Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Тіл-қатынас құралы 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,негізгі және қосымша ақпаратты анықтау. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру,көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі 5 сынып

Сабақтың тақырыбы Тіл – қарым-қатынас құралы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Т/А 3.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.

5.Т/А 5.Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру,көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Тақырып бойынша тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді,мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырып бойынша тыңдалған мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.



Кейбір оқушылар орындай алады:Тақырып бойынша көтерілген мәселеге өз ойын білдіреді.



Бағалау критерийі

1).Тақырып бойынша тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп,сұрақтарға жауап беру. 2).Негізгі және қосымша ақпаратты анықтау. 3).Тыңдалған мәтін бойынша өз пікірін білдіру.

Тілдік мақсаттар

Тілдік,тілсіз қатынас,ауызша және жазбаша тілдік қатынас.

Құндылықтарға баулу

Оқушылардың бойына топта бір-бірімен жақсы тіл табыса білетін,мәдениетті сөйлеуге дағдыланған,бір-біріне ойын ашық айтатын дағдыны дарыту.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Тақырып бойынша алдыңғы білім

4-сыныпта оқыған біліміне сүйену.Сөйлеу,тілдік қарым-қатынас.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Сабақтың басы


1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Оқушы белсенділігін арттыру.

«Кім шапшаң?»ойыны ойналады.

Бірнеше мақалдың алдыңғы бөлігін айтып,соңын жалғастыру керек.

Оқушының шапшаңдығы бағаланады.

«Бала тілі-бал», «Өнер алды-қызыл тіл».

Сұрақ: Осы мақал – мәтелдерде көбіне қандай сөз көп қолданылған?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Қалыптастырушы бағалау: оқушыны смайлик жапсыру арқылы ынталандыру.



Тыңдалымалды тапсырма

Оқушыларға бірнеше сұрақтар беріледі:

  • «Мәдениет» сөзін қалай түсінесің?

  • «Сөйлеу» кімдерге тән қасиет?

  • Ауызекі сөйлеу ж/е жазба тіл деген не?

Қалыптастырушы бағалау: « Бас бармақ»


1-тапсырма. Тыңдалым бойынша мәтінді

оқимын. Жұптық жұмыс. «Сен маған-мен саған»

әдісі арқылы бір-біріне қойылған сұраққа жауап

береді.

Дескриптор:

Тақырып бойынша тыңдалған мәтін мазмұнын

түсінеді.

-Қойылған сұрақтарға жауап береді.


Қалыптастырушы бағалау: «2 жұлдыз,бір тілек»


2-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Бір сөйлем» әдісі.

Әр жұп тыңдалған мәтіндегі мәліметтің неліктен қызықтырғанын 1 сөйлеммен, тапқан ақпараттарды ажыратып жазып,тақтаға жапсырады. Оқушылар аралап оқып, негізгі ақпаратты қосымшадан ажыратады.


Дескриптор: Негізгі және қосымша ойды анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау: «От шашу»


3-тапсырма. «Кластер», «Ортадағы қалам» әдісі

арқылы өзіндік жұмыс. Тыңдалған мәтін

бойынша оқушылар қарым-қатынас сөзін

қорытындылап, тақтаға кластер құрады.

Үлгі




«Ортадағы қалам» арқылы аты аталған оқушы

кластер тармақшаларындағы сөздерге өз ойын

білдіреді.

Дескриптор:

1.Тыңдалған ақпаратты жинақтау.

2.Әр оқушы өз ойын жеткізеді.

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» арқылы


Сабақтың соңы



Кері байланыс: «Бес саусақ» әдісі арқылы


Бас бармақ: басты мәселе

Балалы үйрек: бірлесу

Ортан терек: ойлану

Шылдыр шүмек: шынайылық

Кішкентай бөбек: көңіл-күй ахуалы


Үйге тапсырма: «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» тақырыбында өлең жазу.



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

1-тапсырма.Тыңдалым тақырыбы бойынша түсіну, сұраққа жауап беру.

Барынша қолдау:

«Сен-маған, мен- саған» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу үшін жетек сұрақтар қоямын.

Орташа қолдау: Аталған әдіс арқылы сұрақтарға жауап аламын,тағы да жетелеуші сұрақтар қоямын.

Төменгі қолдау: Тағы да қандай өмірлік маңызы бар сұрақ қоюға болады?-деп ары қарай ойлау дағдысын кеңейтемін.

2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Тыңдалған мәтіннен негізгі ж/е қосымша ақпаратты анықтау.

Барынша қолдау: «Бір сөйлем» әдісі арқылы ақпаратты ажыратып жазуға тірек сөздер айтып, бағыт беремін.

Орташа қолдау: Негізгі және қосымша ақпараттарды ажырату үшін жетек сұрақтар қоямын.

Төменгі қолдау: Мәтінде көрініс тапқан қарым-қатынас мәдениетін өмірмен байланыстыруын ұсынамын.

3-тапсырма. Өзіндік жұмыс.Әр оқушы тыңдалған мәтін бойынша өз ойын жеткізу.

Барынша қолдау: Тақырып бойынша тірек сөздер, жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушыны сөйлету.

Орташа қолдау:Кластер арқылы тақырып мазмұнын ашу үшін жетек сұрақтар қою.Ойын жеткізуге тақырып мазмұнынан мысал келтіру.

Төменгі қолдау: Оқушының ойлау дағдысын, өз ойын жеткізу қабілетін одан ары дамытушы сұрақтар қойып,

өмірмен байланыстыруын талап етемі















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
1710
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12