жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ, Теңдеу, 5 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1А |
Мектеп: № 14 |
|||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Текенова Қаракөз |
|||||||||||||||||
Сынып: 5 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Теңдеу |
|
||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.2.2.1 арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешу; 5.2.2.2 теңдеудің шығарылуының дұрыстығын тексеру тәсілдерін қолдану; |
|||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Теңдеудің түрлерімен таныстыру. Теңдеудің шығару жолдарын үйрету. Мәтінді есептерге теңдеу құруды үйрету.
|
|||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Теңдеудің түрлерін ажырата алады. Тиімді әдіспен шығара алады. Күрделі теңдеулердің шешімін тауып, жауабын тексере алады.
|
|||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология: Белгісіз айнымалы, теңдіктің оң жағы және сол жағы; шешім, түбір, белгісіз көбейткіш (қосылғыш, азайғыш, бөлінгіш), мәтінді есептер.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Теңдеудің түбірін табу үшін... Мәтіннің теңдеуін құру үшін... Теңдеудің дұрыстығын тексеру үшін...
|
|||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Еңбекке, шығармашылыққа және сын тұрғысынан ойлауға баулу арқылы өмір бойы білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге дайын болуға үйрету. Ынтымақтастықпен қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру |
|||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Информатика (алгоритм) |
|||||||||||||||||
Бастапқы білім
|
Натурал сандарга арифметикалық амалдар қолдану. Санды және әріпті өрнектер. Өрнектерді ықшамдау, ұқсас мүшелерді біріктіру. |
|||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||||||||||||
Сабақтың басы
|
Сәлемдесу. Білім алушылардың сабаққа қатысуын және назарын жаңа сабаққа аудару. Түрлі түсті кәмпиттерді қорабшадан алу арқылы 4 топқа бөлу. Үй жұмысын слайдта шыгарып топ арасында тексеру. |
|
||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
1.«Қар кесегі» әдісін пайдаланып, оқушыларға тақырыпты меңгерту. Бірінші топқа қар кесегін лақтыру барысында сол топтан бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады. Келесі топқа лақтыру арқылы оның айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Солай топта жалғасады. х-а =с а-х=с в*х=с в:х= с х=с+а х=а-с х=с:в х=в:с Айтқан тұжырымдары бойынша әр топ бір мысалдан түсіндіреді. Есеп. Қазір ағасы қарындасынан 5 жас үлкен, 4 жылдан соң олардың жастарының қосындысы 19 жас болады. Қазір ағасы мен қарындасы неше жаста? 2. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Оқулықтағы берілген тапсырмалар бойынша жеке оқушымен жұмыс, жұптық жұмыс және топпен жұмыс жасаймын. №415, №416, №418
415.Теңдеулерді шешіңдер. 1) 12х=41 3) 110:m=11 5) 7у-25=45 2) 33у=132 4)2х-15=13 6) 130-4х=70
416.Мектеп жанындағы шаруашылықтан оқушылар екі күнде 1260кг картоп жинады. Оқушылардың екінші күнгі жинағаны бірінші күнгіден 2 есе артық. Бірінші күні неше кг картоп жинады?
418.Марат түстен кейін түске дейінге қарағанда 2 балық кем аулады. Ол барлық аулаған балықтарының жартысын атасының үйіне қалдырғанда, өзінде 5 балық қалды. Марат түске дейін неше балық аулады?
3. «Сәйкестендіру тесті» Берілген тапсырманы жауабымен сәйкестендіру.
|
|
||||||||||||||||
Сабақтың соңы |
Өткен тақырыпты теңдеуге байланысты қосу, азайту, көбейту, бөлуді теңдеудің сол жағынан оң жағына өткізгенде өзгереді ме? т.с.с сұрақтар арқылы пысықтау, кері байланыс, әр оқушыға 3 стикерден беремін. «Жеміс ағашы» әдісін қолдану. «Бүгінгі сабақта мен білдім, Мен үшін қиын тапсырма болды, Енді өзім істей аламын деген турлі түсті стикерлерді ағашқа жабыстыру.Үйге тапсырма №414, №417, өз беттерінше есептер құрастыру. |
|
||||||||||||||||
Саралау Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды беремін. Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушылармен бірге бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды. Сабақта «Қар кесегі» , «Миға шабуыл», «Ойлан, жұптас, бөліс» ,«Ойлану уақыты» әдістерін қолдану арқылы оқуға тартамын. Оқушыларға әрбір қадамын анық басуға көмектесемін, дұрыс бағыт-бағдар беремін. Яғни, үлгерімі төмен оқушыларға жай теңдеуді шешуді үйретемін, ал деңгейі жоғары оқушыларға қиындығы жоғары есептерді беремін.
|
Бағалау Сабақ барысында кері байланыс жасап, қалыптастырушы бағалауды іске асырамын. Ол үшін берілген әрбір тапсырмаға бағалау критерийі мен дескрипторлар құрып, жинаған балдарын есептеп бағалаймын.
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Психологиялық жағымды ахуал туғызу,сабақ алдында бөлмені желдету.
|
||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
|
|||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген