400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Ашық сабақ "Тазша баланың қырық өтірігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тазша баланың қырық өтірігі" 1. Тазша бала туралы не білеміз? 2. Тазша бала осындай әрекетке неліктен барды деп ойлайсыз? 3. Ауызекі сөйлеу және жазба стильдік мәтіннің қайсысын меңгеру оңай немесе айырмашылығы неде?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:


Достық ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ғиылманов Ернарын Шерниязұлы

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тазша баланың қырық өтірігі

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

5.О2 Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану.

5Т/А6 Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: мәтінмен толық танысады, мазмұнын айта алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

-тақырыпқа сай өз ойларын жүйелі жеткізе алады.

-өз ойларын диалогқа түсу арқылы жеткізе алады.

- эмоция дауыс ырғағы арқылы диалог құрастыруда қыстырма, қаратпа сөздерді қолданады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға өзіндік ой тұрғысынан жауап береді. Көтерілген мәселе бойынша оны шешу жолдарын ұсынады.

Бағалау критерийлері

1.Мәтінге сай пікірі мен көзқарасын дәлелмен жеткізеді.

2.Тақырып бойынша мәтінді талдай отырып, диалогқа түседі.

3.Диалогқа түсу барысында қыстырма, қарапта сөздерді қолдана алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды. Даярлықсыз диалогқа түсе алады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Тазша бала, өтірік, ақыл- парасат, халық даналығы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Тазша бала туралы не білеміз?

  2. Тазша бала осындай әрекетке неліктен барды деп ойлайсыз?

  3. Ауызекі сөйлеу және жазба стильдік мәтіннің қайсысын меңгеру оңай немесе айырмашылығы неде?

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық пен шығармашылықпен білім алу.

Пəнаралық байланыс

Әдебиет, өзін-өзі тану

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Диалогқа түсу барысында қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді қолдана алады.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ширату. «Тазша баламен тілдесу»

Парақтарды суырады. Парақшада жазылған қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді қатыстырып, Тазша баламен тілдесе отырып, диалогке түседі.


1) әй, Тазша бала, көке ,иә

2) меніңше, байқауымша, себебі, дегенмен, біріншіден

3) жә, апыр-ай, ойбай, масқара, бәрекелді


Топқа бөлу

Қыстырма, қаратпа, одағай сөздері арқылы 3 топқа бөлу.

І топ – «Қыстырма»

ІІ топ – «Қаратпа»

ІІІ топ – «Одағай»

1- тапсырма. «Ой шақыру» әдісі.

«Тазша бала» бізде қонақта...


Сіз білесіз бе?


Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.

Саралау жұмысы:

  • Қабілетті оқушылар өз біліміне сүйеніп Тазша бала туралы жазады.

  • Тапсырманы орындай алмай отырған оқушыларға қосымша материал ұсынамын.













































Сабақтың ортасы

25 мин









Тыңдалым алдындағы тапсырма

2- тапсырма. «Тазша бала» видео көрсетіледі.





3-тапсырма С.

Жұмыс түрі.

/ мәтінмен танысады/

Дескриптор:

- мазмұнын жеке, жұпта, топта меңгереді.

- Оқшау сөздерді пайдаланып, рөлге енеді.

4- тапсырма.

«Тікелей радиоэфир»

Радио жүргізушісі талқыланатын тақырыпты таныстырады. Студия қонақтарына (топтарға) рөлдік карточка беріліп, олар сол карточкадағы рөлдерін ойнайды. Тыңдаушылар аудиториясы (әр топ басқа топқа) баға береді, сұрақ қою үшін «қоңырау шалады», ескертпелер жасайды


Сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудыру.

Мені көріп тұрғандар бір шапалақ,

Мені естіп тұрғандар екі шапалақ,

Сабаққа дайын топтар үш шапалақ!

  1. топ .

-Ағайындылардың басынан өткені /ертегідегі іс-әрекеттері көрініс көрсетеді/

2-топ.

- Тазша баланың сапары.

3- топ

-Үйге оралған Тазшаның тірлігі қалай жалғасын тапты...

Саралау жұмысы:

  • Мәтіннен алған білімдерін саралап, рөлдерге енеді.

  • Оқшау сөздердің мәтінге қолданылуын топта талқылайды.

Оқу мақсаты және бағалау критерийлеріне кері ораламын.

ҚБ «От шашу» әдісі

«Ішкі- сыртқы шеңбер» әдісі арқылы арнайы сұрақтар қойылады.

  1. Тазша баланың ерлігін сен қалай бағалайсың ?

  2. Бұл ертегінің сен оқыған ертегіден өзгешелігі неде?

  3. «Тазша баланың қырық өтірігі» ертегісі не туралы деп ойлайсың?

  4. Осы уақытқа кейін өтірік айтып көрдің бе?

ҚБ «Бағдаршам» әдісі

Бейнебаян «Тазша бала» тыңдатылады.

https://www.youtube.com/watch?v=BUPOUgJxRZQ


«Тазша бала» ертегісі

мәтін жазылған парақ.

Білімділер порталы























Сабақтың соңы



10 мин

5 -тапсырма

Шығармашылық жұмыс.

«Бір күні» әдісі

Бір күні Тазша бала.....


Дескриптор:

  • Мәтінді талдайды.

  • Сұраққа жауап береді.

  • Жеке көзқарасын білдіре алады.

ҚБ «Бас бармақ» әдісі

« Екі жұлдыз, бір тілек » кері байланыс жүргізіледі.

Дескриптор:

  • Әр оқушы өз пікірін жазады.

  • Ортақ пікір қалыптастырады.

  • Пікірлерін дәлелдейді.





Picture 3







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
1146
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі