Материалдар / Ашық сабақ "Тіл ұлттың-тірегі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Тіл ұлттың-тірегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл туралы ашық сабақ. Тілдер мерекесіне орай жасалынған.Тілдер күніне байланысты оқушылар арасында өткізілген ашық сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2021
507
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналық мекемесі







«Тіл –ұлттық тірегі»

(ән байқауы)





Есенова А.М




Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тіл- ұлттың тірегі».

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп,өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу.Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Журналдар, суреттер, нақыл сөздер.

Өткізу әдіcі. Ән байқауы

Тәрбие сағатының барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі:

— Оқушылардың назарын аудару.

ІІ.Кіріспе сөз:

— Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін бізде ерекше тәрбие сағаты «Туған тілім-тұғырым » атты ән байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.

Мақсаты: Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру.

     Анықтама беру: Мемлекетіміз ҚР деп аталады. ҚР-дың жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Атазаңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.  

 

       

     1- оқушы: Cен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?

     2- оқушы: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?

     1- оқушы: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.

Оқушы тақпақтары:

1-оқушы:

Туған тілім-бабам тілі- өз тілім,

Туған тілім-анам тілі — өз тілім.

Туған тілім- далам тілі- өз тілім,

Туған тілім- адам тілі- өз тілім.


2-оқушы:

Жойылмайды, жойылмайды туған тіл. 
Тілдің сырын тереңірек бойлай біл, 
Жоғалту да, дамыту да тіліңді 
Өз қолыңда, соны елім,ойлай біл! 

3-оқушы:

Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнің.

 

4-оқушы:

Туған тілім- тілі ата бабамның,

Өзіңдейсің ақ сүт берген анамның.

Қайда жүрсең меніменен біргесің,

Түсінікті сендей жақын маған кім.

Сенсің тілім бойдағы күш қуатым,

Сақтаушыңмын қорғауға бел буатын.


5-оқушы:

Қазағым-ау, бір-бір үлкен жүрексің,

Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.

Тәуелсіз ел- ана тілін ардақтап,

Тәуелсіз ел- ана тілін ту етсін.


6-оқушы:

Кейбіреулер туған тілін білмейді. 
Білмесе де білгісі олар келмейді, 
Туған тілін түсінбеген азамат 
Өз ұлтының қасиетін сезбейді. 


  Мұғалім: Жастайыңнан қиялыңды-қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер,ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады.

Абай даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің.

7-оқушы: Тіл тазалығы дегеніміз- ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен шұбарламау.

8-оқушы:

Қате болар туған тілін білмесе. 
Тілін сатып өзге тілге бой берсе, 
Тілін сатып деп айтпасам не дейін? 
Туған тілін білгісі де келмесе! 

9-оқушы:

Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,

Сенсің менің қасіретті шаттығым.

Сенсің менің тазалықты пәктігім,

Сенсіз бақыт дүние тапты кім?


10-оқушы:

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілі егер сені білмесем.

VІ.Қорытынды:

      Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!

Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.

Диханбаев Едігенің орындауында «Атамекен» әнін тыңдаңыздар






























САБАҚ:

Қазақ тілі

Мектеп: Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназия

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Есенова Арайлым Молдагазиевна

СЫНЫП:2 «Г»


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

2-бөлім: Менің отбасым және достарым

7. Менің отбасым тату


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

2.3.4.1 мәтіннің мазмұны немесе илюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған толық жауап беру.

2.4.2.1 Оқыған /аудио/бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа жауап (сөйлем) жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:мәтінді мәнерлеп және қатесіз дауыстап оқиды, таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді,

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:мәтінді мәнерлеп және қатесіз дауыстап оқиды, таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді, аударады

Кейбір оқушылар орындай алады. сөйлеу барысында көптік/тәуелдік/жіктік/септік жалғауларын қолданады

Тілдік мақсат

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: адам, отбасы мүшелері, үлкен, шағын, тату

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: менің ағам, тату отбасы, ақылды бала, көмектесемін, ең жақын

Алдыңғы оқу:

«Анам тосап жасайды»

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

Ынтымақтастық ортасын құру «шаттық шеңбері»

Оқушылар назарын аударту: Ширату жаттығуы:

Оқушыларға суреттер жинағын (сабақ тақырыбымен байланысты) көрсетемін. Олар суретке қарап, сабақтың тақырыбын болжайды

   

 

-Иә, балалар, сабақтың тақырыбы отбасымен байланысты «Менің отбасым тату».

Үй тапырмасын тексеру.

Слайд

суреттер

Ортасы

Адам-человек

Отбасы мүшелері-члены семьи

Тату-дружная

Үлкен-большая (семья)

Шағын- маленькая (семья)

Сөздікпен жұмыс:

1 –тапсырма Тыңдалым Айтылым

«Отбасы» туралы мультфильм көру

Сұрақтарға жауап беру:

1.Мультфильмде қандай отбасы мүшелері айтылған? (әке, ана, аға,әпке, бөбек)

2.Сенің отбасында неше адам бар?

2 -тапсырма Оқылым Айтылым

Мәтінді қатесіз оку, түсінгенін айту

Менің отбасым үлкен. Отбасымда сегіз адам бар. Олар: атам, әжем, әкем, анам, әпкем, інім және мен.

Атамның аты – Әділ. Әжемнің аты Асыл. Әкемнің аты-Асқар.Анамның аты-Анар. Әпкем нің аты-Дана. Інімнің аты-Әли. Өзімнің атым - Әлибек. Отбасымыз тату.

Дескриптор:

• Отбасы мүшелерін ажыратады.

• Мәтінді қатесіз оқиды

• Түсінгенін айтады.

Кері байланыс

3 -тапсырма «Шын, жалған»

Ақпарат

Ш(+)

Ж (-)

Менің отбасым үлкен.



Атамның аты – Асқар.



Анамның аты – Дана.



Отбасымыз тату.




4 -тапсырма Жазылым

Өз отбасы туралы жазып, мәтінді толықтыр.

Менің отбасым .......... (үлкен, шағын). Отбасымда ... адам бар. Олар: ..., ... , ..., ... және мен. Мен ... жақсы көремін.

Дескриптор:

• Өз отбасы туралы жазады.

• Мәтінді толықтырады.

Жазылым 3-тапсырма Суреттерге қарап отбасы мүшелерінің жұмыстарын жаз

Дескриптор:

• Суретке қарап отбасы мұшелерінің жұмысын жазады.

• Дәптерге жаза және оқи алады

5- тапсырма. Айтылым

Сөздерге қосымша жалға (көптік жалғау)

А  ғ а дар

Б  өбек лар

Қ  арындас тер

Адам тар

Сабақты қорыту.

Есте сақтай алдың ба? Ойыны ойнатылады. Шарты: сабақта өтілге сөздерді қайталау. Орта да бір оқушы жүріп өтеді. Екі қатар болып сыныптас достары жаңа сабаққа қатысты сөздерді айтып шығады. Ортада жүріп өтеп бала бәріне сыныптастары айтқан сөзді қайталап айтып шығады.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!