Ашық сабақ Темірбек Жүргенов

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Темірбек Жүргенов

Материал туралы қысқаша түсінік
Темірбек Жүргенов мемлекет қайраткерінің өмір жолы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Асыл өнердің алып нары – Темірбек Жүргенов.


Жүргізуші: Сәлеметсіздер

Сыр бойы – талай аңыздар мен тарихи оқиғаларға бай өңір. Шашақты найза көтеріп, кеудесін жауға тосып, елін, жерін қорғаған хас батырлар мен толқынды жырлар, тақпақтап келетін назымдарды шығарған ақындар шоғыры өте көп.

Бүгінгі сөз еткелі отырған көрнекті қайраткер Темірбек Қараұлы  Жүргенов те осы өңірде туған

 

·        "Т.Жүргеновтің отбасы"

·        "Жүргенов есімі берілді... "

тақырыптары бойынша студенттер зерттеп келген мәліметтерімен таныстырады.

 

ІІ. Мемлекет қайраткерінің өмір жолдары:

·         Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашады.

·         Аламесектегі орыс-қазақ мектебінде оқыған.

·         Перовскідегі (қазіргі Қызылорда) Суханский атынд. училищеде бастауыш білім алған.

·         1917 ж. Уфа жер шаруашылығы училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп қоғамдық өмірге белсене араласады, студент жастардың әлеуметтік қозғалыстарына қатысады.

·         1918 ж. “Қазақ мұңы” газеті редакциялық алқасының құрамына енді

·         Торғайдағы кеңестер съезін шақыру бюросының мүшесі болды.

·         1919 ж. Ырғыз уезі Кенжеғара болысы рев. к-тінің төрағасы қызметіне тағайындалған.

·         1920 ж. БК(б)П қатарына өтіп, Ырғыз уездік рев. к-тінің, уездік жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары атқару к-тінің төрағасы болып сайланды

·         1921 — 23 ж. Орынборда жұмысшы ф-тінде оқиды.

·         1923 ж. Ташкенттегі Орта Азия мемл. ун-тінің құқық ф-тіне оқуға жіберіледі. Осында оқып жүріп, ол Қазақ АКСР-інің Түркістан Республикасындағы толық өкілетті өкілі болып тағайындалады, Қазақ АКСР-і мен Түркістан Республикасының ОАК-теріне мүше болып сайланады, өлкелік және респ. партия ұйымдарының конференциялары мен пленумдарына қатысады. Орталық Азияда құрылған республикалар аумағының ұлттық-территориялық межеленуіне ат салысады. Бұл мәселе төңірегінде “Еңбекші қазақ”, “Советская степь” газеттеріне мақалалар жариялады.

·         1926 ж. Ташкенттегі Қазақ пед. ин-тының директоры болып тағайындалады. Институтқа акад. В.В. Бартольд, проф. С.Е. Малов секілді ғалымдарды шақыртып, институт жұмысын жандандыруға күш салды. Жоғары оқу орындарына арналған саяси экономия және құқықтану пәндері бойынша оқу құралдарын қазақ тіліне аударды. Қазақ термелерінің жинағын құрастыруға ат салысты.

·         1929 ж. Тәжікстан үкіметінің қаржы комиссары

·         1930 — 33 ж. Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары

·         1933 — 37 ж. Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды. Ол Қазақстанның Халық ағарту комиссариаты жұмысына С.АспандияровҚ.ЖұбановҒ.Мүсірепов сияқты қайраткерлерді тартты. Жүргеновтің тікелей ат салысуымен “Қазақстанда мектеп жүйесін реттеу және қазақ орта мектептерін көбейту туралы” қаулы қабылданып, қазақ орта мектептерінің саны артуына негіз қаланды. Жүргенов Халық ағарту комиссариатын ұлттық мәдениетті өркендету штабына айналдырды.

·         1934 ж. Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетін, 1936 ж. Мәскеудегі Қазақстан өнері мен әдебиетінің онкүндігін негізгі ұйымдастырушылардың бірі болды. Онкүндік кезінде республикамыздың өзге де мәдениет қайраткерлерімен бірге Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Жүргенов — ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ жастарының КСРО-ның орт. қалаларындағы оқу орындарында білім алуына көмек көрсетіп отырды. Мұхтар ӘуезовЖ.ШанинӘ.Қастеев, т.б. қайраткерлердің шығармашылық жұмыспен айналысуына жағдай жасады. Жүргенов Қазақстанда алғашқы музыка театрын (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. Қазақ әндері туралы А.В. Затаевичкекөптеген мәліметтер берді.

