15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері" 7-сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.1.1. Үшбұрыштар
|
Мектеп: Таскала ауданы, ЖОББ Шипов мектебі |
|||||
|
Күні: 15.11.17 |
Мұғалімнің аты-жөні: Исказиева Лаззат Битималиевна |
|||||
|
Сынып: 7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері |
|||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану |
|||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: теңбүйірлі үшбұрыштардың анықтамасын, қасиеттері мен белгілерін біледі Оқушылардың көпшілігі: теңбүйірлі үшбұрыштардың қасиеттерін,белгісін есеп шығаруда қолданады және олардың элементтерін пайдалана отырып, салу дағдысы қалыптасады Кейбір оқушылар: теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін талдайды, дәлелдей алады және күрделі есептерді шығаруда қолдана алады |
|||||
|
Бағалау критерийлері |
Теңбүйірлі үшбұрышты, оның элементтерін ажыратады. Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін қолдану арқылы есептер шығара алады. Деңгейі жоғары дәлелдеу есептерін шығару барысында теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін қолданады. |
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін жазбаша және ауызша түсіндіреді. Пәнге тән лексика мен терминология: Үшбұрыш, теңбүйірлі,теңқабырғалы,әртүрлі қабырғалы, үшбұрыштың элементтері, биіктік,биссектриса,медиана, үшбұрыштар теңдігінің белгілері Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
1.Қабырғаларының
арасындағы қатынастар арқылы анықталатын
|
|||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы |
|||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Тарих(пирамидалар),география(орналасқан жері) |
|||||
|
Бастапқы білім
|
Үшбұрыш,үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін, биіктік,биссектриса,медиана туралы ұғымдарын біледі. |
|||||
|
Сабақ барысы |
||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы
2 мин.
5 мин |
І. Ұйымдастыру кезеңі Амандасу,түгендеу, топқа бөлу. Оқушыларды геометриялық фигуралар және олардың элементтерін жинақтау арқылы 3 топқа бөлемін. I топ –Үшбұрыш(биіктік, биссектриса,медиана) II топ – Шеңбер(диаметр,хорда,радиус) III топ – Төртбұрыш(ұзындығы,ені,бұрышы) Өткенді қайталау. « Сұрақ-жауап» арқылы. - Қандай фигура үшбұрыш деп аталады? -Үшбұрыштар теңдігінің белгілері - Үшбұрыштың медианасы дегеніміз не? -Үшбұрыштың биссектрисасы дегеніміз не? -Үшбұрыштың биіктігі дегеніміз не? -Үшбұрыштың периметрі дегеніміз не?
ҚБ: мұғалімнің мадақтауы арқылы Ой қозғау: (Диалог) -Екі қабырғасы тең болатын үшбұрышты кескіндеңдер.
-Транспортирдің көмегімен оның үшінші қабырғасына
іргелес -Бұрыштар тең бола ма? -Бүгінгі сабағымызда нені біліп шығуымыз керек? Жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларды жаңа білім қабылдауға және игеруге белсендіру,тақырыпты ашу. «Проблема айқындау» тәсілі арқылы оқушыларды жаңа білім қабылдауға және игеруге белсендіру. « Не білемін?» , «Не білгім келеді?» , Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай?» деген сұрақтарға жауап береді. |
Оқулық, геометриялық фигуралар бейнеленген суреттер |
||||
|
Сабақтың ортасы
10 мин
10 мин
2 мин
3 мин
6 мин
|
1.Тақырыппен,сабақ мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстыру. Әдіс: «Ойлан.Бірік.Бөліс» Тапсырма: Әр топ өзіне берілген тақырыппен танысып, постер қорғайды.
1-топ. Үшбұрыштың түрлері және 1-теорема (табанындағы бұрыштың теңдігі туралы). 2-топ. 2-теорема (теңбүйірлі үшбұрыштың белгісі). 3-топ. 3-теорема (биссектрисасы, биіктігі, медианасы)
ҚБ: Топтар 1-топ бас бармақ, 2-топ смайлик, 3-топ бағдаршам арқылы әр топ бірін-бірі бағалайды.
2.Оқулықпен жұмыс Әдіс: «Пилот және штурман» 1-топ. 37.2(а); 37.6; 37.11(а) 2-топ. 37.3(а); 37.7; 37.11(ә) 3-топ. 37.4(а); 37.8; 37.12
Топтар берілген есептерді орындайды. Интербелсенді тақтада дұрыс жауаптары көрсетіледі, сол арқылы оқушылар жауаптарын өзара тексереді.
ҚБ: смайлик арқылы оқушылар топ ішінде сағат тілінің бағытымен өзара бағалайды.
3.Теңбүйірлі үшбұрыштар – өмірде Теңбүйірлі үшбұрыштарды қоршаған ортада қай жерлерде кездестіреміз?(Оқушылардың жауаптары тыңдалады) Толықтыру мақсатында интербелсенді тақтада теңбүйірлі үшбұрыш түрінде суреттер көрсетіліп, түсінік беріледі
4.Ширату Оқушыларға интербелсенді тақтада ауызша тапсырмалар көрсетіліп, беріледі
ҚБ: Қолпаштау арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды. 5.Қалыптастырушы бағалау жұмысы Оқу мақсаты: 7.1.1.23 Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану Ойлау дағдыларының деңгейі: білу,түсіну және қолдану Бағалау критерийі: Есептерді шығару барысында теңбүйірлі үшбұрыштың анықтамасын,қасиеттері мен белгілерін біледі және оны дәлелдеуге есептерді шығаруда қолдана алды. 1-тапсырма Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 8см, табаны 10см болғандағы периметрін табыңдар. Дескриптор: Білім алушы - теңбүйірлі үшбұрыштың анықтамасы арқылы бүйір қабырғасын анықтайды - периметрін табады.
2-тапсырма Теңбүйірлі үшбұрыштың төбесіндегі бұрышы 750 . Табанындағы бұрыштарын табыңдар.
Дескриптор: Білім алушы
3-тапсырма Берілгені:
MO
=
ON,
Дескриптор: Білім алушы
|
Математика 2-бөлім Алматы: Мектеп.2017А.Е. Әбілқасымова және т.б, флипчарт, маркерлер
Математика 2-бөлім Алматы: Мектеп.2017А.Е. Әбілқасымова және т.б, интербелсенді тақта
интербелсенді тақта
интербелсенді тақта, Э.Н.Балаян Геометрия Задачи на готовых чертежах для подготовки к ГИА и ЕГЭ 7-9
үлестірмелі материалдар |
||||
|
Сабақтың соңы
2 мин |
Рефлексия - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет
|
|
||||
|
Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушылармен бірге бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды. Сабақта «Ойлан.Бірік.Бөліс», «Пилот және штурман» әдістерін қолданып,ширату жаттығулары арқылы олардың жинақталуына, тақырыпты меңгеруіне септігін тигізіп, оқуға тарта аламыз. |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Оқушылардың материалды меңгеруін тексеру қалыптастырушы бағалау тәсілдері: смайлик, бағдаршам,бас бармақ арқылы жоспарланды. Қиынырақ есептер беріп, олардың нәтижесімен қорытынды жасату.Жеке тапсырмалар беру арқылы қалыптастырушы бағалау. |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақтау Оқушылардың партада дұрыс отыруы. Жарықтың дұрыс түсуі. Оқу құралдарының қауіпсіздік ережесімен жұмыстану. |
||||









Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген