республикалық білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп, білім берудің басқару салаларының ақпараттық желісін құру.
Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен жоғары құзырлықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
Инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған. Компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауына мүмкіндік береді. 

Негізгі бөлім Инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын дамыту. I Инновациялық технологиялар
Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Инновациялық технология есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, электрондық күнделік жүйесін, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Оқушылардың жаңа технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардың басқа жақтары да қайта қарастырылуы тиіс. Осының бәрі жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялар жасау саласында, білім парадигмасын құруда тың инновациялық жұмыстар жүргізуді талап етеді. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.

I Оқушылардың тарих сабағына деген қызығушылығын оятудағы сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының бабына сәйкес мұғалімдер білім алушылар мен тәрбиеленушілер және тиісті мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, шеберлік пен дағды алуын қамтамасыз етуге міндетті. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық саласы технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Білім саласына еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал казіргі заманның оқушысы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне үлкен мән береміз. Өйткені, оқытудың әр түрлі технологиялары зерттелініп, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп мектеп өміріне енуде. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Бағдарламаның негізгі мазмұны жеті модуль түрінде қарастырылады. Осыған орай оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың жаңа технологияларын  жетік меңгеріп қана жетуге болады.
Олар үшін:
-  білім алуды қамтамасыз етуге даярлауы тиіс;
-  оқушыларға үздіксіз білім алуды үйрету керек;
-  мұғалім оқушылардың білімге деген құштарлығын дамытуға көңіл бөлуі керек;
-  оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқытудың мазмұны шектелмеуі тиіс;
-  оқытудың өз тәжірибесі, оқытудың негізі, оқыту барысында болжам, қиял, ойлап табу пайдалануы қажет;
-  сезу, ойлау шығармашылық қасиеті ретінде қарастырылуы тиіс;
Мектепте білім беруді жақсарту мұғалімге байланысты екені сөзсіз. Сондықтан да қазіргі мұғалімдердің білім сапасын арттыруға көп көңіл бөлуде. Соған орай білім берудің жаңа технологияларын (білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, өздігінен дамыту т.б.) мақсатқа сай қолдана білу қажет.Оқытудың заманауи технологиясын жете меңгеріп, оны оқушылардың жас және психологиялық ерекшелігіне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Педагогикалық инновациялық технологиялар іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Педагогикалық жүйе-жеке, дара тұлғаны жетілдірге, қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындаы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден - бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болына ықпал ететін нұсқа  сол  сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ. Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге  келді.Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани және де көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеді. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде  пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының  жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат-мүддесіне  байланысты өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына  деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Жаңа техногияның өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Мұғалімдерге шығармашылық еркіндік берілуі. Әр сабақтың сапалы болып, оның тиімділігін арттыру-ізденімпаз, шығармашылығы шыңдалған ұстаздың қолында.
Осындай оқытудың жаңа технологияларының біріне-сабақты, дәрісті өткізуді «Сыни тұрғыдан  ойлау бағдарламасы» бойынша ұйымдастыру жатқызылады. Бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша әр бір оқушы өз топшылауын, өз пайымын білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, олардың мәнді, мағыналы жақтары жөнінде өз пікірін, өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқуыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Тарих - мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана - сезімді және адамгершілік этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным - әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалармен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс - тәсілдері негізінде іске асады. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу. Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері өте көп.
Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыларға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Мұндай  әдістер,  әсіресе, табиғатынан тұйық , өз ойын тәптіштеп  түсіндіруге  шалағай, өздеріне сенімсіздеу, талданған мәселелерден,  баяндалған тақырып мазмұнынан  тиісті байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын  оқушыларға пайдасы  ұшан теңіз екеніне көзіміз жетті. Сабақ барысында шәкірт тердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға, байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жасауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды, ұжымдық ойласу, ұжымдық тұжырымдар жасауға белсене атсалысады, ұжымдық қорытындыда  өз үлесі бар екенін сезіп, қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйінін шешуге еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Тақырыптың негізігі өзегін, бағытын, мән-мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын қысқа, мазмұнды, мағыналы, дәлелді баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығы артады, ғылым негіздерін игеру әдістерін меңгереді , сөйтіп өзін келесе мәселені талдауға дайындайды.
Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді. Біздің міндетіміз- оқушыға оны бойында жасынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Оқушы бұрын тек тындаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады.
Бұл стратегия сабақ жүйесінде іштей үш кезеңге бөлінеді:
Қызығушылықты ояту:
Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс амалдары қарастырылады. Сондай-ақ оқушыларды қалай қызықтыру керек деген сұраққа жауап деп қарауға болады;
-   шын мәніндегі мәселені ұсыну және оқыту мақсатын бірлесіп дайындау;
-   оқушының бұрынғы тәжірибесімен байланыс орнату;
-   жаңа идеяны түсінуге дайындау;
Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Бұл кезеңде  «Ассоциация» , «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау», «броундық қозғалыс», «стикердегі диалог»  әдістерін пайдалануға болады.
Мағынаны тани білу-жаңа білімді игеру кезеңі:
Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады. Тақырыпты мұғалім түсіндіріп оқып бермейді. Тақырып бойынша оқушылар өздері жұмыс істейді және топпен жұмыс жасап белсенділік көрсетуге жағдай жасалады. Оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде, оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін жеткілікті материал болу керек, ол үшін:
-материалды меңгеру;
-белгілі және жаңа білімді бөлу;
-сұрақ қою;
-барлық мүмкін байланыстарды өткізу; «Өзара оқыту әдісі», «Кең ауқымды лекция» әдісі, «Инсерт» әдісі, «Білемін, білгім келеді, үйренемін», т.б. әдіс-тәсілдерді қолдану оқушының өздігінен білім алу, шығармашының іс-әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда , өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
3. Ой толғаныс:
Жаңа алынған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек:
-оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу;
-өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;
-болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу;
-жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуге осы білімді қолдану;
Толғануды тиімді етуге лайықталған:
«Бес жолды өлең», «Вен диаграммасы», «Кейіпкерге хат», «Кубизм», «Т кестесі» т.б. әдіс-тәсілдер әр сабақтың ерекшелігіне ауыр-жеңілдігіне қарай лайықты қолданылады. Бұл әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт:
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
Оқушыларға өз ойын ашық, еркін айтуға  рұқсат беру.
Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
Кейбір  оқушылар қолайсыз жағдайға түсіп қалса, әжуаламау, келеке етпеу.
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау, оқушылар арасында сенімділікпен жұмыс жасау, бар ынтасымен оқуға берілу, пікірлерді тыңдау, құрметтеу, өз пікірін ашық білдіруін талап ету.
Балалар шешімі мен осы мәселе туралы не ойлаймын жаңа мазмұнды алынған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес келе ме? Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті.
СТО-өз алдына сұрақтар қойып жауап іздеу. Берілген сұрақтарға  «Ал егер бұлай болса»-деп өз пікірін айтқызуға оны дәлелдей білуге үйрету басқалардың келтірген  аргументтерінің қисынын зерттейді. Білімді меңгеру үшін қажетті дағдыларды өз бетімен қолдануға үйрету. Оқушы бойында білуге деген құштарлықты дамыту.Ізденіс жасауға арналған стратегияларды, білім алу стратегияларын үйренуге деген құлшынысты қалыптастыру.
Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?-деген сұраққа американдық профессор  Дэвид Клустер, сыни деп айтуға келмейтін құбылыстарға тоқтала отырып, сыни тұрғыда ойлауды  анықтайтын үш пункті ұсынады:
Біріншіден, сыни тұрғыдан  өзіндік жеке ойлау болып табылады дейді мысалы сабақ барысында әр оқушының өз ойлары мен пікірлерін басқалардан тәуелсіз құруы.
Екіншіден, сыни ойлауды тудыратын білім дәлелдемелері екеніне тоқталады.
Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып шешімін табуды қажет ететін мәселені  анықтаудан басталатындығы.

 ІІ. 3. Тарих сабағында АКТ –ны пайдаланудың тиімділігі мен практикалық қолданысы туралы . АКТ-ны тиімді пайдалану оқушыны мына қадамдарға бағыттайды 1.Оқушы танымын кеңейтеді 2. Оқушыны ғаламтормен тиімді жұмыс жасай білуге бағыттайды . 3.Оқушының өзіне сенімін нығайтады және жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастырады.Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады. Пәнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады. 3. Оқушылардың көз қарасын кенейтеді. 4. Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі. 5. Тарихты оқуға және үлгерімді жоғарылату қызығушылығы туады. 6. Теориялық материалды толық игеру болады. 7. Ақпаратты табу, оны компьютерлік технология арқылы өндеу. 8. Өз көзқарасын нақты және қысқаша қалыптастыру дағдысы. Сабақ үстінде оқушының да мұғалімнінде еңбек өнімінің жоғарлауы болады.

ІІІ. 3. Критериалды бағалаудың тиімділігі Критериалды бағалау- оқушының  оқу жетістігін бағалау. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптардың бірі  болып отыр. Енді осы бағалауды қалайша қолданып келеміз.Бастапқыда кезеңде нақты түсіне алмағанымыз рас. Әйтсе де, сабақ жоспарын жоспарланған сәтте оны оқыту мақсатына сай  жүзеге асыруға жұмыстана бастадық. Күнделікті кұрылған сабақтарда қолданылған стратегиялар нәтижесінде  оқушының оқу жетістігі мен оқыту үшін  бағалауды қолдану мүмкіндігіне жеттік. Бұл — сабақта күтілетін нәтижеге бағыттайтын баспалдақ. Оқуды тиімді бағалау —  білім беру мен оқытудағы ең негізгі кезең. Өйткені, ол оқыту барысында оқушыны алға ілгерлеу қадамдарын айқын жасауына және нәтижеге жетуіне ықпал ететін күш. Бүгінгі  саналы ұрпақты жаңа тәсілдермен оқыта отырып, бағалау немесе өздеріне бағалату мұғалім  үшін де, оқушылар үшін де жауаптылықты қажет етеді. Күнделікті сабақта білім алушылар  топтық жұмыста өздерін бағалай алады. Олар әр жұмыстың өзінше критерийі барын түсіне келе, оны салыстыра отырып, шынайы бағаға талаптана алады. Бұдан мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс нығайып, сабақтың деңгейі артады. Бағалау парақшасына зейін қоя отырып, оны қолдануға бейімделе бастайды. Әр оқушы өзін көшбасшы ретінде қатарға қоя алады. Бұл  да еркіндік, бұл да жаңаға ұмтылыс. Негізінде, баға қою — оқушыны оқуға міндеттейтіні белгілі. Кейде бұл кері әсер беретін тұстары да болады. Жақсы оқитын оқушы нашар баға алмауы керек секілді ой туындайтынын ескерсек, бағаны қоюда оны қалай тиімді қолдануға болады? Қандай жағдайда оқушының оқуға қызығушылығын туғызуға  және білімді меңгертуге болады? Осы тұста бүгінгі білім додасында бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай пайдалануға болады деген сауал көкірегімізге ұялайды. Ол үшін  Блумның «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын әбден түсіне отырып, сабақта қолдана білу керек. Сабақ жоспары оқыту мақсатына сай жоспарланады. Ал мақсаттың толық жүзеге асуы үшін бірізділік принципі сақталады. Қолданылған стратегиялар мен тәсілдер негізінде  сабақта күтілетін нәтижеге жету қарастырылады. Енді бағалауға келсек,  қалыптастырушы бағалау, бұны күнделікті сабақта қолданып жүрміз. Оқушы топтық, жұптық, жеке жұмыстарда белгілі дағдыларға арналған тапсырмалар арқылы қалыптастырушы бағалауға жетсе, мұғалімнің пікірі арқылы «жеттімен»  тағы бағаланады. Ал тоқсан соңында ішкі жиынтық бағалау тапсырмалары арқылы  нақты бағалау нәтижесіне қол жеткізеді. Оқушының сабаққа ынтасын арттыруда алдымен психологиялық  тренингтер жүргізу керек секілді. Өйткені,  сабаққа зейіні ауған оқушының білімге деген құштарлығын қызықтырғыш элементтер арқылы артатыны белгілі. Ол үшін сыныпта «Бәрімізге бақыт сыйлайық»  сәтін  жиі ұйымдастырған дұрыс. Осы кезде оқушылардың бойына  мейірім мен  шынайылылық қалыптаса бастайды.Осындай жылы  сезімдермен  бір- бірінің қолдарынан ұстап ізгі ниет білдіреді.

Picture 3 Picture 2

Сабақ басталарда жағымды ахуал туғызу мақсатында тақырыпқа сай «Сөйлемді аяқтай сал» әдісі, көп нүктенің орнына қажетті тиісті ақпаратты жазу ұсынылады. Оқыту үшін бағалау, бағалау арқылы оқытуды жақсарту, сыни көзқарас таныта отырып, топтасып жұмыстануға ынталандырады. Міне, бұлардың барлығы сабақ процесінде үнемі дағдыға айналған жұмыс. Мұғалім өзінің күнделікті жоспарын құрған кезде оқыту үшін бағалау әдісін  енгізеді. Сөйте тұра, ол бағалаудың не үшін қажет екендігіне ойлана отырып, сол арқылы оқушыдан күтілетін нәтижеге жұмысын бағыттайды. Мұғалім  алдымен сабақта нені мақсат етіп алды, оған жетудің қандай жолдары барын жүйелей отырып, жоспар құратыны анық. Алдында айтып кеткенімдей, оқыту үдерісінде жетістікке жету үшін оқытушы мен оқушы белгілі бір критерий арқылы білім нәтижесіне жетеді.Бағалау міне, осы тұста керек.Ол үшін мақсат пен нәтиже арасындағы сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне, яғни мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлануға қолдау көрсететін әдіс-тәсілдері алынады. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша  бірнеше  қадам жасалатынын білеміз. Мысалы: қарапайым сұрақ қою, сұраққа дәл жауап беру, теориялық сілтеме жасау, теория мен практиканы байланыстыру, тапсырма (ойын еркін жеткізе білу,ойын әрі қарай жаттығу (түйіндеп жазып шық т.б.).Бұл көбіне  жеке жұмыс жасаған тұста  керек. Ал топтық жұмыста бағалау парақтарын дайындау бойынша постер дайындап, белгілі критерий  арқылы жоба қорғайды. Оқушы бұны көбіне тыңдалым не айтылым дағдысында атқара алады.

Топтық жұмыс

Picture 2 Picture 2

Планшетте «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша топ бірін-біріне бағалау жүргізеді.Бағалауда топ спикерінің міндеті зор болады. Әрі шынайылық басым болады.Қорғайтын жобаны топ дайындай отырып, уақыт мөлшеріне бағына отырып қорғайды. Осы тұста өзгелер комментарий айта отырып, жетістік критерийімен бағалайды. Бағалауда күмәнді ой туғызатын сәттері де бар. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы кейде шындыққа жетпей ме деп қаласың. Дегенмен бұндайда оқушының әрекетінен сол сәтте тіпті жақсы қадамға бару мүмкіндігі де туып жатады. Сыныптастарын бағалау оқушылар арасында маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен  шығуға мүмкіндік береді. Сондықтан «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Мадақтау сэндвичі», тіпті кейде сабақ үрдісінде «Керемет», «Тамаша», «Ризамын саған»  сияқты мадақтаулармен де бағалауды қолданамыз. Қалыптастырушы бағалау: оқыту үшін бағалау, ынталандыру, жетелеу, критерийлерді айқындау арқылы жүргізіледі,  нақтылық осы «жетті» не «талпынадымен» бағаланады. Ал ішкі жиынтық бағалау: оқуды бағалау, жиынтық баға. Оқушы жұмысы ұпаймен  бағаланып деңгейі салыстырылады. Бағалау ұқсастығы: мақсат айқындалады және нәтижесі шығарылады.Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесіне өзгерістерін енгізуге, яғни оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік береді.

Picture 2 Picture 2

Критериалды бағалау — бұл  білім  берудің мақсаты мен мазмұнына  негізделген  оқушының  оқу- танымдық  құзырлығын қалыптастыруда  алдын-ала  белгіленген   жетістіктер мен салыстыру үрдісі .Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.Сөзімді қорытындылай келе, критериалды бағалау —  бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыс  болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні  белгілі.







ІІІ. Қорытынды «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» — деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын сабақ үдерісінде қолдану арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады : 1.оқушының белсенділігін арттыру 2.шығармашылық қабілетін дамыту 3.оқушы дарыны мен талантын анықтау Егеменді еліміздің ең басты мақсаты- өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған рухани бай тұлғаның орны айрықша. Қазіргі білім берудің мақсаты да- жан-жақты жетілген, рухани өр тұлғаны қалыптастыру. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту-мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндет екені сөзсіз. Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. ХХІ ғасыр мұғалімі жан-жақты болуы заңды деп ойлаймын. Оқыта отырып тәрбиелеу-қазіргі заман мұғалімінен талап етілетін басты мәселе . Сондықтан атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Оқыту- тәрбиелеудің қуатты органы,бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айрылады» деген сөзін үнемі жадымызда сақтасақ деймін






































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1
. С.Әлкен. Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу.
«Қазақстан тарихы» №1 2006 ж
2. Р. Қ. Қарсыбаева. Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту технологиясының ерекшелігі. «45-Минут» №1 2009 ж.
3.  С.Мирсентова. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.
 Қарағанды 2011 ж.
4.  «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту». С.Т.Мұхамбетжанова
5.  «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту» Тұжырымдамасы. 
6.  «ҚР Білім туралы» Заңы.
7.   Инновациялық педагогикалық технологиялар.Қ.Сарбасова.(2006 ж)
8.  Мұғалімге арналған нұсқаулық 1 деңгей, 2 басылым, 2014 – жыл 9. Ақылдың кені/Ұлағатты сөздер/-Алматы,2008 жыл. 10. Қисымова.Ә.К.Оқыту технологи

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!