·         1937 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Осы жылы 3 тамызда “халық жауы” деген жалған айыппен ұсталып, РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10-, 11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілді. КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының 1957 ж. 18 сәуірдегі шешімімен кінәсіз жазаланғаны анықталып, ақталған

ІІІ. Жүргенов есімі берілді...

v 1993 ж. Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясынаЖүргенов есімі берілді. 

v Алматы мектептер мен көшелер 

v Қызылорда қ-ларында мектептер мен көшелер 

v Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы мектептер мен көшелер 

v Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Ж. есімімен аталатын мектептер мен көшелер бар. 

v 1998 ж. Жүргеновтің 100 жылдығы республика көлемінде аталып өтті. 

Туған жері Жалағаш кентінде ескерткіш орнатылды


Видео тамашалаймыз.

 

ІV. "Жылдар сөйлейді"

Өмірбаяны бойынша жылдар таратылып беріледі сол арқылы оқушылар жауап береді.

1898 жыл -                                1920-1921 жылдары - 

1918 жыл -                                1923 жыл- 

1920 жыл-                                1934 жыл - 

V. Т.Жүргенов туралы қазақтың көрнекті тұлғаларының пікірлерімен таныстыру

Қазақстанға еңбегі сіңген медицина қызметкері, Республикалық дәрежедегі зейнеткер Т.Жүргеновтың адал жары Дәмеш Ермекова

«Дос, адал дос»

Мен 1936 жылы Отан жүрегі Москвада өткізілген қазақ әдебиетімен өнерінің тұңғыш он күндігіне  қатысу бақытына ие болдым. Ол азаттық таңынан бастау алған жас республикамыздың өміріндегі ұлы оқиғалардың бірі еді. Темекең қазақтың тұңғыш музыкалық театрына драма театрынан Күләшті, Қанабекті, Құрманбекті, Елеубайды, Қалибекті, Сенкені, Манарбекті, Шараны т.б. шақырып отырды. Режиссер Жұмат Шаниннің қабілет-дарынын кеңінен пайдаланды. А. Жұбанов, Е. Брусиловский сияқты композиторлардың театрға белсене араласуына ықпал жасады.

Бір күні кешқұрым Темірбек екеуміз калинин көшесінің бойымен қыдырып келе жаттық. Кенет ол тоқтай қалды да маған қарап «осы жерде біздің опера театрымыздың үйі салынады», деді. Сол Темкең көрсеткен жерде бүгін ұлттық өнеріміздің алтын ордасы жұртшылыққа айқара ашып тұр.

Темекең жазушы, әдебиетшілердің де шын қамқоршысы еді. Ол араб, парсы тілінің жетік маманы, Шығыстың інжу-маржаны атанған. «Шаһнаманы» қазақ тіліне аударушы Тұрмағанбет Ізтілеуовтың талантын үнемі қастерлеп отыратын. Тұрмағанбет бұл адал еңбегімен ақтап,бас аяғы 10 айдың  ішінде ұлы шығарманы өзінің ана тіліне аударылып шықты. Оның қысқа өміріндегі атқарған қыруар еңбегін бүгінгі ұрпаққа жария етіп, заманнан заманға  ұсынып отыру тарихшылардың, әдебиетшілердің парызы болса керек.

Рахым Алшынбаев/Парталас досы/:

1916 жыл. Перовск (Қызылорда) қаласында Сауранбай болысқа қарсы кедей шаруалар көтерілісі болды. Осы көтеріліс жасаушыларды жазалау үшін, перовск қаласынан генерал-губернатор Кцрапаткиннің өзі келген. Осы кезеңде оқып жүрген жас Темірбек халық өкілі ретінде генералға барып сөйлесіп,уытты, отты сөздерімен генералды алған бетінен қайтуға мәжбүр етеді. Сөйтіп көтерілісшілер Темірбектің арқасында жазадан аман қалған еді. Темірбекпен 1908-11 жылдары қазіргі қызылорда облысының Тереңөзек ауданына қарасты «Аламесек» қыстағында екі кластық орысша-қазақша мектепте білім алдық. Мұғалімдер оған 5-тік бағаның үстіне қосу белгісін қоас қойып отыратын, ол сондай зерек, алғыр болатын!

VІ. Т. Жүргеновке арналған кітап көрмесімен таныстыру     

VІІ. Қорытындылау

Қорыта айтсақ,  Жүргенов өмірінің соңғы күндеріне дейін қазақ халқына, еліне адал қызмет етті, қалың жұртшылық арасында үлкен құрметке, зор беделге ие болды,ол кісінің ашқан қаншама білім ошақтарында қаншама түлек білім нәрімен сусындап өмірге қанат қағады.  Жүргенов  атамыздың жазықсыздан жазықсыз халық жауы атануы,оның жазықсыз екенін жұбайының дәлелдеуі халықтың ол кісіге деген құрметі шексіз екенін дәлелдейді. 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.08.2023
611
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі