400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Тірек қимыл жүйесі 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
тірек-қимыл жүйесі туралы алған білімдерін дамыту, толықтыру, жинақтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сапақкөл орта мектебі

(білім беру ұйымының атауы)


Бөлім:

Тірек-қимыл жүйесі

Педагогтің аты-жөні:

Абдрахманов Ғалым Хасенұлы

Күні:

____ ____ 20__ ж

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Тірек-қимыл жүйесі.

Оқу бағдарлама-сына сәйкес оқыту мақсаттары

тірек-қимыл жүйесі туралы алған білімдерін дамыту, толықтыру, жинақтау.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс жасау біліктерін, есте сақтау қабілеті мен ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстана отырып, адам денсаулығын сақтау.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. «Блиц турнир» қызығушылықты ояту.

«А» деңгейі.

1. Тірек-қимыл жүйесі неден құралады?

2. Арқа омыртқаға қабырғаның қанша жұбы бекиді?

3. Ұзын сүйектер қалай аталады?

4. Ең үлкен табан сүйегі.

5. Иық белдеуін түзетін сүйектер.

«Ә» деңгейі.

1. Сүйек қандай ұлпаға жатады?

2. Қысқа сүйектерді ата.

3. Сүйектің шеміршек арқылы қозғалмалы жалғасуы қалай аталады?

4. Омыртқа жотасы неше жерден иіледі?

5. Сүйектің қаттылығы қандай заттарға байланысты?

2. «Түйінде» топтық жұмыс.

Оқушылар қаңқа сүйектерінің бөлімдері мен байланысу түрлерін сипаттайды.


1. «Блиц турнир» қызығушылықты ояту.

«А» деңгейі.

1. /қаңқа мен бұлшық еттерден/

2. /12 жұп/

3. /жілік/

4. /өкше/

5. /бұғана мен жауырын/

«Ә» деңгейі.

1. /дәнекер/

2. /омыртқа, табан және алақан сүйектері/

3. /буын/

4. /4 жерден/

5. /минералды заттарға/


2.«Түйінде» топтық жұмыс.

І топқа. Қаңқа бөлімдері.

ІІ топқа. Сүйектердің байланысу түрлері.

Picture 2

Қалыптастырушы бағалау, мадақтау, смайлик, т.б





Қосымша оқулық, кесте және оқулық суреттері, кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы

3. «Ойлан тап» кестемен жұмыс.

Оқушылар берілген сүйектердің түрлерін анықтап, кестеге «+» белгісін қойып тиісті бағанға сай орналастырады.











4. «Тез сұраққа дөп жауап» жұптық жұмыс.

1.Адам ағзасында қанша сүйек бар?

2.Қаңқа неше жасқа дейін өседі?

3. Ағзадағы бұлшық еттер саны қанша?

4. Омыртқа жотасы неше бөлімнен тұрады?

5. Мойын омыртқасының саны

6.Адам ағзасында сүйектің толық қалыптасу кезеңі

7. Омыртқалар саны қанша?

8. Сүйек құрамындағы органикалық зат мөлшері.

9. Арқа омыртқасының саны

10. Қабырғалар саны.


5. Сабақты бекіту ретінде Тест жұмысы орындалады.

3. «Ойлан тап» кестемен жұмыс.

Сүйек-тер

Бас сүйек

Иық белдеуі

Жамбас белдеуі

Бұғана


+


Шүйде

+



Ортан жілік



+

Маңдай

+



Жауырын


+


Асықты жілік



+

Жамбас



+

Жақ сүйек

+



Білезік


+


Самай

+



Тоқпан жілік


+


Толарсақ



+


4. «Тез сұраққа дөп жауап» жұптық жұмыс. Әр топ сұрақтарға кезектесе отырып жауап береді.

1. 220-ден астам сүйек бар.

2. 21 жасқа дейін өседі.

3. Бұлшық еттер саны - 600.

4. Омыртқа - 4 бөлімнен тұрады.

5. Мойын омыртқа - 7.

6. Сүйектің қалыптасу кезеңі – 22-25 жас.

7. Омыртқалар саны – 33-34.

8. Сүйектің құрамындағы органикалық зат - 30%.

9. Арқа омыртқалар саны – 12.

10. Қабырғалар саны – 12 жұп.


5. Тест жұмысы.

1. Сүйектің қабы қандай ұлпаға жатады?

а) эпителий ә) дәнекер

б) жүйке в) бұлшық ет

2. Жалпақ сүйектерге жатады:

а) қабырға ә) жауырын

б) шынтақ в) тоқпан жілік

3. Қозғалмайтын сүйектерге жатады:

а) иық белдеуі ә) омыртқа

б) үстіңгі жақ в) астыңғы жақ

4. Ұзын сүйектерге жатады:

а) қабырға ә) тоқпан жілік

б) жамбас в) ортан жілік

5. Омыртқа жотасының қай бөлігі артқа қарай иіледі?

а) мойын ә) арқа

б) бел в) сегізкөз

6. Жартылай қозғалмалы сүйектерге жатады:

а) бас сүйек ә) омыртқалар

б) асықты жілік в) сегізкөз

7. Тірек-қимыл жүйесін құрайды:

а) қаңқа ә) бұлшық еттер

б) жүйке жүйесі в) қантамыр

Сұрақтарға жауап берген оқушылар

10 балдық шкала бойынша бағаланады.


Термин сөздермен, кестемен жұмыс және тест жұмысын орындау

Сабақтың соңы


Қорытынды: оқушылардың білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма: Тірек-қимыл жүйесі тақырыбын оқу.

Суреттерді дәптерлеріне салып, тірек-қимыл жүйесімен танысады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
846
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі